Көсемшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың мақсаты: Көсемшеден алған теориялық білімдерін тиянақтау.

ә) Ақыл-ойларын дамыту.

б)Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімді бекіту.

Сабақтың түрі: топтастыру, еркін жазу, болжау.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру. Көсемше дегеніміз не? Оның жасалу жолдары қалай?

255-жаттығу.

Жаңа сабақ: Көсемшенің жасалуы мен түрлері.

Көсемше етістік түбірлеріне, етіс, болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

1.-а ,-е,-й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады.

Дауыссыз дыбысқа біткен сөздеге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жалғанады: жаз-а, сөйле-й, т.б.

2.-ып, -іп, -п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін-ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнағы жалғанады: жаз-ып, қара-п, т.б.

3.-ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады.

Дауысты, үнді, ұяң дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ғалы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаңға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, бер-гелі, кет-келі.

-а,-е,-й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.

Оқулықпен жұмыс

257-жаттығу.

Тұлғалық талдау жасау.

1.Көтеріліп. 2. Кеңесіп, жіберіледі. 3.Болады. 4.Болып еді. 5. Жазылмайды. 6. Іріктеліп. 7.Байлап алып, қосылып жатты.

Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгей. Көсемшенің жұрнақтарын қатыстырып, сөйлем құрастыру.

1-топ –а,- е,-й.

2 -топ –ғалы , -гелі,- қалы,- келі.

3- топ – ып,- іп,- п.

2 -деңгей. Көсемшелерді теріп, жазып жасалғанын айтыңдар.

Ер жеткенде.

Ер жеткенде есейіп,

Ер болмаса немене!

Ерке өсіп, біліммен

Кең болмасқа немене!

Өткір алмас болатқа

Тең болмасқа немене!

Сары алтындай салмақты,

Сірә, саспас сабырлы,

Кең болмасқа немене!

3 -деңгей. Шығармашылық жұмыс.

  1. «Менің мектебім»
  2. «Туған жер- алтын»

  3. «Әсем қала- Астана»

Мақал- мәтелдер.

Бұл тапсырма 3 топқа ортақ беріледі.

Қорытынды.

Көсемше дегеніміз? Оның жұрнақтары? Мысалмен дәлелдеу.

-а, -е, -й жұрнақтарына сөйлем құрау.

Көсемшеге не себепті көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды?

Бағалау.

Үйге тапсырма.

259 –жаттығу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше