Баяндама
Конкабаева Гүлсім Қаратайқызы Ақтөбе
қаласы, №15 орта мектебінде қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.
Еңбек өтілі-25 жыл, жоғары біліктілік санаттағы тәжірибелі маман.Г.Қ.Конкабаеваның жетістіктеріне тоқталатын болсақ, республикалық «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» жинағына «ҚР Білім беру мекемесінің үздік қызметкері» атымен енгізілген және республикалық «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» энциклопедиясының Құрмет тақтасына енгізіліп, «Білім саласына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісіне ие болды.Сонымен қатар ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен, республикалық КҒА-ның, облыстық КҒА-ның ғылыми-практикалық конференциясында ғылыми жоба жұмысына жетекшілігі үшін бірнеше рет Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттармен және облыстық, қалалық білім басқармасынан шығармашылық жетістіктері бойынша бірнеше рет Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттармен марапатталған. Облыс әкімінің шығармашылық жетістіктер конкурс-марафонына қатысып, «Облыстың ең үздік мұғалімі» грант иегері атанған және облыстық педагогикалық оқуларға қатысып, Мақтау қағаздарына ие болған. Облыс көлемінде әдістемелік көмекші оқу-құралдары шыққан және республикалық «Қазақстан орта мектебі», «Шағын мектеп» журналдарында, облыстық газет-журналдарда мақалалары үздіксіз жарияланып отырады. Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық ғылыми-практикалық конференцияларға үздіксіз қатысып, баяндамалары жинаққа енгізілген. Облыс, қала көлемінде іс-тәжірибе тарату мақсатында «Ұстаздық еткен жалықпас…» тақырыбында шығармашылық кеші өткізіліп, мұғалімдер қауымының ризашылығына иеленген. Білім нәрімен сусындатып жатқан шәкірттерінің де жетістіктері де ұшан-теңіз. Атап айтатын болсақ, оқушылары халықаралық пәндік олимпиадада Бас жүлдеге, облыстық, қалалық пәндік олимпиадаларда I, II, III орындарға, Мақтау қағаздарына ие болған. Республикалық КҒА-ның, облыстық КҒА-ның ғылыми-практикалық конференцияларында ғылыми жоба жұмысымен I, II, III орындарға және облыстық, қалалық шығармашылық байқауларда I, II, III орындарға ие болып, республикалық «Қазақстанның үміт артарлары» жинағына шығармашылық жетістіктері бойынша «Алдыңғы қатардағы үздік оқушы» атымен 7 оқушысы енгізілген. Ұстаздар арасында Г.Қ.Конкабаева жан-жақты ізденімпаздық, шығармашылық жұмыс жасайтын білімді, білікті, тәжірибелі ұстаздың еңбегі зор.
