Баяндама
Коммуникативтік оқыту тәсілін ағылшын тілі сабағында тиімді қолдану
Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың кеңеюінің нәтижесінде және халықаралық байланыстың даму жағдайында әр түрлі тілде ақпарат алмасу
кеңінен жолға қойылып отырғандағы мәдениаралық коммуникативтік біліктіліктің дамушы елде маңыздылығын көрсетеді.Ел Презилентінің Жолдауында көрсеткендей оқушыларымыз әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Ана тілін қадірлей отырып ,өзге тілді білуге ұмтылу өскелең ұрпаққа өойып отырған өмірдіңталабы.Шет тілін меңгерту арқылы кез-келген адамға басқа елдің тарихын , тілін, мәдениетін таныстыру үшін мұғалім бұлақ басы болуы керек.Мұғалімнің мақсаты-оқушылардың ақыл-ой,рухани,жалпы адамгершілік қасиеттерін ұлттық,жалпы адамзаттың қазына ,құндылықтар мен мүдделер негізінде үйлесімді қалыптастыру.
Ағышын тілі мұғалімі ретінде менің алға қойып отырған мақсатым-дүние жүзіндегі қарым-қатынас ,экономика ,мәдениет және басқа салада маңызды орынды иеленіп отырған тіл-ағылшын тілін оқушыларға терең, жар-жақты түсіндіріп үйрету.
Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында газет,журналдар,әлем әдебиеті,интернетті ,қосымша материалды кеңінен қолдану керек.Сабақта көрнекіліктер , грамматикалық таблицалар, түрлі деңгейлі тапсырмасы бар карточкалар жинағы , тақырыптық суреттер дұрыс,тиімді қолданылуы қажет.Төменгі класс оқушылары үшін рөлдік ойындар,топ жарысы,білімдік сайыстар өткізу өте тиімді.Тақырыптық суреттер,макеттер,аппликациялар,альбомдар,стенділер,үнтаспа,компътер,интерактивті тақта,мультимедиа класстары,телевизор шет тілін оқытуда мұғалімге көп көмек көрсетеді.
Коммуникативтік технологияның мақсаты;
1.ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру арқылы шет тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету.
2.шет ел мәдениетін меңгерту.
Пассовтың коммуникативтік технологиясының көмегімен оқушыларды шет тілінде қарым-қатынасқа диалогтық,монологтық сөйлеу және тыңдап түсіну,оқу арқылы үйретеміз.
Диалогтық сөйлеу деген белгілі контекстпен ситуация жағдайында сөйлесу .
1жеке репликалардан диалог құру,
2.диалогті толықтыру. 3.тірек сигналдары арқылы диалог құру.
Коммуникативтік әдіс бойынша аудитивтік текстер кеңінен қолданылады.
Өз бетімен оқу ықшамдалған тексті еш көмексіз оқып,дұрыс түсінуді қажет етеді.Өз бетімен оқитын оқушы оқудың әр түрін меңгере алуы керек, олар-таныса оқу, көз жүгірту, толық ақпаратты қабылдай оқу, зерттей оқу.
Әр түрлі тексті оқыту үш түрлі әркетті қажет етеді.олар;оқуға дейінгі-pre-reading actvities, оқу кезіндегі-while reading activities, және оқудан кейінгі-post reading activites,
Коммуникативтік әдіс шет тілі мұғалімдерінің кәсіби -коммуникативтік рөлдер репертуарын меңгеруін талап етеді.Сондықтан ең бастысы ағылшын тілінде коммуникатитік тәсілді қолдану оқушылардың тілін дамытуда , олардың ағылшын елі туралы дүниетанымын кеңейтуде және сол елдіңтіліне деген сүиіспеншілігін арттыруда септігін тигізетін бірден-бір әдіс деп айтуға болады. Коммуникативтік технология бойынша оқу барысында оқушыларға нені үйрету ,сөздік қор мөлшерінің қандай болуы , қандай грамматикалық жүйелер қолданысқа түсуі керек деген жайттар төңіргінде біршама еңбектер жүргізілді.Әдістемеші ғлымдардың ; Белгілі бір тілді өзге ұлт өкілдеріне үиретуде тілдің құрылымдық жүйесін меңгерудің қажеті бар ма , жоқ па ? деген мәселе төңірегінде таллас-пікірлер әлі де бір жүйеге келген жоқ. Дегенмен ,тіл – құрылымдық жұйе, ал сөйлеу – оның сыртқы бейнесі.Белгілі бір тілді меңгеру – сол тілдің құрылымдық жүйесін меңгеру болып табылады.Тілдің грамматикалық құрылымын меңгермеінше , сөздердің бір-бірімен байланыстеру , жүйелі ой қозғау мүмкін емес.Тіл мен сөйлеудің арақатынасын айқындауға ғалымдар ертеден көңіл бөлген.
Алдыңғы қатарлы ағартушы ғалымдар Н ФБунков,Я С Гогебашвили, Ы Алтынсарин және басқалары тілді үйретуде грамматикалық жүйе мен практикалық жағын байланыстыра қараған.Академик АВТекучевтің сөзімен айтқанда грамматикалық ойдың дамуы мен логикалық ойдың дамуы тығыз байланысты.Академик ЛИ Щерба тұжырым жасағандай ,грамматика тіл фактілерін түсіндіруде үлкен роль атқарады,атап айтқанда өзге елдің грамматикалық жүйесін меңгеруде ана тілінен алған білімдері тағы да қайталанып ,бекітіледі.Белгілі қазақ ғалымы ҚЖарықпаевтың тұжырымы бойынша грамматиканы меңгеру – біздің ауызша және жазбаша сөйлесуімізді дамытуымыздың құралы болып табылады.Оның заңдарын білу арқылы бала өзінің ауызша және жазбаша сөйлеуін белгілі бір мақсатқа сай ұйымдастырып , жоспарлап , жүйелі етіп алатын қабілетке ие болады.
Грамматика сөз, сөз тіркесі,сөйлем дәрежесі ретінде қабылданады,яғни оның коммуникативтік мәні ескеріледі.Орыстың белгілі ғалымы АВМартов ; Грамматиканы үйрету теқ қана практикалық мақсатқа ғана сай жүргізуі керек,грамматикалық талдау,грамматикалық жаттығулар саналы түрде тілдік конструкцияларды меңгеруге бағытталуы керек,-дейді.Қай тілдің болмасын оның құрылымдық ерекшелігі тілдік дәйектелердің қолдану аясы нақты сөйлеу тілінде ғана көрініс табады.Ұйретілген тілдік материал белгілі ситуацияда қолданысқа түссе ғана грамматикалық форманың функционалдығы жандана түседі.Сондықтан,өз сабағымда тілді үйрету кезінде ситуациялық қарым-қатынасты жүзеге асыру арқылы ситуациялық приципке назар аударамын.
Текспен жұмыс істегенде ,сөздікпен жұмыс жүгізгенде ,қажетті сөз формаларын, конструкцияларды оқушылардың сөйлеу белсенділігін арттыруға қажеттіграмматикалық материалды алып отырамын.
Мысалы,My toys тақырыбында өздері жақсы көретін ойыншықтар туралы айта отырып зат есіммен таныстырамын.зат есімнің тәуелді,жіктеу есімдігімен, жай сөйлем құрылымын меңгертемін.
Мысалы, A plane,a train, a car,a cat. It’s a plane. It’s a train. It’s a car. It’s a cat .
This is my car. This is my toy.
Is it a plane ? Yes, it is.
Is it a train ? Yes, it is.
Is it a cat ? Yes, it is.
Ағылшын тілін оқытуда белгілі бір тақырыпта сөйлеуге мәжбүр ететін қызықты,танымдық,оқушылардың өміріне жақын жағдай енгіземін.Белгілі бір тақырыпта сөйлеуге керекті сөйз және сөйлемдерді нақтылап,грамматикалық құрылымға сай етіп , өзара бірлікте меғгертуге үйретемін.Көрсетіген тақырып бойынша сөйлеуге оқушы нақты жүйе арқылы грамматикалық формаларды байланыстыра отырып ,сөйлем және сөз тіркесін құрастыра бастайды.Оқушы ойында ішкі лексика-грамматикалық жұйе қалыптасады.Ол ең кіші сөйлеу бірлігі сөйлем арқылы сыртқа шығады.Үретілуге тиісті тілдің әр түрлі құрылымдық кезеңдерінің сөйлемде
көрініс табуы грамматиканы синтаксистік негізде оқыту приципіне жүгінуді
көздейді.
Тілді үйретуге соңғы кезеңде – бүкіл әріптердің дағдыға айналуы.Сөйлеу әрекетерінің дағдыға айналуы.Сөйлеу әрекеті -осы дағдылардың жиынтығы,оқушы ойында берік қалыптасқанда ғана жұзеге асады.
Тілдік материалды сөйлеу барысында саналы түрде қолдану, оның дағдыға айналуы жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жаттығу жұмыстарымен байланысты.Кез келген үйретілуге тиісті грамматикалық құбылыс оқушылардың сөйлеу тіліне енгізіледі,тект, жаттығу жұмыстарында,диалог қолдану арқылы жалпыланып , қорытындыланады.Е:И Пассов шартты түрдегі сөйлеу жаттығуларын төрт түрге бөледі, олар,елңктеу,тасымалдау,қайталау, коммуникативті.
Еліктеу арқылы сөйлеу жаттығуларын жүргізуде мұғалімнің айтқан сөйлеу үлгісінен оқушы қажетті тілдік форманы,жаңа сөзді үйренеді,сол қалпында қайталайды.
Мақұлдап сөйлеу үлгісі;
Is it a Ted ? Yes, it is.
Is Asem a better pupil ? Yes6 it is.
Ал келесі жаттығу орындау барысында сөздерді ауыстырып қолдану арқылы сөздік қор , грамматикалық формаларды қолдануға үйретеді. Мысалы, қарсы пікір айтыңдар,
Your house is small, isn’t it ?
No, it isn’t . It is big,
Do you go to the cinema ?
No, I don’t.
Етістіктің осы шағын меңгерту мақсатында мынадай сұрақ-жауап құрылымын жүргізеьін.
Bolat,what are you doing ?
I’m writing the exercise 4.
I’m explaining the lesson.
And you Mike ?
I ‘m reading the text .
Грамматикалықматериалды оқытып үйретуде,
- Оның сөйлеу тілінде қаншалықты қажеттігі, мәні,іскерлігі, яғни функционалды принципке үйлестіріледі.
2.Грамматикалық құрылымды тілдік ситуациямен ұштастыру.
3.Грамматикалық материалды оқушының ана тіліндегі материалмен ұштастыру, бұл принцип оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылы-
ғын арттырады және сөйлеуін жеңілдетеді.Оқыту кезінде оқушының жетістіг-
ін айтып , оны мақтап отыру керек.
Коммуникативті технологияның ерекшелігі оқушыны бірден әлеуметтік жағдайлар арқылы сөйлеуге ұйретуге,мүмкіншілік береді.
Педагогикалық технологиялар -оқытудың мақсатына жетудің тиімді,нақты жолдарын көрсетеді.Кез -келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқынды-
лығы мен белсенделігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне , дамуына бағы-тталады.
