Сөйлем

Қарсақбаева Айтолқын

Бастауыш сынып мұғалімі

С. Датұлы атындағы № 26 орта мектеп

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділігі: Оқушылар сөйлем,сөйлем түрлерімен танысады. Сөйлемді тыныс белгілеріне қарай ажырата алуға үйретеді.

2) Дамытушылығы: Сөйлемді жүйелі құруға,өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру,ойлау жүйесін дамыту.

3) Тәрбиелігі: Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге,өз беттерімен сөйлем құра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа оқу-материалдарын оқып-үйрену сабағы.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау,әңгімелеу,түсіндіру,тірек сызба, деңгейлік тапсырма.

Көрнекілік: Суреттер, галерияға саяхат, сергіту сәті, ереже, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әбебиеттік оқу.

Сабақтың жүру барысы:

І. Жылу шеңбері:

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

  • Үйге: Шығарма жазу «Менің анам» әр топтан 1 оқушыдан оқыту.

ІІІ. Топқа бөлу:

1 топ: 2 топ: 3 топ:

Руслан топ басшысы Жайдарман Дильназ

ІY. Жаңа сабақ:

  • Берілген сөздердің бірінші әріпен атап тор көзге жазу.
Сиыр Өзен Йод Лақ Ешкі Мысық
С Ө Й Л Е М

Y. Мағынаны тану:

Сөйлем

Хабарлы сөйлем Лепті сөйлем

(.)нүкте Сұраулы сөйлем (І) леп белгісі

(?) сұрау белгісі

YІ. Оқулықпен жұмыс:

1- жаттығу. Сөздер мен сөйлемдерді оқы. Сөздер мен сөйлемдерді салыстыр. Олардың қандай айырмашылығы бар. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұр.

Сөздер: Кітап, дала, суытты,көркем,жаңбыр жауып тұр. Көк бие құлындадаы.

3 топқа 1 сөйлемнен жаздыру.

І топ: кітапты күтіп ұста.

ІІ топ: Далала суық жаңбыр жауып тұр.

ІІІ топ: Көк бие құлындады.

YІІ. Толықтыру сынамасы:

2- жаттығу. Қайрат сабақтан келгенде,үйден жазылған қағаз тауып алды. Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат не жазылғанын түсіне алмады. Айжанның не жазғанын оқып көр.

МЕНДОСЫМНЫҢ ҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНКЕЙІНКЕЛЕМІН

Айжанның жазуын оқу неге қиын болды? Ол сөйлем жазудың қандай ережелерін білмейді?

Сөйлем

Сөйлем аяқталған ойды білдіреді

Сөйлем сөздерден құралады

Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады

Сөйлемнің бірінші сөзі әріппен басталып жазылады

Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады

YІІІ. Сергіту сәті:

Алақай-ау,алақай!

Қар жауып тұр балақай!

Қарды қолға аламыз

Аққала соғып, шаттанып үйге қайтамыз.

ІХ. Шығармашылық жұмыс:

І топ:Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.

  1. Далада, жауып, тұр, қар.
  2. Балалар, жасады, қардан,аққала.

ІІ топ: Сұраққа – жауап.

  1. Қазақстан Республикасының президенті кім?
  • Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
  1. Қазақстанның Тәуелсіздік күні қашан?
  • 1991 жылы 16 желтоқсан
  1. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
  • Астана

ІІІ топ: Сөйлемдерге қандай тыныс белгісі қойылады?

  1. Алақай Ауылдан әжем келді
  • Жасасын, Қазақстан елі

  • 3-жаттығу: Өлеңді түсініп оқы (ауызша)

    «Сүйікті» пән

    Сен қай пәнді жақсы көресің?

    Сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?

    Х. «Сөз-моншақ» құрастыру:

    5-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Әр сөйлем қандай ойды білдерді?

    І топ: Аяғын, басады, әрең,құлыншақ.

    ІІ топ: Адамға,пайда,құстар, келтіреді,көп.

    ІІІ топ: Үйлер,көрінді,биік,адыстан.

    ХІ. Жатқа жазу: «Астана» өлеңі.

    Ардақтаймын Астанам

    Мәртебелі бас қалам

    Көркейе бер күн сайын

    Алға қарай бас қадам!

    ХІІ. Суретпен жұмыс:

    І топ ІІ топ ІІІ топ

    Көңілді қыс Кітап Қоян

    (әңгімелеу мәтіні) (пайымдау мәтіні) (сипаттау мәтіні)

    Кітап туралы қандай мақал білесіңдер?

    ХІІІ. Галерияға саяхат: Қорытынды.

    Тыныс белгісі (.)қойылады

    Аяқталған ойды білдіреді

    Сөйлем Моншақ (сөз)

    Арасындағы сөздер бөлек жазылады

    Шаттық (қуаныш, күлкі)

    Астана – бас қала

    Т А М А Ш А !

    ХІY. Үйге: 4 – жаттығу, 94- бет

    ХY. Бағалау: Смайлики бағалап, қорытындылау.

    Жақсы (көңілді) Орташа (көңілсіз)

    Өтті сабақ Өтті сабақ

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше