Санды 2-ге көбейту және бөлу.

Қарсақбаева Айтолқын

Бастауыш сынып мұғалімі

С. Датұлы атындағы № 26 орта мектеп

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Санды 2-ге көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділігі: Санды 2-ге көбейту және бөлудегі білімдерін пысықтауға,көбейту кестесін жатқа білудегі білім деңгейлерін тексеру, алған біліктіліктерін тиянақтау.

2) Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл-ойын,ой-өрісін дамыту. Тапқырлыққа,ізденімпаздылыққа,алғырлыққа,ұқыптылыққа баулу. Пәнге қызығушылығын,белсенділігін арттыруда шапшаңдыққа дамыту.

3) Тәрбиелігі: «Салауаттылық -өмір салты» бағытының мағынасын ашу. СПИД-ке нашақорлыққа,темекі мен алкоголга қарсы іс-шаралардың бір саласы спорт өнеріне оқушыларды үндеу. Дені сау,тәні таза,ақыл-есі дұрыс ХХІ ғасыр азаматтарын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтыңәдісі: Түсіндіру,ойландыру,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дене шынықтыру.

Көрнекіліктер: Спорт ойындары(аққала соғу, шагамен сырғанау, шаңғы тебу,коньки тебу,хоккей, мәнерлеп сырғанау) суреттері,мақал-мәтелдер,жұмбақтар.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

ІІІ. Кіріспе әңгіме:

  • Оқушылар,біз 1-2 сыныптарда: «Асыл мұра» бағдарламасының «Ұлттық ойындар» бағыты бойынша жұмыстар жүргіздік. Онда біздер бірнеше ұлттық ойын түрлерімен таныстық.
  • Кім атап жібереді?

«Ақсүйек», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Асық ойыны»т.б

  • Бұл ойындар жылдыңқай мезгілінде ойналады.
  • Ал, балалар осы қоңыр күзден кейін қылышын сүйретіп қаһарлы қыс мезгілі келеді.

  • Осы қыс мезгілінде қандай ойын түрлері ойналады?

  • «Шанамен сырғанау», «Шаңғы тебу», «Хоккей», «Коньки тебу», «Мәнерлеп сырғанау» т.б

  • Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды осы қысқы ойын түрлерімен жақынырақ танысып, ойындарды ойнаймыз.

  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтыңүндеуі:

  • «Қазақстан-2030» стратегиясының бір тармағы «Салауаттылық-өмір салты» бағытында жас жеткеншектерді ХХІ ғасыр індеті СПИД, нашақорлық,темекі мен алкогольден сақтандыруға,спортпен шынығуға яғни денсаулықты қорғау,оның алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған.

    • Сондықтан да дені сау,тәні таза ,ақыл-есі дұрыс азамат пен азаматшалар болып өсу үшін спорттпен шұғылдану керек екен.
  • Енді әр спорт түрімен жақынырақ танысып, білуүшін берілген тапсырмаларды орындаймыз, әрі сол суреттердің артынан мақал-мәтелдер,жұмбақөлеңдер оқып отырамын.

  • ІY. Жаңа сабақ

    • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

    Санды 2-ге көбейту және бөлу.

    2 . 2 = 2+2 2 .2 = 4 4 : 2 =2

    3 . 2 = 3+3 3 . 2 = 6 6 : 2 = 3

    1. 2 = 4 +4 4 . 2 = 8 8 : 2 =4

    5 .2 = 5+5 5 . 2 =10 10 : 2 =5

    -Суреттермен жұмыс:

    1-тапсырма: «Аққала соғу» 2-мысал

    І денесі ІІ )денесі ІІІ денесі

    а) Шарты: әШарты: б) шарты:

    дәптер- 5 тг 1 дәптер – ? тг дәптер – 5 тг

    2 дәптер – ? тг 2 дәптер – 10 тг дәптер с аны – 10 тг

    Шешуі: 5 . 2 =10 Шешуі: 10 : 2 =5 Шешуі: 10 : 5 = 2

    Ж: 10 тг Ж: 5 тг Ж: 2 дәптер

    ІY. шелегі Y. мұрны,көзі Y.қолдары

    а) Шарты: ә) Шарты: б) шарты:

    қызғалдақ – 5 Қ – ?2 есе көпҚ – 5 2 есе көп

    сарғалдақ – ? 2 есе көп С – 10 С – 10

    шешуі: 5 .2 =10 Шешуі: 10 : 2 = 5 Шешуі: 10 : 5 =2

    Ж: 10 сарғалдақ Ж: 5 қызғалдақ Ж: 2 есе көп

    Өлең оқу:

    Қатар-қатар тізімді үй,

    Алақай,айқай, күлкі ылғи

    Күлді бірге аққала

    Ерінбесең, бар, қара!

    Ойнап жүріп көп бала,

    Салып қойды аққала.

    Мақал: «Спорт-жігер, спорт бірлік»

    2-тапсырма. «Шанамен сырғанау» 3-мысал

    А) І ІІ ІІІ ІY

    2.2 = 4 3.2 = 6 4.2 =8 5.2 = 10

    20.2 = 40 30.2= 60 40.2 = 80 50 . 2 = 100

    200.2 =400 300.2 = 600 400 .2 = 800 500 . 2 = 1000

    Ә) Y YІ YІІ Y ІІІ

    2 . 3 = 6 2 . 4 = 8 2 . 2 = 4 2 . 5 = 10

    2 . 30 = 60 2 . 40 = 80 2 . 20 = 40 2 . 50 = 100

    2 . 300 = 600 2 . 400 = 800 2 . 200 = 400 2 . 500 = 1000

    Өлең оқу

    Аппақ, аппақ,дала,

    Аппақ,ауыл,қала

    Жапалақтап ақша қар

    Жау берсін, жауа

    Көңіліміз қаласа,

    Сыртқа шығып таласа.

    Шана теуіп ойнаймыз

    Қыстың күні тамаша.

    Мақал: «Шынықсаң-шымыр болсасың»

    3 – тапсырма «Шаңғы тебу» 4-мысал

    1. І ІІ ІІІ ІY

    6 : 2 = 3 8 : 2 = 4 4 : 2 = 2 10 : 2 = 5

    60 : 2 = 30 80 : 2 = 40 40 : 2= 20 100 : 2 = 50

    600 : 2 = 300 800 : 2 =400 400 : 2 = 200 1000 : 2 = 500

    6 : 3 = 2 8 : 4 = 2 40 : 4 = 10 10 : 5 = 2

    Өлең оқу

    Зулайды,зырқырап

    Маңдайдан тер бұрқырап

    Шаңғым асар шаршамай

    Бір қыраттан бір қырат.

    Мақал:

    «Дене қимылы – дәрісіз ем,

    Шыныға жүріп дертті жең»

    4 – тапсырма: «Коньки тебу» 6-мысал

    10-ға дейінгі сандардың ішінен

    А) 2-ге бөлінетін сандарды ата

    Ә) 2-ге бөлінбейтін сандарды ата

    Өлең оқу:

    Тағып алып коньки біз

    Кешке мұзда қалқимыз

    Қызған сайын денеміз

    Қиғаш-қиғаш тебеміз.

    Мақал: «Ішпеген,шылым шекпеген,

    Жасайды жылдар көптеген»

    5-тапсырма: «Хоккей» ойыны 7-мысал (Өз беттерімен жұмыс)

    • 1, 2, 3, 4, 5 ,8, 12, 15 сандарын пайдаланып, көбейту және бөлу амалдарымен байланысты тура теңдіктер құрастыр.

    1 . 2 = 3 12 : 4 = 3

    3 . 4 = 12 15 : 5 = 3

    5 . 4 = 20 8 : 4 = 1

    8 . 5 = 40 2 : 2 = 1

    Өлең оқу:

    Хоккей, хоккей

    Мұз айдынның

    Қызығығой қыстай бір

    Құлап барып жатып та,

    Таяғыңды ұстай біл!

    Алыстан да соқмейлі

    Басылмайды мұз үстінде ерегес

    Хоккей, хоккей

    Қорқақтардыңқолы емес!

    Жұмбақ: Түтіні кермек,

    Жалқауға ермек. (Темекі)

    6-тапсырма: Логикалық ойлау есептері

    «Мұз айдынында мәнерлеп сырғанау»

    І топ ІІ топ ІІІ топ
    Зинат 5 қабатта, ал Ғайни сол үйде, Зинаттан екі есе биік қабатта тұрады. Ғайни қай қабатта тұрады. Сәуле 16 үйрек балапанын және одан 2 есе аз қаз балапанын өсірді. Сәуле неше қаз балапанын өсірді? Әжейәрқайсысына 2 кг 3 дорба ұн сатып алды. Ол барлығы неше кг ұн сатып алды?

    Өлең оқу:

    Сырғанайды екеуі,

    Мұз айдынға кеп бірге

    Желді қуып жетеді,

    Екпін қосып екпінге

    Жұлдызы боп бар елдің,

    Тұрар биік әманда

    Чемпионы әлемнің

    Болар күніәлі алда.

    Ақыл сөз: ХХІ ғасыр індеті –СПИД –ке жол жоқ!

    Y. Қорытынды:

    • Балалар , біз есепте ойлау қабілетіміз ұшқыр, шапшаң , епті, білімді екенімізді ойын барысында көрдік. Мақалдарды түсіне отырып, денеміз сау,шымыр болып өсу үшін немен шұғылдануымыз керек?
  • Спортпен.

  • БҮҮ кестесі

    Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді
    2 –нің көбейту,бөлу кестесі Спорт түрлері, есеп құрастыру ауызша есептеу, дәлелдеу. Қалдықпен бөлу

    (артылып қалау)

    YІ. Үйге тапсырма: 5 – мысал

    YІІ. Бағалау: «Медальмен» бағалау: 5 , 4, 3

    Оқушылар хормен: – Ел намысын қорғап , тәуелсіздік туын биіктерден желбіретеміз!

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше