М.Әуезов «Жетім»
Қарсақбаева Айтолқын
Бастауыш сынып мұғалімі
С. Датұлы атындағы № 26 орта мектеп
Атырау қаласы
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Жетім»
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Оқушыларға М.Әуезовтың өмірі мен еңбектері туралы түсінік беріп, «Жетім» әңгімесінің мазмұнын түсіндіруле бұрынғы қазақ елінің ауыр өмір жағдайын әңгімелей отырып, сол кезеңді бүгінгі өмірімен салыстыра суреттеуге сахналық көрініс қоя отырып әңгіменің мағынасын ашуда тіл байлықтарын арттыру.
2)Дамытушылығы: Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, көркем шығармадағы негізгі ойды ажырата білуде ой-өрісін, ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын, сөйлеу тілін, көркем шығарманы оқуға қызығушылығын дамыту.
3)Тәрбиелігі: Оқушыларды қайырымдылыққа, жетім балаларды қамқорлауға, аманатқа қиянат жасамауға, бір-біріне мейірімді болуларына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиялық стратегиясы
Көрнекілігі: Венн диаграмма, диафильм құрастыру, жылулық шеңбері, сахналық көрініс, мақал-мәтелдер, сөздіктер, эссе
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың жүру барысы.
I Ұйымдастыру бөлімі:
II. Жылулық шеңбері:
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Біз бақытты баламыз
Бір болып, бірге қайтамыз
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз
III Үй жұмысын сұрау:
-Амангелді батыр мәтінін бөлімдерге бөліп әңгімелеу.
I бөлім: Атасына еліктеуі.
II бөлім: Жігерлі, өткір, еңбекқорлық, т.с.с. қасиеттерді өз бойында дамытуы.
III бөлім Орыс патшасының халыққа жасаған зорлық зомбылығы.
IV. Жаңа сабақ:
- Магнитафоннан «Бозторғай» өлеңін тыңдатып, өлеңде не туралы айтылғандығын айту.
-
«Жетім» әңгімесімен таныстыру.
Авторы: М.Әуезов
Туған жылы: (1897-1961)
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданында туған.
Дарындылығы: Қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеушісі, дрматургі және көрнекті қоғам қайраткері.
Шығармашылығы: «Абай жолы» роман –эпопеясының авторы және балаларға арналған «Көксерек», «Жетім» т.б шығармалары бар.
-Көрмедегі кітаптарымен таныстыру.
V. Оқулықпен жұмыс:
-Әңгімені бөлімдерге бөліп оқу:
I бөлім: Жалғыз жаяу
II бөлім: Қасымның қаралы күйге түсуі
III бөлім: Қасымның ағайыны Исаның қолына баруы.
IV бөлім: Қасымның тауға жөнелуі
V бөлім: Тау ішіндегі қорқыныш
VI. Оқушылармен жұмыс:
- Үш салт атты және жалғыз жаяу бала келе жатқан кездегі табиғат көрінісі қандай?
- Табиғат балаға қалай көрінді?
- Қасым жеті түнде неліктен жалғыз жаяу келе жатыр?
- Қасымның тағдыры неліктен қиын болды?
- Әңгімеде неліктен «Жетім» деп аталған?
VII Сергіту сәті:
- Бүгінгі бізде ерекше,
Сабақ болып жатырғой
Тәртіп, оқу деңгейін
Ұстаздар көріп отырғой.
Аспанға қарап ел көрдік
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға, бұрылып,
Егеменді ел болдық!
VIII Дәптермен жұмыс:
- Сөздік жұмыс:
Қиянат -әділетсіздік, зорлық, өктемдік
Қаға беріс-шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.
IX Жеке оқушылармен жұмыс:
- Мәтіннен Қасымның жетімдік қорлығын тартқан тұсын тауып оқу.
- Мәтіннен «Табиғат балаға қатал, суық көрінеді» деген жолдарындағы тіркестерді тауып оқу.
X Диафильм құрастыру:
- Қасымның әжесінен айырылып қалуы
- Қасымның ағайыны Исадан қорлық көруі
- Қасымның қараңғы орманға баруы.
- Қасымның өлімі.
XI Топтық жұмыс:
I –топ: Адамгершілік, қайырымдылық туралы мақал-мәтелдер айту.
II-топ: Топтастыру
|
