Дақылдар әні. Ә. Табылдиев

Қарсақбаева Айтолқын

Бастауыш сынып мұғалімі

С. Датұлы атындағы № 26 орта мектеп

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Дақылдар әні. Ә. Табылдиев

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушыларға дақылдардың түрлерімен оның пайдасы туралы айтуда білімдерін арттыру.

2) Өз беттерімен түсініктерін жеткізуде тіл байлықтарын дамыту.

3) Түсініп оқуға, мәнерлеп оқуға, шапшаң оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау.

Сабақтың түрі: Топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Дақылдар суреті, ребус, болжау әдісі, мақал-мәтелдер, диафильм.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. Үй жұмысын сұрау:

  • Ақылды көмекші мәтінін сұрау.

ІІІ. Негізгі бөлімі: а) «Болжау» әдісі:

Сабағыңды жөндеп,

Әзірленсең – еңбек

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек – дегендей біз қазір қандай бөлімді оқып жатырмыз ? Осы бөлімде қандай мәтін, өлеңдер, мысалдарды өттік ?

Енді, тірі табиғат дегеніміз не ?

Енді, сонымен біз бүгін 3 топқа бөлініп топтық жұмыс жасаймыз.

І-топ: «Адамдар»

ІІ-топ: «Жануарлар»

ІІІ-топ: «Өсімдіктер»

Сонымен бірге өсімдіктер неше түрге бөлінеді ?

Ағаш, бұта, өсімдік (шөп)

Сол өсімдікке дақылдар, жемістер, бақша өсімдіктері де жатады.

ІV. Жаңа сабақ:

Ә. Табылдиев 1926 жылы қазіргі Жамбыл обылысы, Луговой ауданында туған. Бұл кісі 24 жылдай мұғалім болған. Ол қазіргі кезде сатиралық әңгімелері мен өлең-пьесаларының жинақтары жарық көрді. Оның «Бірінші май» (1941), «Көңілді балалар», «Күлкінің кесірі», «Күздің кереметі», «Жылдардың біл қасиетін», «Наурыз тойы», «Алғыс» атты шығармалары мен өлеңдері бар.

Дақылдар әнін мәнерлеп оқып, түсіндіру. Бидайдың екі түрі болады.

а) Күздік және жаздық түрі болады.

Бидай – Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Тараз қалаларында өседі.

Арпа – Қазақстанның Солтүстігінде және Шығысында өседі.

Тары – Батыс Қазақстанда Ақтөбе қаласында өседі.

Сұлы – Солтүстік Қазақстанда және Оңтүстік құрғақ климаты қажет етеді. Суы мол жақсы жерде өседі.

Күріш – Іле, Шу, Сырдария өзенінің бойында өседі.

V. Оқулықпен жұмыс:

ә) Мақсатты оқу әдісі:

  1. Ең қадірлі тағам түрі туралы қай шумақта айтылған ?

Бидай өлең жолын мәнерлеп оқыту.

  1. Елдің ырыс – құтын арттыратын өлең жолдары қай шумақта айтылған ?

Арпа туралы мәнерлеп оқыту.

  1. Қандай сұраққа жауап беретін түс туралы айтылған шумақты кім оқып береді ?
  1. Әсіресе жылқы малы жақсы көретін дақыл туралы қай шумақта айтылған?

Сұлы туралы өлеңді мәнерлеп оқыту.

  1. Осы дақылдардың ішінде суды өте керек ететін дақыл туралы қай шумақта айтылған ?

Күріш туралы мәнерлеп оқыту.

VІ. Оқушылармен жұмыс:

Ақын әр дақылдың қасиетін қалай сипаттайды ?

Сенің ауылыңда осы дақылдардың қайсысы көбірек өседі ?

Оларды күтіп өсіруге сенің қолғабысың қандай ?

«Ребус шештіру»:

«Нан анасы – бидай» сөзін шешу.

VІІ. Сөздікпен жұмыс:

  • Қарымы – өтеуі, ақысы атты сөздің мағынасын түсіндіру. Мыс: Дүкенге

барғанда әр нәрсенің өз ақысын төлеп бағасын, алымды өтеуді айтады.

VІІІ. Дәптермен жұмыс:

Мақалды жаздыру: Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

ІХ. Сергіту сәті:

Жайқалған биік бидаймын,

Халқыма азық сыйлаймын.

Сіңірген еңбек мен үшін

Алады алғыс біз үшін.

Х. Тірек сызықтарымен жұмыс:

І-топ: Адамдар

Көреді сөйлейді естиді тамақтанады

ІІ-топ: Жануарлар

Жүгіреді көбейеді қоректенеді естиді

ІІІ-топ: Өсімдіктер

Өседі көбейеді қоректенеді ауамен демалады

ХІ. Өз беттерімен жұмыс:

б) «Ойыңды түй» әдісі:

І-топ: «Адамдар» тобы:

  • Ә. Дүйсенбиевтің «Не деу керек ?» атты өлеңіне өз орындарына қойып құрастыру.

ІІ-топ: «Жануарлар» тобы:

Мақал – мәтелдерді жалғастыру: Төрт аяқты бота … (тату)

Сиырдың сүті … (тілінде)

ІІІ-топ: «Өсімдіктер» тобы:

Табиғат өсімдіктердің бейнелету. (сурет салдыру)

ХІІ. «Венн диаграмма» құрастыру:

Өсімдіктер Жануарлар

Өседі, қоректенеді, тірі табиғат, қоректенеді, көбейеді,

гүл береді, ауамен көбейеді, бір-бірімен ауамен демалады,

демалады, көбейеді. өмір сүре алмайды көреді, естиді.

ХІІІ. Қорытынды:

«Бес жол» өлеңі:

Дақыл

Қатты, өнімді

Өседі, піседі, қоректенеді.

Дақыл – адамға пайдалы өсімдік.

Дән.

ХІV. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.

ХV. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше