Ауаның құрамы.
Карманова Тілектес Екпиновна
Бастауыш сынып мұғалімі
Ақкөл орта мектебі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосы
Сабақ тақырыбы: Ауаның құрамы.
Сабақтың мақсаты:
-білімдік:Оқушыларға ауаның құрамы туралы түсінік беру,білімін молайту
-дамытушылығы:Өз пікірін айта білуге,есте сақтау қабілетін дамыту
-тәрбиелік:Экологиялық тәрбие беру,қоршаған ортаны қорғау,таза сақтау, отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу
Көрнекілігі:Ауа құрамы туралы кесте,карта,май шам,банка,мультимедия
Әдісі:Мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап,кестемен жұмыс,топтастыру,тәжірибе
Пәнаралық байланыс: ана тілі,қазақ тілі
Сабақтың барысы:
I.Психологиялық дайындық:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа біз баламыз.
Анамыз құшақ жайғанда,
Біз де қамқор боламыз.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Сен – маған,мен – саған (сұрақ – жауап стр-сы)
1- топ:Табиғатта су айналымы қалай жүзеге асады?
2-топ: Табиғаттың судың ластануы туралы не айтасың?
3-топ: Ауыз суы қай жерден алынады?
Қорыту:Адам суды өз қажеті үшін пайдаланып келеді.Суды артық мөлшерде жұмсау нәтижесінде өзен сулары азайып,көлдер көлемі азайып кетті.Су-тапшылығы сезіле бастады.
III.Жаңа тақырыппе жұмыс:
-Осы су айналымы кайда жүрдетін еді?(ауа арқылы)
-Ауа дегенде не елестейді?(оқушылар өз ойын айтады)
-Ауа туралы мәлімет:
-Ауаның құрамы туралы мәлімет:
Ауаның құрамын топтастыру жұмысы:
Жаңа сабақ барысында оқушылар INSERT парақшасын толтырып отырады:
| V | + | – | ? |
-Тәжірибе өткізу :
Үш шамды жағып,үстел үстіне қоямыз.Біреуін стаканмен,екіншісін үлкен банкамен,ал үшіншісін ашық қалдырамыз.Тәжірибе барысында әуелі стакан жабылған шам,екінші банка жабылған шам сөнеді.Ашық тұрған стакан жанып тұра береді.Тәжірибе туралы оқушылар қорытынды жасап,өз пікірін айтады.
-Шығармашылық тапсырма:Ауаның ластануы туралы мәлімет жасау(топтастыру стратегиясы):
Оқушылар ауаның ластануы туралы жаңа ақпаратпен алып,ой түйеді.
IV.Бағалау: топтық бағалау
V.Үйге тапсырма:Ауаның ластануының алдын алу жолдары туралы мәлімет жинастыру.Мәтінді түсініп оқу.
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан.С.Торайғыров.
Сабақтың мақсаты:
-білімдік:Мәтінді мәнерлеп оқу,мазмұнын түсінуге жетелеу,автор туралы білім беру,сөздік жұмысын жүргізу,мәтінмен жұмыс істеу
дамытушылық:Ойлау қабілетін арттыру,сөздік қорын байыту,өз ойларын жеткізе білуге төселдіру,мәтінді талдай білуге,негізгі ойды таба білуге,қорытынды жасау дағдыларын дамыту
тәрбиелік:Оқушыларды жан-жануарларға,үлкенге,кішіге қамқор,мейірімді болуға,біреуге қол ұшын беруге дайын болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі:Автордың портреті,арыстан,тышқан суреттері,мультимедия
Әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,суреттеу,талдау,топтастыру,сөздік жұмыс
Пәнаралық байланыс:дүниетану,қазақ тілі
Сабақтың барысы:
I.Психологиялық дайындық:
Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағатым
Әрбір сабақ? Үйрену,ұғу,талдау
Әрбір сөзің? Шындық,бірлік,адалдық
Әрбір ісің? Тірлік,тірек,адамдық
II.Жаңа тақырып бойынша жұмыс:
1-кезеңде:Құрастыру жұмысы:
1-топ 2-топ
Қорытындылауда арыстан мен тышқан туралы жаңа ақпарат беріледі:
2-кезеңде:Автор туралы мәлімет беріліп,оқушылар топтастырады:
Нәтижесінде берілген ақпарат өңделіп,сараланады.Оқушылар өздеріне қажетті мәліметтерді алады.
3-кезеңде сөздік жұмысы жүріп,сөздердің мағынасы туралы ақпарат берілді:
-сейіл құру-қыдыру,бой жазу
-зиян-залал,зақым
-азат-еркін,өз еркі өзінде
Сонымен бірге сұрақ-жауап стратегиясы арқылы мысал қорытылып,түйін жасалады:
1.Мысалдың өзінен қандай сабақ алдың?
2.Бүгінгі сабақтан не білдің?
3.Не білгіміз келеді?
-Тығырыққа тірелер туғанда
Арыстан да көмек сұрар тышқаннан.
Сөйтіп оқушылар мысалдың тәрбиелік жобасын жасақтайды:
-жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды
-көмек беру-сауапты іс
-жақсылық жасау керек
-жамандыққа жақсылық жасау-ерлік
-көмек бере білу керек
IV.Үйге тапсырма:мәнерлеп оқу,рөлге бөліп оқу
V.Бағалау:өзін-өзі бағалау
Сабақтың тақырыбы: Қазына көтерген бала.
Сабақтың мақсаты:
-білімдік:Қ.Сәтпаев өмірбаяны,қазба байлық туралы білім беру
-дамытушылық:сөздік қорын,ойлауын,есте сақтауын,өзіндік көзқарасын дамыту
-тәрбиелік:отаншылдыққа,еңбекке,білімге тәрбиелеу
Көрнекілігі:Қ.Сәтпаев суреті,қазба байлықтар суреті
Әдісі:түсініп оқу,сұрақ-жауап,талдау-жинақтау,ой қозғау,топтастыру
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:Психологиялық дайындық:
Егер саған ұнаса – түк-түк
Егер саған ұнаса – есік аш
Егер саған ұнаса – біздерге де бір қара
Егер саған ұнаса – қолды соқ сарт-сарт
II.Үй жұмысы:сұрақ-жауап арқылы үй жұмысын қорытындылау:
-А.Байтұрсынов кім?
III.Жаңа тақырып бойынша жұмыс:
Кіріспе:
1.Қазба байлық дегеніміз не?
2.Оны қайдан аламыз?
3.Картадан қазба байлықтың шартты белгілеріне тоқталу
4.Қазба байлықты алғаш тапқан кім?
5.Қарағанды өңірінен алғаш көмірді тапқан кім?
6.Тағы кімді білеміз?
2.Жаңа ақпаратпен топтастыру жұмысы жүргізіледі:
3.Мәтінмен жұмыс:ақпарат оқылып,талданады:
-Табиғатты бейнелеген жерді тауып оқы
-Ұстаз ойын тауып оқы
-Кішкентай Қаныштың қапшық көтерген тұсын тауып оқы
-Қанышқа мінездеме айтылған тұсты тауып оқы және топтастыр:
суретші
өзгеше тұрпатты білікті
әдепті көрікті
зерек
4.Бекіту:Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туралы ақпарат өңделеді:
Топтастыру:
1899-1964ж.ж 640-тан астам еңбегі ірі кен орындары
Павлодар обл ғылыми
Баянауыл ауд. еңбектер
геолог карта
қоғам қайраткері ҚҒА ұйымдастырушы тұңғыш президенті
5.Шығармашылық тапсырма:
-Өлең құрастыру
-жұмбақ құрастыру
-қазына көтерген баланы суреттеу
IV.Үйге тапсырма:әңгімені түсініп оқу,сахналауға дайындалу
V.Бағалау:топтық бағалау
