Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Қазақстан тарихы Каматова Бахытжамал Болатқызы

Тарих пәні мұғалімі

Ақкөл орта мектебі

8 а сынып

26оқушы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосы
Сабақтың тақырыбы Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Сілтемелер
Ж.Қасымбаев, З.Қабылдинов, А.Қайыпбаев 8 сынып оулығы

Слайдтар, электрондық оқулық ,карта.

Жалпы мақсаты: ХVΙІΙ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Орта жүздің жағайын зерттеу, Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруінің себептерін оқушыға анықтату.
Оқу нәтижежесі:
1.ХVΙІΙ ғ.Қазақ жүздерінің саяси жағдайын біліп, зерделейді

2.Өздерінің көзқарастарымен жүйелі ойлап, өз пікірін айтып,дәлелдеп,салыстырып,талдайды, тұжырым жасайды.

Негізгі идея Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруінің себептерін біліп,түсіну.
Күтілетін нәтиже Қазақ тарихындағы көреген мемлекет қайраткерлерінің халқына сіңірген еңбегін бағалай біледі,ел тарихын құрметтейді
Дереккөздер Қосымша тарихи кітаптар,электрондық оқулық, карта
Тапсырмалар І.Түрту стратегиясын пайдаланамын.ХVΙІΙ ғасырдың20- 30жылдарындағы қазақ елінің саяси жағдайы бейнефильм(эл.оқулықпен жұмыс)

ІІ.Жигсо (топтық тапсырмалар)

ІІІ. СТО стратегиясы

ІV. интерактивті тақтамен тапсырмалар орындау

V. Бағалау «Ыстық орындық» менің өз пікірім

VІ. Тақырыпты қорытындылау

Тестімен жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әркеті
2 минут

1 минут

8минут

3 минут

10 минут

3 минут

5минут

5 минут

5 минут

5минут

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушыларды түгелдеп,сабаққа дайындығын тексеру.

2. Түстер арқылы топтарға бөлу.

3.психологиялық тренинг.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушыларды І-ІІ-ІІІ-ІV

І топтың сұрақтары.

1.Жоңғар шапқыншылығының елімізге

тигізген зардаптары қандай?

2.10 тест сұрақтарын беру

ІІ топтың сұрақтары:

1.Қазақ халқы жоңгарларға қарсы күресті

қалай ұйымдастырды?

2. 10 тест сұрақтарын беру

ІІІ топтың сұрақтары:

1.Жеңістерге жетуге ,елді азат етудегі қазақ

батырларының рөлі қандай?

2. 10 тест сұрақтары

ІV топтың сұрақтары

1.Қазақ жерінің жоңғарлардан толық азат етілмеуіне

не себеп болды?

2.10 тест сұрақтары

ІІ тапсырма

«Даталарды сәйкестендір»

«Қара сиыр»жеріндегі қанды шайқас 1710ж

Аңырақай түбіндегі шайқас 1726ж

Аякөз маңындағы шайқас 1718ж

«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» 1729-30ж Жоңғарлардың Түркістан мен Ташкентті алуы 1723-1727ж

Жоңғарларға қарсы үш жүздің басын біріктіру

жөніндегі жиын 1725ж

Жаңа сабақ

«Түрту стратегиясы»

Электрондық оқулықты пайдалана отырып,ХVІІІ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Кіші және Орта жүздің жағдайы туралы бейнекөрініс жіберу.

Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

Топтарға тапсырмалар:ДЖИГСО әдісі

1)І топқа: Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кірудің алғы шарттары, себептері.

ІІ топқа: Әбілқайырдың көздеген мақсаты не болды? Сіздердің көзқарастарыңыз.

ІІІ топқа: ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кіші және Орта жүздің жағдайы қандай болды?

ІV топқа: Ресейдің отарлау саясатының тереңдей түсуін қандай жағдайлардан көреміз?

Сергіту сәті

СТО стратегиясы

І топқа.Картамен жұмыс. Қазақ жерімен көршілес орналасқан елдердің орнын анықтап, картасын сызып көрсету

ІІ топқа

Қазақ хандығы Ресейге қосылғаннан кейін патша үкіметінің көмек берілмеуінің себептері мен патша өкіметінің мақсатына қорытынды жасау

ІІІ топқа

Патша үкіметі отарлауын бастағаннан кейін Әбілқайыр хан Ресейден неге бөлініп кетпеді?

ІV топқа:Әбілқайырдың саясатын қалай бағалайсыздар?

ІV. интерактивті тақтамен тапсырмалар орындау

V. Бағалау «Ыстық орындық» менің өз пікірім……

VІ. Тақырыпты қорытындылау

Тестімен жұмыс

VІІ Бағалау

Үйге тапсырма

Тақырыпты қайталау,эссе жазу

Мұғаліммен сәлемдесу.Оқушы-

лар орындарына отыру

топтарға бөліну

жақсы тлектермен бастау

Оқушылар сұрақтарға белсене жауап береді, өз ойларын білдірді.

Кім жылдам?

Тестке жауап береді

Оқушылар оқиғалардың жылдармен сәйкестігін табады

Оқушылар сұраққа жауап берді.

Оқушылар сұраққа топ болып, сыни тұрғыдан ойлай отырып жауап берді.

Әуенмен дене қимылдарын жасау

Оқушылар сабақты саралай келеөз ойларын қалыптастырып,нақты,ашық жауап айтады

Қалауы бойынша әр топтан оқушы шығып,

сабақтан алған әсері,өз пікірін айтады

Оқушылар сабақ қорытындылап, тез тест тапсырмаларын орындайды

Топ басшылар критерий бойынша топты бағалады

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше