Әкеден ақыл

Каматова Бахытжамал Болатқызы

Тарих пәні мұғалімі

Ақкөл орта мектебі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосы

Тақырыбы: Әкеден ақыл

Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сұхбаттастыра отырып,баланың ата-ана өміріндегі маңызы,әке мен ұл бала арасындағы тәлім-тәрбиесін көрсету.

Тәрбиелігі: отбасы мүшелерін қадірлеуге,сыйлауа,ынтымақ пен бірлікке,татулыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы:оқушылар ойын нақты жеткізуге,тапқыр сөйлеуге үйрету,Алғырлық қасиеттерін дамыту.

Әдісі:кездесу,ой бөлісу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,слаидтар;

Жүру барысы:

Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуге бірінші бесік-отбасы,ата-ана тәрбиесі болмақ,екінші бесік-мектеп.Балаларды саналы,ойлы,сергек етіп тәрбиелеу-отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы,асыл мұраты.Отбасы таным бесігі,өркениет ошағы,үлгі-өнеге бастау.«Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»демекші,бала әкеден-ақыл,анадан мейір алады.Балаға өрісті өнеге,тамаша тәрбие беру-алдымен атв-ананың парызы.Баланың тәрбиелігі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы деп білеміз.

Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін де кеңінен пайдаланып,тәрбие ісіне арқау ету де пайдасын тигізеді.Ол үшін не істеу керек?

Қазақ отбасы,негізінен,үш ұрпақтардан тұрады.Ол-ата,әке,бала.Әке әулет басшысы,отбасы,отбасы мүшелерінің тірегі,асырып сақтаушы,қамқоршы.Әкенің мінез-құлқы,өзгелермен қарым-қатынасы,өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын,соған қарап өсетін нысаны.Қазақта біреудің баласы жақсы ,өнегелі азамат болса:«Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді,көргенді бала екен,өнегелі жерден шыққан ғой»,-деп мадақтайды.«Әке қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер»деп қазақта балалар тәрбиесіне аса мән берген.Бүгінгі таңда ұлт болып ұйысып,ел болып еңсезімді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің өзі-ұрпақ тәрбиесі.Тәрбие мәселесі ең басты мәселе болып отырғаны да белгілі.Ұлы кеменгер Абай атамыздың«АДАМНЫҢ АДАМШЫЛЫҒЫ ЖАҚСЫ АТА-АНАМА МЕН ЖАҚСЫ ҰСТАЗДАН БОЛАДЫ»дегендей,тәрбиенің таразы секілді екенін ескерсек,екі басының тең түсуіне көп көңіл бөліп,мән берген абзал.Қазіргі уақытта отбасын асыраудың жолын іздеп үй көрмей айлап қала ,дала кезіп жүрген әкелеріміз бала тәрбиесінен қалыс қалып жатырмын деп ойлайды ма?Әлде бала үшін тек ана тәрбиесінде жеткілікті ме?деген сауалымызға шарамызға қатысып отырған ата-аналарымыздан жауап іздеп көрсек Ұлыңыздың тәрбие ісіне ұлттық дәстүр рухын,халықтық педогогиканы пайдаланасызба?Мысалы:бала аңыз әңгімелерден ,ертегілерден,батырлар жырларынан үзінді айтып,немесе тыңдап өссе,ондай баланың елінек,жеріне сүйіспеншілігі артып,патриоттық сезімі оянар еді,мен жаманды айырар еді.

Кейбір отбасы«баламды киіммен,тамақпен қамтамассыз еттім,білім,тәрбие беру-мектептің ісі»деген түсінігіне не айтар едіңіз.

Экранға назар аударайық:«Өнегелі өмір.Әкенің сөзі-ақылдың көзі»демекші,ұл-қыздарына үлгілі тәрбие бере білген абзал әке,немерелерінің сүйікті атасы,ауылымыздың құрметті азаматы Аймурзаев Кеңес ағайды ортаға шақырамыз.Ағай 8 баланы өсіріп,оқытып тәрбиеледіңіз басқалай жақсы жақтарын,жеткен жетістіктерін айтпағанда ұл-қыздарыңыз сіздің кәсіби мамандығыңызды әрмен қарай жалғастырып отыр.Сол мамандықты таңдауда сіздің қандай ықпалыңыз болды,немесе сіздің талабыңыз бен қалауыңыз солай болдыма?

Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге де байланысты.Қазіргі талап жан-жақты үйлесімді,жетілген жаңа адамды тәрбиелеу.Еліміз егемендігін алып,тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп дайындау,тәрбиелеп шығару,ұлттық ұлағаттылыққа баулып өсіру барлығымыздың міндетіміз.

Ұлы Абай атамыз«бұлақ көрсең көзін аш»,-дегендей баласының бойындағы қабілетін байқап,сол бағытта баланы тәрбиелеп ,аудан,обылыс көлемінде өз демеушілігімен жетістіктеріне жеткізіп жүрген ата-ана Абдрахманов Әлімбайды ортаға шақырамыз.Ұрпақ тәрбиесі сіз үшін маңызды деп түсінеміз,балаңыздың бойындағы жақсы қасиеттердің үлгілі тәрбие алып келе жатқанын байқадық.Сізге көпті толғандырып жүрген бір сауал қойып,ой бөліссек:

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан жағымсыз оқиғалар,бала өміріне қауіпті жат қылықтрдың алдын алу үшін балаларыңызға қандай кеңес бересіздер.

Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою , білімге деген ынтасын арттыру.Сонымен қатар атаөаналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса,ойымызды ортаға салу.

Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы жақсы бір қасиетіңізді айтып берсеңіздер.

Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді,жүрегі жылы жанды көреді.Ол-ана қанаттығы қақтырмай,тұмсықтығы шоқтырмай бауырына басып,біз үшін жанұшыра шырылдайтын да-ана.Ана-бұл жел жағымызға пана,біріміз үшін дара,дана тұлға.Арамызда бірнеше ұл мен қызды әке ,ана орна ана болып тәрбиелеп өсіріп өндірген ана Гулбану апайды ортаға шақырамыз.

Мектебіміздің«Жас нұр»жастар ұйымының жетекшісі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қабдолов Нұрланды ортаға шақырамыз.

Ұл шаңырақ иесі ел ру әке кіндігінің жалғасыдеп есептеледі.Ұл бала азаматтықтың ерліктің тектіліктің үлгісі елдің қорғаны мақтанышы сенімді азаматы әрі тірегі.Қазіргі мектебіміздегі жас жеткіншектерде Отан алдындағы борышым парызым деген сезімі байқалама?Келешегіміздің бойындағы патриоттық сезімдері қандай?

«Дәулет есіктен,ақыл бесіктен кіреді»дегендей білім бесігі мектептен тәрбие бесігі отбасынан бастау алатындығын ата-анаға ұғындыру-ұстаздардың басты парызы.Осы төңіректе сіздің айтарыңыз.

Бүгінгі тәрбиелік шарамызға қатысып отырған оқушыларға

-«Өнегелі отбасы»деген сөзге қалай түсінесіз?

«Бала- адамның бауыр еті».Өйткені бала-өмірдің жалғасы,отбасының жемісі берер гүлі.Ортаға балаларымыздың шақырамыз.

Ортада«Әке толғауы»әнімен Ғалымжанов Манас қабыл алыңыздар.

Тәрбиелік шарамызды қорытындай келе «Атаның сөзі-ақылдың көзі»демекші,бүгінгі қатысып отырған ата-аналар мен оқушыларға,ұстаздарға бір ауыз тілектеріңіз білдірсеңіздер

Сонымен шарамызды қорытындылай келе ортаға мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Майра Хамидуллина апайды шақырамыз.

Осымен «Әкеден ақыл»тақырыбындағы шарамызды аяқтаймыз,уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет,отбастарыңызға қуанышты күндеріңіз көп болғай.Сау тұрыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше