Мәңгі өшпес жарық жұлдыз!
Б.Момышұлы атындағы Алматы Республикалық әскери мектеп-интернаты
АШЫҚ САБАҚ
“Мәңгі өшпес жарық жұлдыз”
сайыс сабақ
10 «Д» сыныбы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Қалниязова Айнұр Қадырқызы
Б.Момышұлы атындағы
Алматы Республикалық
әскери мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
гуманитарлық ғылымдар магистрі
Қалниязова Айнұр Қадырқызы
Ашық сабақ
Мәңгі өшпес жарық жұлдыз!
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, ер жүрек саяхатшы-географ Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы мағлұмат беру;
ә) дамыту: оқушылардың сөздік қорын молайту; ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту. өз ойын дәлелді жеткізе білуін дамыту;
б) тәрбиелік: ұлы ғалымның өмірін өнеге тұту, оқушылардың бойына білімге құштарлық сезімін сіңіріп, интернационализмге тәрбиелеу, оқушы бойына ізгілік, адамгершілік қасиеттерді сіңіру
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру, пікір таластыру, ақпараттандыру технологиясы, талдау, іздену, әңгімелеу;
Қолданылатын көрнекілік: Шоқанның суреті, слайдтар, қосымша көркем әдебиеттер, газет, географиялық карта немесе глобус
Пәнаралық байланыс: география, тарих, ИВТ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу;
Оқушылардың назарын сабаққа аударту
- Үй тапсырмасын тексеру:
Тест бойынша сұрақтар беру
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Шоқан Уәлиханов биыл 175 жылдығы Қазақстанның әрбір жерінде тойланып, аталып өтіп жатыр. Шоқан – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші. Омбы кадет корпусын бітірген. Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған. Арғы аталары Абылай, Уәли хандар болған. Әжесі Айғанымның тәрбиесін көрген.
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті…
Ал, балалар!
Бүгін бізде Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сайыс сабағымызды бастамас бұрын Шоқанның өмір жолымен баяндамашы Байқожаев Біржан таныстырады.
Енді сайысымызды бастаймыз!
- Таныстыру (топ атын, төсбелгісін таныстыру)
- «Шоқан – әдебиетші» яғни сіздер Шоқанның әдебиетші ретінде қандай еңбектер қалдырды? Сол туралы таныстырасыздар.
- «Шоқан – саяхатшы» Шоқанның жүрген жолдары туралы айту;
- Шоқан жайлы деректемелер көрсету (буклет, т.б. көрнекіліктер)
- Шоқан рөлінде (Шоқан рөлінде сөз сөйлеу)
- Сөзжұмбақ құру, оны шешу
- «Кім жылдам?» сұрақтарға жылдам жауап беру
Жоғарыда аталған турлар бойынша топ арасында сайысты бастаймыз.
- Таныстыру (топ атын, төсбелгісін таныстыру)
1-топ «Құсмұрын» топ жетекшісі Рахман Манарбек
2-топ «Көкшетау» топ жетекшісі Сабақтаев Алмат
3-топ «Жеңіс» топ жетекшісі Байқожаев Біржан
(топтар өз атауларын, төсбелгісін таныстырып шығады)
- «Шоқан – әдебиетші»
- Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
- Ауыз әдебиетінің түрлері туралы пікірлер
- Адамның ата-тегі жайлы аңыздар туралы
- Шежіре жөнінде аңыздар туралы
- Тарихи аңыздар туралы
- Поэзиялық аңыздар туралы
- Ертегілер туралы
- Мақал-мәтелдер туралы
- Эпостық жырлар туралыдеректер жазған.
Мұғалім:Шоқан – халық мұрасын жинаушыретінде таныстыру керек:
- «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жыры (Шөже нұсқасы)
- Едіге батыр, Ер Қосай, Орақ батыр туралы жырлар
- Қырғыз халқының Манас жыры «Көкетай ханның асы»
- Қазақ халқының поэзиясының түрлері туралы (ғылыми еңбек)еңбектері
Сіздер, Шоқанның әдебиетші ретінде қандай еңбектер қалдырды сол туралы айтасыздар
- «Шоқан – саяхатшы»
Шоқанның жүрген жолдары туралы айту
Шоқанның әлемдік география ғылымына қосқан үлесі жайында таныстырасыздар
- Шоқан жайлы деректемелер көрсету (буклет, т.б. көрнекіліктер)
- Шоқан рөлінде (Шоқан рөлінде сөз сөйлеу)
Шоқанның Омбы кадет корпусы қабырғасында көзге түсіп сөз сөйлегенін білесіздер. Ол тек ғалым ретінде ғана емес, мағыналы сөйлей білетін білімді азамат ретінде білесіздер. Сондықтан сіздерден жас ғалым ретінде сөз сөйлеу шеберліктеріңізді байқайық.
- Сөзжұмбақ құру, оны шешу
- «Кім жылдам?» сұрақтарға жылдам жауап беру
Сайыс шарттары жазылған бағалау парағы беріледі. Бағалау парағы әділ қазылар мен сыныптан бір оқушыға беріледі. Сыныптан бір оқушыны сайлайық. Сол бағалап отырсын, соңында қорытынды баға шығарып, өз бағасын айтуы қажет.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
| № | Топ аты | Таныстыру (топ аты, төсбелгісі) | Шоқан – әдебиетші | Шоқан – саяхатшы | Деректер көзі | Шоқан рөлінде | Сөзжұмбақ құру | «Кім жылдам?» |
| 1 | Құсмұрын | |||||||
| 2 | Көкшетау | |||||||
| 3 | Жеңіс |
«Даланың соңғы ханзадасы» деректі фильмнен үзінді көрсету (Лики Евразии бейнефильмі)
Қорытындылау
Топты, оқушы білімін бағалау
Үйге тапсырма: Ш.Уәлиханов қоғамдық, әдеби қызметі туралы айту,
«Қашқарияға саяхат» жазбаларын оқып келу
