Салыстырмалы шырай
Астана қаласы гуманитарлық
колледжінің филология бөліміндегі
«Негізгі мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті»
мамадығы бойынша 4 курс студенті
Бекназарова Анель Мерекеқызы
Сабақтың тақырыбы: Салыстырмалы шырай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға салыстырмалы шырай және де оның жұрнақтары жайында түсінік беру.
Дамытушылық: Алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ана тілін сүюге,қастерлеуге баулу , адамгершілік қасиеттерін ,ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- жаттығуларды талабына сай тексеру.
- Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің мағыналық түрлерін ата. Мысал келтір.
- Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата. Мысал келтір.
ІІІ. Жаңа сабақ
Заттың сапалық сыны әр кез бір дәрежеде бола бермейді. Сын есімнің түрленуі оның шырай формасына енуі. Яғни сапалық сын есімдерден белгілі қосымшалар арқылы шырай түрі жасалады.
Мысалы:
Сары деген түстің сарғыш, сарырақ, сарылау, тым сары, сап-сары сияқты бір-біріне жақын түстері бар.
Үлкен- үлкенірек, үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен, тым үлкен.
Шырайдың жасалуы:
- Сапалық сын есімнен жасалады.
- Сапалық сын есімдерге белігі бір қосымшалар жалғану арқылы және күшейткіш буын үстелуі немесе күшейткіш үстеулер тіркесу арқылы жасалады.
Салыстырмалы шырай
Біркелкі сыңдардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады. Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т. б.
Мысалы: Жақсы-жақсырақ, терең-тереңірек, ащы- ащылау.
Сапалық сын есімге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:
Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:
1. -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: Мысалы: жақсы-рақ, жұқа-рақ, кіші-рек, күшті-рек, ұзын-ырақ, толығ-ырақ, үлкен-ірек, биіг-ірек т. б. Мысалдан көрінетіндей, сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, жуан буыннан кейін -рақ, жіңішке буыннан кейін -рек жұрнағы жалғанады; сапалық сын түбірінің соңғы дыбысы дауыссыз болса, жуан буыннан кейін -ырақ, жіңішке буыннан кейін -ірек жұрнағы жалғанады.
2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: Мысалы: жақсы-лау, сары-лау; кіші-леу, күрең-деу, терең-деу, сұр-лау, жасыл-дау, көк-теу, суық-тау т. б.
Сөздің соңғы дыбысы дауысты және үнді р, й, у болса, жуан буыннан кейін -дау жіңішке буыннан кейін -деу жалғанады; сөздің соңғы дыбысы үңді м, н, ң, л не ұяң болса, жуан буыннан кейін -дау, жіңішке буыннан кейін -деу жұрнағы жалғанады; сөздін соңғы дыбысы қатаң болса, жуан буыннан кейін -тау, жіңішке буыннан кейін -теу, жұрнағы жалғанады.
Бұл екі жұрнақ барлық сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасай береді. Сондай-ақ жекелеген сапалық сың есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын да жұрнақтар бар. Олар:
1. -ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, -қылтым. Мысалы: ақшыл, ақшылтым, сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым т. б.
2. -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: Мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім, ақшылтым т. б.
Ескерту: -шыл,-шіл қосымшалары тек түр-түсті білдіретін ақ және көк сын есімдеріне ғана жалғанады
3. -ғыш, -ілдір: Мысалы: сарғыш, көгілдір, бозғыш т. б.
4. -аң, -қай, -ша, -ше. Мысалы: куаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, ақша, сұрша т. б.
48- жаттығу.
Тапсырма.Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып, жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар.
Ақылды-от, ауыр-лау, сирек-теу, көргіш, жинақы, сергек, қоңыр-қай,сарғыш-тау, ақ-шылтым, таяз, қыш-қылтым, тереңірек, тәуір-леу боз, тәтті, сүйкімді, тәртіпті, сылбыр, қыш-қыл, көк-шіл, жасық, өткір, өжет, әдемі, сыпайы, мәдениетті, иманды.
49-жаттығу.
Тапсырма: Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңдар.Сөйлем құраңдар.
Үлгі: толық-толықтау-толығырақ-толықша.
Толық. Биік. Көк. Сұр.Жаман. Жеңіл. Тар. Мықты. Кіші. Қатты. Жақсы.
Тапсырма: Сөздердің тиісті жұрнақтарын тап.
Күштірек, суықтау, ақшылтым,үлкенірек, биіктеу, сарғылт,көкшілтім,сұрлау,ұзынырақ,күреңдеу.
Тапсырма: Суретке қарап салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын қатыстыра отырып, сөйлем құраңдар.
50-жаттығу. Мәтінді дауыстап оқып шығыңдар.Балалардың портретін жасауға қатысып тұрған сын есімдерді салыстырмалы шырайға айналдырып,көшіріп жазыңдар.
IV.Сабақты қорытындылау.
Тест тапсырмасы.
Тест тапсырмасы
1. Көп нүктелердің орнына тиісті салыстырмалы шырай қосымшасы: – Алыс…….
А) – шыл;
ә) -ырақ;
б) -рақ;
в) -ірек;
г) -лау ;
2. Ас үй кішірек қонақ қарағанда бөлмесіне ! Сөйлемнің дұрыс нұсқасы –
А) қонақ бөлмесіне ас үй кішірек;
ә) кішірек қонақ бөлмесіне қарағанда ас үй;
б) Ас үй қонақ бөлмесіне қарағанда кішірек;
в) қарағанда конақ бөлмесіне ас үй кішірек;
г) кішірек ас үй қонақ бөлмесіне қарағанда.
3. Нашарлау сөзінің антонимі –
А) жақсылау;
ә) нашар;
б) жақсы;
в) нашарырақ;
г) жаман.
4. Көп нүктелердің орнына тиісті салыстырмалы шырай қосымшасы: – Көк…….
А) -ырақ
ә) – шыл;
б) -шіл;
в) -ірек;
г) -лау
5. Қымбаттау сөзінің антонимі –
А) ыңғайлы
Ә) кеңдеу
Б) алысырақ
В) арзандау
Г) жақынырақ
7. Көп нүктелердің орнына тиісті салыстырмалы шырай қосымшасы: Ыңғайлы…….
А) -рақ;
ә) – рек;
б) -ырақ;
в) -ірек;
г) –дау ;
8. Кеңірек сөзінің антонимі –
А) тарлау
Ә) кеңдеу
Б) алысырақ
В) жақынырақ
Г) ыңғайлы
9. Оның пәтері қандай? сұрағының жауабы –
А) пәтерім тарлау
Ә) пәтері тарлау
Б) пәтеріміз жақсы
В) жұмысымнан алысырақ
Г) пәтерлер қымбат
10. Жұмысқа ………….. жетіңіз. Көп нүктенің орнына тиісті сөз –
А) көлікте
Ә) жақынырақ
Б) тезірек
В) алысырақ
Г) ыңғайлы
Қорытынды:
Сұрақтар:
-Салыстырмалы шырай дегеніміз не?-Қандай жұрнақтары бар? -мысал келтір
Үйге тапсырма.
51 жаттығу.
Үйден бірге оқитын жолдастарыңның салыстырмалы портретін жазыңдар.Оған салыстырмалы шырайды көбірек қолданыңдар.
Бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
