«Жылуын жүрегінің аямаған…!»
Кадыргалиева Надежда Мубараковна
Бастауыш сынып мұғалімі
Ақкөл орта мектебі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Тәрбие сағаты тақырыбы: «Жылуын жүрегінің аямаған…!»
Айналайын анашым!
Сабақтың мақсаты: 1.Балалардың анаға, бар адамзат баласына деген сүйіспеншілігін ояту.
- Оқушының бойындағы өнері мен дағдылығын дамыту
-
Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Бақытты балалы шақ», «Ардақтайық ананы», «Мақтан етем анамды» және шарлармен әсем безендірілген үлкен плакатта «Жылуын жүрегінің аямаған…» деп мерекелік таңертеңгіліктің тақырыбы жазылған.
Мереке барысы: Балалар мерекеге сай киінген.
Барлығы сап түзеп тұр. Үнтаспадан «Аяулы анам» әні қалықтайды. Төрде шақырылған қонақтар, аналар, ұстаздар.
Жүргізушілер: Қасайынов Айболат
Орынғазиева Айнұр
Сахна: Сахнаға Айболат бұрын келіп, көрермендермен амандасты да, әрлі-берлі қайта-қайта қарап, Айнұрды күтіп жүреді. Бір шоқ гүлін, сыйлығын артына жасырып тұрады. Сосын көрермендерден сұрайды.
Айболат: -Кешірерсіздер осы жерге меннен бұрын қара торы, бұйра шашты бір қыз келген жоқпа екен?
Көрермендер: -Жоқ.
Айболат: -Осы қыздар неге үнемі кешігеді де жүреді? Түсінбеймін.
Жол жаққа қараймын Сен жоқсың арайлым Кешікпей келем деп ең… Мен тұрмын елеңдеумен.
деп әндете бастағанда сахна артынан Айнұр шығып, Айболатты шошытып жібереді
Айнұр: – Сәлем Айболат
Айболат: – Қалайсың Айнұр! Көйлегің қандай әдемі
Айнұр: – Рахмет! Сен мені көп күтіп қалған жоқсыңба?
Айболат: – Жоқ. Меніңде келгенім осы.
Айнұр: – Жаңа келе жатырғанымда алдымнан сыныптас қыздар шығып, солармен сөйлесіп қалдым.
Айболат: – Айтпақшы… (гүлін артына жасырып , оны қалай ұсынарын білмей ұялып тұр)
Айнұр: – Ия. Не болды?
Айболат: – Мен сені алда келе жатырған 8-ші наурыз мерекесімен құттықтайын деп едім. (деп қолындағы гүлді береді)
Айнұр: – Рахмет! Айболат көрермендер бізді көп күтіп қалған жоқпа? Тәрбие сағатымызды бастайық.
Айболат: -Ендеше бастасақ бастайық.
Айнұр: Құрметті асыл аналар; ұлағатты ұстаздар; оқушылар!
Сіздерді алдағы 8 наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!
Қар астынан қылқиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі де келді.
Айболат: Гүл мереке барлығыңыздың шаңырағыңызға құт береке, шат күлкі әкелсін. Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
Айнұр: Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілей отырып ертеңгі күннен үміт артып отырған балаларыңыздың дайындаған «Жылуын жүрегінің аямаған…» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Айболат: Наурыз күні, ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірентер ана үні,
Анадай жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал құрдастарым сендер мұны.
Айнұр: Ана деген әлемнің гүлі емеспе
Ана деген сөздердің көркі емеспе
Ана деген әлемнің сұлулығы
Анасыз бұл әлем бос емес пе
Айболат, Айнұр: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық,
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық.
Х О Р : «Ана тілім»
Зарина: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың,
Өріме нәр береді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Жайсаң:Наурыздың бүгін сегізі.
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің.
Ұсынарлық бүгін біз.
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Ерболат:Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз сіздерді
Құрметті аналар.
Мөлдір:”Айналайын анашым” Шығармасын оқиды.
Ән: Құттықтаймын.
Нұртілек:Құтты болсын ардақты ана,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алган.
Қуанышың берекең.
Әубәкір: Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам.
Айнұр: Айболат,сен білесің бе?
Біздің сыныптың қыздарының барлығы мың бұралған
бишілер екенін білесіңдерме?
Айболат: Жоқ,білмеймін.Ондай мүмкін емес.
Айнұр: Сенбейсің бе?Сенбесең қазір сенесің.Енді тамашалайтындарыңыз “Балдіурен” биі.
Би: Балдіурен.
Сұлтанбек:Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жылдар бұлақтай.
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Әсемгүл: Ана десем шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанары.
Айболат: Айнұр,біздің сыныптың қыздары биші болса,ұлдары жез таңдай әншілер.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,-дегендей ендігі кезекті әнге береміз.
Ән: “Анаға сәлем”
Асхат: Әр сөзіңді жаттағам
Жүрегіме сақтағам
“Анашым”-деп мақтанам
Айналайын ақ мамам.
Ерген: Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайгығ болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әрбір күнім өлең.
Көрініс: “Тауық”
Айболат: Келесі кезекті биші қызымыз Ботагөздің орындауындағы түрік биі.
Би: “Түрік”биі
Айнұр: Ана!Ана!Ана!Не деген мейірім,не деген шапағатты сөз еді.Осынау үш әріптен құралған
қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сөздер жатыр десеңші!
Айболат: Дұрыс айтасың Айнұр.Өмірде жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.
Олай болса,келесі кезегімізді әнге берейік.
Ән: “Анашым”
Гүлденсін:Ана десем сезім билер тым ыстық.
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Расул: Тау қопарып.тасты үгіп
Тұрғыздың сен не қала
Саған қандай жақсылық
Жасай алам мен ана.
Айнұр: Ендігі тыңдайтындарыңыз Заринаның орындауында.
Ән: “Аяулы”
Айболат: Диананың орындауында түрік биі.
Би: “Түрік”биі
Көрініс: “Емтихан”
Гүлнәз: Алақаны ақ самал
Мәпелеген жан ана
Көкте күнім батса да
Өзің күнсің балаңа
Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым.
Ботагөз: Өзіңсің сүйікті ана құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін.
Би: Вальс.
Ән: Ана туралы.
Би: Ханшайым.
Хор: “Мамочка”
Көрініс: “Үш саусақ”
Айнұр: Сәл еңкейген нұр жүзіңнен әл тайып,
Қуат кешіп бара жатыр қартайып
Отбасында бала-шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр
Алғыс естіп қолбаңдайды баладай
Ниеті ақ,пейілі кең даладай
Мәпелеңдер қарт білгенді аялай дей келе ендігі кезегімізді әжелерімізге арнайық.
Диана: Менің әжем бұл әжем,
Шуағы мол нұр әжем,
Ақ таяққа сүйеніп
Аман есен жүр әжем.
Ән: Асыл әжем.
Айболат:Айнұр,сен “Он алты қыз”деген халық әнін білесіңбе?
Әрине, білемін.
Сол әнде он алты қыз туралы болса біздің сыныбымызда 8қыз бар.
Міне,сол 8 қызға арналған біздің жыр шашуымыз бар.
Айнұр: Жақсы, тыңдап көрейік.
Нұртілек:Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп,ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.
Асхат: Алар дәйім бестігін
Ақ құба қыз кескінін
Бойшаң біздің Мөлдір
Ұяңдау деп естідім.
Жайсаң: Айтқанда әнді әдемі
Ерекше шығар әуені
Биязы қыз Әсемгүл
Өзі де ұяң әдемі.
Расул: Сабағы ылғи үздікті
Шығарса есеп ызғытып
Арамызда Зарина
Өзі баяу қыз тіпті.
Ерболат:Демейміз өзін білмейміз
Ұнатамыз үнін біз
Дауысы жәй болсада
Бұл Гүлденсін тынымсыз.
Ерген: Сабағын да меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Ата-анасы Дианаға
Әдемі атты меңгерген.
Азамат: Билейді кейде айнала
Көркіне ақылы сай ғана
Ботагөз біздің әдемі
Сөйлейді бірақ жәй ғана.
Әубәкір: Жақсы оқуды бастадық
Әліппенің алқасы
Бұл аттас қыз Айнұр
Бұйра-бұйра шаштары.
Сұлтанбек: Мерекеде көктемгі
Жақтырмайды өктемді
Гүлнәзді біз байқаймыз
Еркелігі көп тегі.
-деп әр бала қыздарға арнап,өздері әнге қосқан қыздарға дайындаған сыйлықтарын ұсынады.
Айнұр: (ренжіп)Жақсы сендер бізді әнге қосқан екенсіңдер,енді біздер сіздерге сый дайындап қойдық.Қазір ортаға барлық ер балалар шықсын.Біздер енді сендерді сынап қарайық,солай ма қыздар?
Қыздар: Иә.
Ойын шарты.Ұлдар екі топқа бөлінеді.
1 жұп. Доппен жарысады.
2 жұп. Картоп аршиды.
3 жұп. Алманы әдемілеп кеседі.
4 жұп. Шар үреді.
5 жұп. Бәтеңке тазалайды.
Айнұр: Жақсы жарайсыңдар.Енді мен ата-аналарымызды сынағым келеді.
Айболат сынап коремізбе?Осы мен бір сұраққа жауап таба алмай жүрмін.Сол сұраққа мен бүгін жауап алатын сияқтымын.
Айболат: Қандай сұрақ?
Айнұр: Осы ата-аналарымыздың көзін байлап қойсаң,бізді басқа балалар
Айболат: Мен де соны білгім келеді,сол сұрақтың жауабын қазір көреміз.
Ойын барысы: 4 оқушы және 1 ата-ана шығады.Көзі байланған ана өз ұлын топ ішінен табу керек.
“Ұстаз” туралы өлең.
Би: “Матрос”
Ән: “Анашым”
Ән: “Жан гүлім”.
Айнұр: Келесі ойынымыз бір ата-ана ортаға шығып,мына қоржыннан сұрақ таңдайды.Сұраққа жауап береді.Жауабын таба алмаса өз өнерін көрсетуі талап етіледі.
Ойын:
Айболат: Қыздарды жігіттерден көп дейді,
Ойбай-ойбай бола берсін көп мейлі,
“Қыз”деген оләдемі ғой әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді.
Айнұр: Анасыз өмір өмір ме?
Көтерілмейді көңілде
Тек мәңгілік жасасын.
Аналар бұл өмірде.
-дей келіп сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейік.
Бұл береке,шат-күлкі әкелсін!Көктемгі күндей жарқырап тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!
Дендеріңізге саулық тілей отырып,ертеңгі күннен үміт артып отырған балаларыңыздың “Жылуын жүрегінің аямаған… ” атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Көңіл бөліп келгеніңізге көп-көп рахмет.
Хор: “Әрқашан күн сөнбесін”.
