Қайталау

Кадыргалиева Надежда Мубараковна

Бастауыш сынып мұғалімі

Ақкөл орта мектебі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:1.Білімділігі: Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін пысықтау, математикалық тапсырмаларды (өрнекті, тура теңдікті,тура емес теңдік,теңсіздікті,геометриялық фигураларды) ажырата білуге машықтандыру. 10 көлеміндегі сандардың реті және құрамы туралы білімді тиянақтау, оқушылардың білім және білік, дағдыларды игеру деңгейін анықтау.

2.Дамытушылығы:Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін,

жылдамдық,ойшылдық,сауаттылық қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелігі:Өз ойларын анық айтуға, достарының пікірлерін тыңдауға,

үлкеннің тілін алуға,жақсы әдеттерді үйренуге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап,ой қозғау, жедел қайталау,өзңн-өзі бағалау.

Сабақ түрі:Ертегі сабақ

Сабақ типі:Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы.

Пәнаралық байланыс: Әліппе,дүниетану,музыка

Көрнекілігі:0-10 дейін 10-90 дейін кеспе цифрлары. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреттері.Сандар құрамының үйшіктері, карточкалар,электрондық оқулық.Конвертте тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:1.Оқушылар назарын сабаққа аудару. (Сабаққа қатысып отырған қонақтармен таныстыру)

2.Психологиялық дайындық

(хормен ән айту) Біз сыныптас достармыз

Білімге де құштармыз

Өнер-білім жолында

Көшті ылғи бастармыз.

Қонақ келсе сыныпқа

Қарсы аламыз қысылмай

Білімді де тәртіпті

Біздің сынып осындай!

ІІ. Негізгі бөлім: – Балалар біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ол үшін бізге кім көмектеседі деп ойлайсыңдар?

  • Сиқыршы(сыныпқа сиқыршы кіреді, амандасады)
  • Саламатсыздар ма балалар? Мен сіздерді бүгін ертегілер еліне алып барамын, ол үшін сендер менің бірнеше тапсырмаларымды орындауларың керек. Сендер үш топта отыр екенсіңдер, ендешеәрқайсысыңа әр түрлі тапсырма берейін.

1 – тапсырма: 0 – 10 дейін ауызша тура және кері санау. Алдарындағы карточкалармен сандарды өсу ретімен қою.

2 – тапсырма: бір таңбалы натурал сандарды қою. 1,2,3,4,5,6,7,8,9.

3 – тапсырма : Екі таңбалы ондық сандарды өсу ретімен қою 10,20,30…

4 – тапсырма : Сиқыршы таяғымен экраннан карточкалар шығарады, үш топтың оқушылары кезекпен олар қандай таңбалар екенін айтады.

  1. «+», «-» қосу және азайту
  2. 2+3 – өрнек
  3. 5=5, 7=7 тура теңдіктер
  4. 4=3,6=8 тура емес теңдіктер
  5. 2>1 тура теңсіздік
  6. 3<2 тура емес теңсіздік

ІҮ. Сиқыршы: – өте жақсы, ал кеттік ертегілер еліне. Ертегіміздің аты «Мақта қыз бен мысық»

Мұғалім: Сендер осы ертегіні білесіңдер ме? Ендеше осы ертегіні өздерің бастаңдар. Ерте, ерте, ертеде…….(Мұғалім сөзі «Сен менің тапсырмаларымды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтарамын» , – дейді Мақта қыз . Ал енді балалар біз мысыққа көмектесейік. Мақта қыз құйрығын беру үшін осы ертегідегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындайық.)

1.Сиырдың тапсырмасы:( (Мүмкін теңдіктерді құр, үйшіктерге сан құрамын жазу)

1-топ: 8= * + * 2-топ: 7=* + * 3-топ: 6=* + *

(Ертегіні білетін оқушы жалғастырып отырады)

2.Ағаштың тапсырмасы:

3-топ:

1-топ:

10 жапырақ тұр еді.

Жел тұрды да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі? (9)

2-топ:

Аулада бес үйрек,

Бір үйрек тығылды,

Калғаны неше үйрек?(4)

3-топ:

Бір бұтақта 7 алма,

Біреуін жеді Айсана,

Біреуін жеді Айзада,

Қалды сонда неше алма?(5)

3.Қыздардың тапсырмасы: (Сандарды салыстыр)Электрондық оқулықпен жұмыс

1-топ: 32, 13 2-топ: 44, 30 3-топ: 1*0

4.Дүкеншінің тапсырмасы: Өрнектің мәнін табу

1+2= 1+3= 1+1= 4+4= 3+2= 5-2= 3+4= 7-4= 9-7= 6-3=

2+1= 3+1= 2+2= 5+5= 4-2= 5-1= 7-2= 2+7= 8-5= 9-6=

2+2= 3+2= 3+3= 6+4= 5-3= 1+5= 4-1= 7+1= 7-5= 8-3=

МА ТЕ МА ТИ КА

5.Тауықтың тапсырмасы: (Сергіту сәті)

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосайық

Алақанды соғайық.

(Тауыққа жұмыртқалардың сыртына жазылған сандарды ретімен қоюға көмектесу)

6.Тышқанның тапсырмасы: математикалық диктант

(оқушылар әр топтан біреуі шығып тақтаға орындайды, оқиды, ойын дәлелдейді)

1-топ: 5 саны мен 1 санының қосындысын жазу, оқу

2-топ:4 пен 3 санының қосындысын жазу, оқу

3-топ:9 бен 4 санының айырмасы жазу , оқу

(Ертегіні жалғастыру)

7.Мақта қыздың тапсырмасы:Кел, ойнайық!

(Қалқанқұлақтың қатесін табу)

8+2=9 3+3=9 10<9

6-2=4 4+2=6 4>6

5+3=7 7-5=2 2<3

Мақта қыз: «Жарайсыңдар балалар! Сендер мысықтың құйрығын қайтарып алуына үлкен көмек көрсеттіңдер.»

Ү.Қорытынды бөлім:-Балалар,Мақта қыз сендердің білімдеріңе риза болып,мысықтың құйрығын қайтарып беретін болды.Мысықта сендерге өте риза.

ҮІ.Үйге тапсырма: Дәптер тапсырмасын орындау,қайталау.

ҮІІ.Бағалау: Жұлдызшалар санау арқылы бағалау.

1-3—«3»

4-7—«4»

8-10—«5»

Аққөл орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қайталау

2013-2014 оқу жылы

10.12.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: 1 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

1санын қосқанда сол саннан кейінгі санды, азайтқанда сол санның алдындағы сан шығатынын түсіндіру.

  1. Ұқыптылыққа баулу.
  2. 1-10 нумерациясы бойынша балалардың алған білімін дамыту

.

Сабақтың көрнекілігі: 1-ді қосу, азайту кестесі.

Оқыту әдісі: түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2.Психологиялық дайындық

1дегенім-бірлік,

2 дегенім-еңбек,

3 дегенім-үміт,

4 дегенім-талап,

5-дегенім білім,

Білімсіз жоқ күнің.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Жаңа сабақ:а) Біз бірден онға дейінгі сандарды, 0 санын оқып үйрендік.

Ол сандардың әрқайсысын қалай шығарып алатынын білеміз.

1+1=2 2+1=3 3+1=4 4+1=5 5+1=6 т. б.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Демек,1-ді қосқанда, сандар қатарындағыкелесі санды,азайтқанда сол санның алдындағы санды шығарып аламыз.

10-1=9 9-1=8 8-1=7 7-1=6 6-1=5 5-1=4 т. Б

ІҮ. Жаңа білімді бекіту.

1. Cандарды салыстыру:

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0

  1. Жоқ сандарды тауып жаз.

Ойын: «Кім межеге бірінші жетеді?»3: Сандардың қосындысын табу.

10=1+9 9=8+1 8=7+1

7=6+1 6=5+1 5=4+1

4=3+1 3=2+1 2=1+1

Ү.Сергіту сәті:Төрт қаз ұшып барады

Биіктен төмен қарады

Аяқ нешеу, бас нешеу?

Жауабын кім табады.

ҮІ.Миға шабуыл:Сана. Әр шаршыда неше текше?

ҮІІ.Дәптермен жұмыс:1.жазуды жалғастыр

  1. тауып боя
  • кесінді сыз

  • Дәл сызып көр

  • Оқулықпен жұмыс

  • Шығармашылық жаттығу 3 * 2>4

    ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.Біз бүгінгі сабақта нені білдік?

    ІХ.Үйге тапсырма:82 бет,5 тапсырма

    Х.Бағалау

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше