Таным

Кадирова Венера – «Жолшы»мектепке дейінгі кәсіпорын тәрбиешісі

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат».

Мақсаты: Пішіндер туралы жалпы түсінік беру.

Білімділік: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып,қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілетін жетілдіру, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін ойын арқылы туындату,жеке тұлғаларын дамыту.Қызықты ойындар арқылы елестету және қиял болжамдарын дамыту.

Тәрбиелік: Ізденпаздыққа, шапшандыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: геометриялық пішіндер, суреттер, үлестірмелі карточкалар, компьютер т.б

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік әдісі, сайыс т.б.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің

іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті
Дәлелдеу -ояту Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер бойымен тұрады.

Қане балалар бір бірімізбен амандасып алайық.

Сендердің алдарында «көңіл күйдің бет бейнесі» жатыр,қолдарына алып , өздерінің қандай көңіл күймен бастайтындарын бір біріне көрсетіңдер.

Балалар бір біріне жылы көңіл күймен күліп тұрған бет бейнені көрсетіп,болайықшы жақсы дос деп бір бірімен құшақтасады.
Ұйымдастыру- іздену Балалар бүгін біздер математика сабағымыз қызықты өту үшін сайыс ұйымдастырамыз.Ол үшін екі командыға бөлінеміз

Бірінші тапсырма: «Ғажайып пішіндер»туры

Сендерге құрастыратын бейнелеріңді жұмбақ түрінде айтамын.

Шелек қалпақ басында

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны.

Екінші тапсырма: «Ойылшылдар»туры.

«Ғажайып пішіндер».Геометриялық пішіндерден әртүрлі пішіндерді құрастыру.

Үшінші тапсырма: «Білгіштер»туры.

Геометриялық пішіндер карточкіде қалай орналасқан солай қойып шығу керек.

Төртінші тапсырма: «Ойла да ойна» туры

Сиқырлы нүктелерді қосу арқылы геометриялық пішінді көруге болады.

Сергіту сәті:

Бойынды сергек тік ұста,

Емін еркін тыныста

Деміңді ішке тез ал да.

Сол қолынды соз алға

Қол ұшына қара да,

Ұшбұрыш сыз ауада

Оң қол да бос тұрмасын,

Шеңбер сызып зырласын.

Бесінші тапсырма: «Жүйріктер» туры

Жаңа технологя бойынша балалар компьютірден көрген пішіндердің қандай геометриялық пішін және түсін айту керек.

Алтыншы тапсырма: «Көңілді пішіндер» туры.

1Балық қандай пішіндерден құрастырылған?

2Машина қандай пішіндерден құрастырылған?

Жетінші тапсырма: «Шапшандар»туры

Алдарына әртүрлі пішіндер беріледі,осы пішіндерді бөліп салу керек.

Бірінші команда: «Алғырлар» тобы,екінші команда «Тапқырлар»тобы.

Балалардың жауабы:қар адам дөнгелек, ұшбұрыш,тіктөртбұрыштарды пайдаланып қар адамды құрастырады.

Балалар күнді ( дөңгелек, сопақша),үй (Төртбұрыш,үшбұрыш).шырша,гүл,ұя т.б пішіндерді құрастырады.

Балалар алдарындағы карточкіге қарап дәл сол бойынша әртүрлі пішіндерді қойып шығады.

Әр балаға алдында ақ бетте орналасқан нүктелер беріледі,сол нүктелерді қарандашпен қосу арқылы әртүрлі пішіндерді көруге болады.

Балалар сергіту жаттығуын жасайды.

Қолмен ауада сызу арқылы жаттығу жасайды

Ұшбұрыш қызыл түсті,сопақша сары түсті,тіктөртбұрыш көк түсті т.б

Балық (сопақша,дөнгелек,ұшбұрыш),машина (тіктөртбұрыш,дөнгелек,төртбұрыш).

Балалар төртбұрышты,үшбұрышты,дөңгелекті,

Сопақшаны әр қорапшаға бөлек салады.

Рефлекстік түзету Осымен бүгінгі сайысымызда белсене қатысып көп ұпай жинаған «Алғырлар» тобын ортаға шақырамын.Талаптарын биік болсын деп сіздерге жолдама беремін.Рахмет! Балалардың барлығына сиқырлы қорапшалар, яғни әртүрлі пішіндер беріледі.

Күтілген нәтиже:

Білу: -Нүктелерді қосу арқылы геометриялық пішінді ажыратып,көлеміне қарай пішінді ажырата білді.

Игеру: -Жарыс арқылы балалар геометриялық пішінен заттарды құрастыру дағдысын игерді.

Меңгеру: -Пішіндер туралы жалпы түсінік алды.

Білім беру саласы:Қатынас

Оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту

Тақырыбы:Сүйкімді төлдер

Мақсаты:Төрт түлік малмен және оның төлдерімен

таныстыра отырып,сөздік қорларын байыту,жаңа сөздермен таныстыру,ойлау процестерін кеңейту,қойылған

сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

Қимылды ойындарды,тапсырмаларды орындай отырып балалардың ой-өрісін дамыту,ауызша сауаттылығын арттыру,суретпен жұмыс арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,өзара қарым қатынасын жақсарту.Төрт түлік малдың пайдасын түсіне отырып, тәрбиелеу.

Көрнекілік: А3 плакаттар,атрибуттар,жайлаудың көрінісі бейнеленген сурет,интеллектуалдық ойындарға арналған қима суреттер,төрт түліктен алынатын өнімдер (құрт,май,ірімшік т.б).

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын ойнату.

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбер: Армысың асыл күн,

Армысың асыл жыл,

Армысың жан досым,

Жылуыма жылу қос,

Болайықшы жақсы дос.

(Балалар бір-бірімен құшақтасады).

Балалар жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Көктем мезгілінің қандай ерекшелігі бар?

Өткен тақырыпты қайталау.

Балалар қазір сендер жұмбақ шешу арқылы бүгінгі өтетін тақырыпты білетін боласындар.

1.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе).

2.Қос мүйізді,төрт сирақты,

Сыйлайды балдай ақ бұлақты. (Сиыр).

3.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой).

4.Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса дағы сақалы,

Секендеуді қоймайды. (Ешкі).

Жауабын айтқан уақытта ортаға үй жануардың киемін киген бала шығып қимылын жасайды.

Балалар осы жануарлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз. (Үй жануарлары).

Бүгін балалар біздер үш топқа бөлінеміз.

Бірінші топ:Қамбар ата (жылқы).

Екінші топ:Ойсылқара ауылы (Түйе).

Үшінші топ:Зеңгібаба ауылы (Сиыр).

Әр топпен Ойын ойнатылады,ойынның аты «Қайтеді?».

1 топқа. Жылқы (қайтеді?) құлындайды,кісінейді.

2 топқа.Түйе (қайтеді?) боталайды,боздайды.

3 топқа.Сиыр (қайтеді?) бұзаулайды,мөңірейді.

Балалар осы үй жануарлардың төлдерін қалай атаймыз.

Құлыншақ, ботақан,бұзау, лақ,қошақан.

Балалардың тақпақтары: «Мал баласын сүйеді».

Қой сүйеді баласын қоңырым деп. Мерей

Сиыр сүйеді баласын торпағым деп.Айсәуле

Түйе сүйеді баласын тайлағым деп. Ерхат

Ешкі сүйеді баласын лағым деп. Жанна

Жылқы сүйеді баласын шұбарым деп. Аян

1 топқа. Жылқының пайдасы қандай? (Қымыз)

2 топқа.Түйенің пайдасы қандай? (Шұбат)

3 топқа.Сиырдың пайдасы қандай? (Сүт),яғни қымыздың,шұбаттын және сүттің адам ағзасына өте көп пайдасы бар екені анық,емдік қасиеті бар екенін бәріміз білетін боламыз.

Төрт түліктен

не аламыз

Жүн

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше