Ұлы даланың данышпаны
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
№ 26 ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қабдешова Жайнагүл Зинекенқызы
Сабақтың тақырыбы : Ұлы даланың данышпаны
Сабақтың мақсаты :
- Білімділік. Шоқан Уәлихановтың жеке тұлғасына деген жүйелі көзқарастарын өмірдерегі, еңбектері бойынша қалыптастыру, шығармаларын оқыту, талдау арқылы оқушы білімін, дүниетанымын кеңейту;
- Дамытушылық. Оқушыларды зерттей – зерделей білуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу, тіл байлығын дамыту;
- Тәрбиелік . Отанын сүюге баулу, қазақ халқының рухани мәдениетіне деген қарым – қатынасты жетілдіру.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Пәнаралық байланыс : тарих, география, сурет өнері
Сабақтың әдіс – тәсілдері : жоба қорғау, баяндау, талдау, сұрақ – жауап
Сабақтың өту барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу;
- Кезекшінің мәліметі;
- Оқушыларды топқа бөліп, тақырыптар беру.
1 – топқа : «Шоқан. Уақыт. Өмір» (Шоқан Уәлихановтың өмірдерегі).
2 – топқа : «Шоқан. Уақыт. Сапар» (Шоқанның саяхат сапарлары).
3 – топқа : «Шоқан. Уақыт. Зерттеу» (Шоқанның зерттеу еңбектері).
4 – топқа : «Шоқан. Уақыт. Өнер» (Шоқанның өнер саласындағы еңбектері ).
II . Негізгі бөлім.
Бірінші топ Шоқан Уәлихановтың өмір жолы туралы толық мәліметтер береді.
Шыңғыс
Жақып Қоқыш
Әбілмақыжан
Бәдіғұл – Жамал
Шоқан
географ ғалым әдебиетші
тарихшы
ориенталист
Сонымен қатар, Шоқан Уәлихановтың білім алған ортасы мен достары жайында да мағлұмат беріледі.
Екінші топ Шоқанның саяхат сапарларын картадан көрсетіп, география, тарих пәндерімен байланыстыра түсіндіреді.
Үшінші топ оқушылары Шоқанның зерттеу еңбектерін тарих, этнография, география, әдебиет, фольклор т.б. салаларға бөліп, суреттерін, дәйексөздерін оқып, ойларын дәлелдеп шығады.
Төртінші топ «Шоқан. Уақыт. Өнер» тақырыбында өз зерттеулерін ортаға салады.Бұл топ Шоқанның қолөнер, мүсін, сурет өнері , кескіндеме жанры, сәулет өнері саласындағы еңбектері және бүгінгі күндегі театр, кино, сәулет өнері салаларындағы Шоқан туралы толыққанды мәлімет береді. Топ оқушылары кино, театр сахналарында бұрын – соңды қойылған Шоқан Уәлиханов туралы шығармаларға, тұлғасын сомдаған актерлерге тоқталып өтеді. Мысалы, «Шоқан Уәлиханов» спектаклі (1956 жыл). «Шоқан Уәлиханов» фильмі (1958 жыл). Режиссері – М.С.Бегалин. Шоқан рөлінде – н.Жантөрин. «Шоқан анты» атты спектаклі. Шоқан рөлінде – А.З. Айрапетов. «Шоқан Уәлиханов» телефильмі. (1985 жыл). Режиссері – А.Әшімов. Шоқан рөлінде – Сағи Әшімов.
Сондай – ақ, әр қалаларда орналасқан Шоқан ескерткіштерінің суреттері көрсетілуі тиіс.
III . Білімді бекіту.
I. Тест жұмысы.
II.
III . Қорытынды.
V . Бағалау.
