Шын дарынның ашайық жан сарайын…

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы. № 26 ЖОББМ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміҚабдешева Жайнагүл Зинекенқызы.

Шын дарынның ашайық жан сарайын…

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Дарынды бала – белгілі бір әрекетте өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу- мұғалімнің алдындағы ең қиын іс. Демек,оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу ұстаздарға көп міндет жүктейді.

«Сенің елдігің тарихыңды зерттеуден басталады» – деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, шәкірттерімізді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу, шығармашылыққа шыңдау міндетіміз. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу- қасиетті парызымыз. Дарындылық- бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді деп күту керек пе, әлде көгенкөз балалардың бойындағы қабілетті ашып,болашақ қоғамның бір-екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуді алдымызға міндет етіп қоямыз ба? Әрине, дарынды балаларды іздеу, оларды тәрбиелеу мен оқыту қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет.

Дарынды балалармен жұмыс істеуде мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Өйткені, өзі шабан ойлайтын мұғалімнің дарынды оқушылармен шынайы жұмыс істеуі екіталай. Ал шығармашыл ұстаз бала бойындағы бейімділікті алдымен байқайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. Жалпы дарындылық балаға табиғатпен берілетін ерекше қабілет деп қарастырсақ, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту-дарынды баламен жұмыста басты нысана болмақ. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың дамып жетілуін зерттеп-зерделеген жөн.

Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты- табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету. Осы жағдайға жеткен оқушы әрқашан да ұстаз сенімін ақтайды. Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу қиын да күрделі іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеуде ұстаздың атқаратын рөлі зор.

Дарынды балаларды іздеу, оларды оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгін ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық. Баланың ерекше қабілетін күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып анықтауға болады.

Оқытудың мәңгілік сауалы: нені оқыту керек, қалай оқыту керек? Себебі, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді. Таланттылық пен дарындылықты дамыту үшін жаңа ұтымды әдістерді іздеу қажет. Ол әдістердің оқушылардың белсенділігіне, ізденімпаздығына, оқиғаны сын көзбен қарауға негізделген. Осындай әдістердің негізі деп:

  1. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын»;
  2. Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясын»;

  3. Қ.О.Бітібаеваның «Конструкциялық жобалау технологиясын»;

  4. Ж.Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесін»,

  5. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын айтар едім

Қабілетті, дарынды оқушыларға жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, ата – ана – мектеп – оқушы – ұстаз байланысын жоғары ұстау қажет. Ең бастысы, табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білу керек.

Дарынды баламен жұмыс сыныпта сабақ берумен шектелмеуі керек. Ол жұмыс- мұғалімнің қажырлы еңбегін, көп уақытын, педагогикалық шеберлігін қажет етеді. Сондай-ақ дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби «тұлғасы» мынадай қасиеттерден тұрады: Жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми-зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.Мұғалімнің дарынды оқушымен жұмыстарының тәрбиелік мәні зор.Осындай жұмыстарды орындау барысында оқушылар ізденеді,еңбектенеді,шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындалады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: « Көптеген табиғи таланттың табиғи құбылысына терең бойлай алмай дарынсыз ұстаздар» тұлпарды есекке айналдырады, құртып тынады. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. Өйткені, біздің алдымызда болашақ мамандар отыр, оларға тура жолды көрсету-біздің меншігімізде.

ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше біздің ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұрпақ тәрбиелеуіміз керек екенін бір сәт те естен шығармағанымыз жөн деп есептеймін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше