Қазақстанның экономикалық аудандары бойынша оқу материалдарын қорытындылап қайталау

Қазақстанның экономикалық аудандары бойынша оқу материалдарын қорытындылап қайталау

Сабақтың мақсаты.

  1. Қазақстанның экономикасы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.
  2. Негізгі экономикалық – географиялық ұғымдар жайлы маңызды да қызғылықты мәліметтерді қайталап бекіту.

Қазақстанның экономикалық – әлеуметтік географиясын қаншалықты меңгергендігін түсіну үшін оқушылардан нақты қойылған сұрақтарға мазмұнды да негізделген жауап алу қажет. Сұрақтарды қосымша оқу құралдарынан алуға болады.

Қосымша тапсырмалар

  1. Төмендегі кестені оқушылар республикамыздағы статистикалық көрсеткіштер мен пәннен алған білімдеріне сүйене отырып толтырады.

1 – кесте

Жер көлемі
Халқы
Халқының тығыздығы
Кенттену көрсеткіші, % есебінен

2.Жүйелілік кестесімен жұмыс

Қазақстанның экономикалық аудандары

2-кесте

Экономикалық аудандар Табиғат қорлары Шаруашылығының негізгі салалары Ірі қалалары
Орталық Қазақстан
Батыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Солтүстік қазақстан
Оңтүстік Қазақстан

3.Салыстырмалы кестемен жұмыс 3-кесте

Комбинат атауы Шикізат көзіне қарай Отын-энергия көзіне қарай Тұтыну аудандарына қарай мысалдар
1.Толық циклды металлургия комбинаты(шойын,болат) Теміртау
2.ферроқорытпа зауыттары
3.Мыс зауыттары
4.Алюминий зауыттары
5.Титан-магний зауыты
6.Қорғасын зауыты
7.Мырыш зауыты
  1. Қазақстанның географиялық жағдайының негізгі ерекшеліктері қандай?
  2. Қандай облыстардың аумақтары әлемнің екі бөлігінде орналасқан? (Жауабы: Атырау, Батыс Қазақстан облыстары.)
  3. Қазақстан теңізге шығатын қандай мемлекеттермен шектеседі?

(Жауабы: Қытай, Иран.)

  1. Қазақстанның жер көлемін көршілес республикаларымен және дүние жүзінің басқа елдерімен салыстырыңдар.
  2. Екі өзенде орналасқан облыс қалаларын атаңдар. ( Жауабы: Орал (Орал, Шаған); Ақтөбе (Елек, Қарғалы); Өскемен (Ертіс, Үлбі) ; Алматы (Үлкен және Кіші Алматы.))
  3. Қазақстанның халқы мен еңбек ресурстарының негізгі ерекшеліктерін атаңдар (тығыздығы, табиғи өсімі, халқы, еңбек ресурстарының мөлшері, олардың топтары, қала халқының үлесі).
  4. Қазақстан қандай табиғат ресурстарына бай?
  5. Қазақстанның даму барысында қандай факторлар анықтауыш болып отыр? (Жауабы: минералға бай, топырақ, агроклиматтық ресурс; су ресурсының тапшылығы, жауын – шашын аз; табиғат жағдайы алуан)
  6. Қазақстан қандай минералды ресурстарға бай?
  7. Мұнай – газ беретін екі облысты ата. ( мұнайының ерекшелігі)
  8. Ауыр өнеркәсіптің негізгі орталығы мен дамыған аудандарын ата: көмір; қара мет; түсті мет; химия; мұнай.
  9. Ірі көмір бассейндеріне сипаттама беріңдер.

а) Қарағанды б) Екібастұз

14. Қазақстанның орталық және шығыс бөліктерінде түсті металлургияның

дамуы.

15. Қазақстанның экономикалық аудандарының жер көлемін салыстыра

отырып, сипаттама беріңдер.

16. Павлодар – Екібастұз АӨК –де қандай өндіріс дамыған? ( арзан көмір

өндіру; көмірмен жұмыс істейтін ірі Екібастұз СЭС –те электр энергиясын

өндіру; энергияны аз қажет ететін ферроқорытпа және глинозем

өндірісінің дамуы; ауыл шаруашылығы машиналарын шығару; мұнай

өңдеу; тамақ өнеркәсібі.)

17. Павлодар – Екібастұз АӨК –де қосымша қандай өндіріс түрлерін дамыту

қолайлы? (алюминий балқыту; полимер материалдары өндірісі; дайын өнім

шығару.)

18. а) Маңғыстау; ә) Қаратау – Жамбыл АӨК –де негізгі табиғат ресурстары қандай?

( мұнай және газ; уран рудалары; сирек металдар; фосфориттер.)

19. АӨК – тің дамуы қоршаған ортаға қандай зиянды әсер етеді? (ашық әдіспен ірі

карьераларды өндіру ландшафтың өзгерісін тудырады; Каспий теңізіндегі мұнайды

ашық өндіру аймақтың флорасы мен фаунасына әсер етеді; химия өнеркәсібінің

қалдықтары ауаны, суды, топырақты ластайды; топырақтың металлургия өндірісінің

қалдықтарымен ластануы).

20. Қазақстанда ауыл шаруашылығының қай саласы басты рөл атқарады?

21. Солтүстік Қазақстанда және Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығының қай саласы

жақсы дамыған? ( күздік бидай, тары, күнбағыс, етті- сүтті мал шаруашылығы, биязы

жүнді қой шаруашылығы; бидай, күріш, қант қызылшасы, мақта шаруашылығы, бау –бақша

шаруашылығы, жүгері, биязы жүнді қой шаруашылығы және қаракөл елтірісін беретін қой

шаруашылығы.)

22. Батыс Қазақстанның алдына қойған міндеттері қандай?

23. Оқушылар статистикалық мәліметтерді пайдаланып, график, диаграмма сыза білулері

және оны талдай алулары тиіс.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше