Еңбек-бәрін жеңбек

Исамалиева Хадиша

бастауыш сынып мұғалімі

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Еңбек-бәрін жеңбек

Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап.

Абай

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

-еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: Сын тұрғысынан ойлау әдістері, сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, себет, дәптер, оқулық.

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, ән айтады.

Болайықшы осындай

Сөзі мен әнін жазған А.Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай.

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Қызығушылығын ояту

Ребус шешу:б2(Еңбек) Әңгімелесу *Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? *Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? *Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар? *Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары

-Дұрыс айтасыңдар! Ауа, су,тағам. Ауа,су- табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні- нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруі не қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі,бәрі де еңбекпен келеді.

Тапсырма

1.Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау үшін балаларға тапсырма береді.

Мағынаны түсіну

Мәтінмен жұмыс.

Б.Әбіловтің «Еңбексіз өмір-сүреңсіз» мысал әңгімесін топта оқып түсінеді.

Балалар өз тобында түсінгендерін басқа топқа жеткізеді, әңгімелейді.

*Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

*Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

*«Еңбексіз өмір-сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

Оқушылардың жауаптары оқулықта берілген анықтама мен дәйексөздің мағынасын түсіндірумен түйінделеді.

Нақыл сөз

Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап.

Абай

Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеу керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады (атрибуттар киеді).

Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.

Қайдан келдің, бауырсақ?

Ө.Тұрманжанов

Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

-Қайдан келдің, бауырсақ?

Деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім

Нан сатқан,-

Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдін қай жақтан?

-Наубайдан келдім нан

жапқан.

-Наубайға келдің қай жақтан?

-Диірменнен келдім ұн

тартқан.

-Диірменге келдің қай

жақтан?

-Даладан келдім кең жатқан.

Жер- анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген

.

Оқулықтағы суреттер бойынша оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы « Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді?»- деген сұрақ аясында шығып сөйлейді.

Ой қорыту

-Бүгінгі сабақта не туралы айттық?

– Еңбек туралы мақалдар айтайық.

Үйге тапсырма: «Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазу

Жүректен жүрекке

  • Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтады.
  • «Еңбек» өлеңі Н. Жанаев

Гүл өсірсең, терлеп, Сабағыңды жөндеп,

Мұның аты – Еңбек. Әзірлесең – Еңбек.

Кесте тіксең зерлеп, Қиындықтың бәрін,

Мұның аты – Еңбек. Еңбек қана жеңбек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше