Ақ күрішті аймақ

Исамалиева Хадиша

бастауыш сынып мұғалімі

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Ақ күрішті аймақ

Сабақтың мақсаты: 1. Еліміздің байлығы- күріш және ақ күріштің Отаны-

Қызылорда облысы туралы мағлұмат беру.

  1. Облысты Қазақстан картасынан көрсетуге жаттықтыру.

3 .Еліміздің байлығы жайлы мақтаныш сезімін ояту, оны қорғау, жаны

ашу сезімдерін ояту.

Сапбақтың әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу,тірек-сызба,жаңа технология әдістері,ребус,сөзжұмбақ шешу.

Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. Өтілген материал:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Ел болу тарихымыздан»

4 бөлім:

а) Ежелгі дүние тарихы

ә)) Қазақ хандығы

б) Қазақ елінің жауы

в) Мемлекет тәуелсіздігі

  1. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

-Қазір біздің мемлекетіміз қандай мемлекет? (Тәуелсіз егеменді мемлекет)

-Мемлекетіміздің басшысы кім? (Президент Назарбаев Н:Ә)

-Қай жылы Президент болып сайланды?( 1991 ж 1 желтоқсан)

-Республикамызда заң шығарушы орган өалай аталады? ( Парламент)

  • Ол неше палатадан тұрады? (Жоғары палата-сенат,Төмен палата-мәжіліс)

-Үкіметті кім басқарады?( Премьер-министр)

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Бүгінгі сабақ- саяхат сабағы. Қайда саяхатқа баратынымызды анықтау үшін ребус шешу.

Шешуі: «Қызылорда»

Қызылорада облысына саяхат жасаймыз. Саяхатқа поезбен барамыз.

І аялдама: Қызылорада қаласы:

Еліміздің оңтүстігінде Сыр өзенін бойлай орналасқан.

Қызылорада облысы туралы Мұқанова Жанар әңгімелейді.

ІІ.аялдама: Сырдария өзені.

Осы өлкеге ерекше көрік беріп,берекесін сыйлап жатқан Сырдария өзені.Сыр бойының халқы өзеннің алабұға,сазан,табан,жайын,аққайран,көксерек сияқты балықтар аулайды.Осы Сыр өзенінің табиғи байлықтары туралы Саматова Т, Есенғалиев Қ әңгімелеп береді.

ІІІ. аялдама:

Сыр өзенінен нәр алып жайқалып өскен «Ақ күрішті-алқапқа» келдік. Күріш туралы-Тұрсыналиева Қ әңгімелейді.

ІҮ аялдама:

Енді соңғы жылдары тағдыры бүкіл әлемді толғандырып отырған Арал теңізіне келдік. Теңізге құятын өзен суларын орынсыз ысыраптау салдарынан Арал теңізінің суы тартылып барады. Әтімова Бота әңгімелейді. «Аралдың экологиялық жағдайлары» туралы айтады.( картадан көрсету)

  1. Оқулықпен жұмыс:

а) Оқушыларға тізбектей оқыту.

ә) Сұрақ-жауап бойынша жұмыс

  1. Үйренгенімізді жинақтау үшін оқушыларды 4 топқа бөлімі тапсырмалар беріледі.
  1. Сөзжұмбақ шешу: «Қызылорда»
  1. Қызылорда қай қзенді бойлай орналасқан? (Сырдария)
  2. Облыстың басқа қалалармен қатынасына , сауда –саттықты жақсы дамытуда қолайлы жағдай не? (темір жол)
  3. Облыстың басты байлығы не?(күріш)
  4. Күріш өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған кім? (Ыбырай Жақаев)
  5. Терісі бағалы қандай қой өсіріледі?(қаракөл қойы)
  6. Сырдария өзеніндегі балық? (сазан)
  7. Жер шарында күріштің неше сорты бар?(200)
  8. Қызылорда өлкесінің табиғаты қандай?(шөлді)
  9. Қызылорда облысындағы теңіз? (Арал)
  1. Б.Ү.Ү стр – сы бойынша білімді тиянақтау.
Б Ү Ү
Егер де мен ғалым болсам….

5. Оқушылар пікірі.

Ластамау.

Ағаш отырғызу.

Суды үнемдеу.

Жайық өзенінен

қалдықты су жіберу.

төкпеу.

балығын қорғау.

Мұнайды төкпей тасу.

Мұнайды бұрғыламау.

6.Үйге тапсырма:

  1. Мәтінді түсініп оқу.
  2. Көже,палау жасау жолдарын біліп келу,жазу.

7.Бағалау.

8. Қорытынды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше