Ұл бала мен қыз бала 3-сынып

Исамалиева Хадиша

бастауыш сынып мұғалімі

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Ұл бала мен қыз бала 3-сынып

Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру;
  • өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

  • инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, екі плакат, маркер.

Шаттық шеңбері слайд-1

Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі. Бәрі бірге ән салады.

«Біз – туған ел баласы»

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Қызығушылығын ояту слайд-2

Тақтадағы сөзжұмбақты шешуді тапсыру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Жаңа сабақтың тақырыбы «Ұл және қыз» деген сөздер шығады.

Топтастыру

І топ «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»

ІІ топ «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?» деген сұрақтарға жауап жазады.

Тақтадағы плакатқа төрт топ өз жазбаларын іледі, оқиды, қорғалады.

Жағдаяттарды талдау. Слайд-3

Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын кеңінен түсіндіру үшін жағдаяттарды талдау ұйымдастырады. Оқулықта түрлі жағдаяттарға құрылған суреттерді талдап, шешеді, шешімін сынып алдында жария етеді. Ұл бала мен қызбаланың бірін- бірі сыйлауға дағдыландыру үшін төмендегі жағдаяттар талданады:

  1. Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады, сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтады. Самал жылап жібереді.
  2. Санжардың әрекеті туралы өз пікірлерінді білдіріндерСынып жетекшісі оқушыларға тапсырма береді. Сұлтан: – Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?! Мен істемеймін сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, , – дейді.
  3. Сұлтанның орнында болсандар сендер не істеген болар едіндер Әсияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте береді. Ыза болған Әсия Ғалымды итеріп жібереді де, отыра қалып жылайды.

Әсия мен Ғалымның орнында болсандар сендер қандай шешімге келер едіндер?

  1. Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты, Сәкен оған жәрдемдесті. Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып кетті.

Сәкен мен Жәнияның орнында болсандар не істер едеіндер?

  • Мұғалім өз ойын түйіндеп:
  • Өз ойларынды еркін жеткізе алғандарына қуаныштамын. Сыныпта досына, ол ұл болсын, не қыз болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздын жұмысы, ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ұл ғой деп кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды.

Мағынаны талдау слайд-4

Мәтінді оқу «Кімнің жұмысы?» Т.Дәуренбеков

Мазмұнын ашу, талдау. Алтайға мінездеме беру.

-Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді? Қандай қорытынды шығаруға болады?

-Ұл бала мен қыз баланың достығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату –тәтті болып, сыйластықты қарым –қатынас жасай білу – әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.

Шығармашылық жұмыс: слайд-5

Ұлдар мен қыздарды екі топқа бөліп.

Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттер көргін келеді?»

Қыздарға «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттер көргін келеді?»

Дәйексөз. Слайд-6

Тақтаға жазылған «Ел ұлымен берік, қызымен көрік» делінген халық даналығының мәні ашылады.

  • Қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға,алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шықты емес пе? Қобыланды, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т.б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз – мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтары ерлерден кем түспейтін қыздар да жоқ емес. Мысалы: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, Домалақ ана және т.б.

Ой қорыту:

«Тақия тастау» ойыны. Слайд-7

«Егер ұл болсам….., егер қыз болсам…..» атты ойынды ойнау.Айта алмай қалған оқушы айып тартады.

Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам….», «Егер қыз болсам…» атты ойын ойнату.

Қорытындылау. Сонымен, ұқыпты, сүйкімді, көрікті, сыпайы, бір-бірін ренжітпейтін, ауыр сөз айтпайтын, бәріне мейіріммен қарайтын, бір – бірін сыйлай білетін ұл – қыз болып өсу.

Жүректен жүрекке.

Дәптермен жұмыс.

Жүректен жүрекке. (Бір-біріне жылы сөздерін арнайды)

Е.Өтетілеуовтың «Ұл бала мен қыз бала» атты өлеңін бәрі бірге айтады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше