Үндістанның халқы, шаруашылығы
Сабақтың тақырыбы: Үндістанның халқы, шаруашылығы
Сабақтың білімділік мақсаты: 1. Халқының саны, этностық топтарына тоқтала
келіп, мемлекеттік тілі, ұлт құрамына, дініне,
халқының ерекше мәдениетіне тоқталу;
2. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі туралы білім
беру;
3. Шаруашылығының басты бағыты туралы білік-
дағдыны қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Қосымша ақпарат көздері арқылы Үндістан
халқының салт-дәстүрінің ерекшелігімен танысу
Тәрбиелік мақсаты: «Ежелгі тарих» пәнінде өткен материалға сүйене
отырып, «Үнді-Ганг» ежелгі өркениет ошағына
ерекше тоқталу
Көрнекілігі: 1. «Үндістандағы діндердің таралуы» картасы
2. Дүние жүзі халықтары картасы
3. Үндістанның экономикалық картасы
Сабақтың әдісі: Дәстүрлі сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі
Сабақтың барысы: І. Үй тапсырмасын сұрау
ІІ. Жаңа материалды оқып-үйрену
ІІІ. Жаңа материалды бекіту
IV. Үйге тапсырма беру
І. Үй тапсырмасын сұрау
1. Үндістаннның географиялық орнының қандай ерекшелігі бар?
2. Географиялық орнының, елдің геосаяси жағдайы мен экономикасына әсері қандай?
3. Үндістанның табиғат жағдайларының басты белгілерін атаңдар?
ІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың негізгі мазмұны: 1. Демография ғылымы, оның бағыттары
2. Халықты оқып-үйренудегі негізгі мәселелер
3. Үндістан және Қазақстан халқына салыстырмалы
сипаттама
4. Үндістан шаруашылығы
Музыка ырғағымен
Ертегілер елінің ертеңі еңселі
Иә, балалық шақтан санамызға сіңген пақырлар мен пілдер отаны – Үндістан.
Талай ғасыр Ұлы Моғолдар билік жүргізіп, гүлдендірген ғажап ел. Талай жылдар ағылшын отаршылдарының езгісіне түсіп, осыдан 60 жыл бұрын ғана бодандық бұғауынан босанған азат ел. Ғашықтар тілін ән мен би арқылы ұқтырған, аты аңызға айналған әмірші Ақбар махаббат символы – Тәж-Махалды тұрғызған шежірелі ел.
Үндістан мемлекеті туралы бейнеролик
Бүгінгі өтілетін тақырып: «Үндістанның халқы, шаруашылығы»
Сұрақ:
(бейнесұрақ)
1. Халық туралы ғылым қалай аталады?
2. «Экономия» сөзінің мағынасы қандай?
2-слайд
Халықты оқып-үйренудің жоспары
- Халық саны
- Табиғи өсу
- Халық тығыздығы
- Қоныстануы
- Урбандалу
- Ұлттық құрамы
- Негізгі таралған тілдер
1.Үндістанның халқының саны – 1095 млн. адам, Дүние жүзі бойынша 2-орында
2.Үндістанның халқы көп ұлтты ел. Негізінен 72% үнді-арийлер (300-ден аса этностық топтан), дравидтер – 25%, монғол тектес – 3%. Елде 500-ден аса ұлттар мен тайпалар мекендейді.
Ұлттық құрамы
3. Тілі – хинди және ағылшын тілдері. Билингзвимз, яғни қос тілділікті жүзеге
асырады. Сонымен бірге 14 тіл, басқа да штаттарда ресми тіл қолданылады.
Елдегі тұрғындар 100-ден аса тілде және көптеген диалектілерде сөйлейді.
4. Басты діні – индуизм 82,5% Басты діндері
Ислам 11,4%
Христиан 2,4%
Сикха 2%
Будда 0,7%
5. Тығыздығы 1км2 – 290 адам.
6. Табиғи өсуі жоғары
7. Урбандалуы
8. Жыныстық құрамында әйелдерге қарағанда ерлер басым.
9. Халықтың өмір сүру ұзақтығы ерлерде 58 жас, әйелдерде – 60 жас
Ерлердің – 64%, әйелдердің 39% сауатты.
ВИДЕОСҰРАҚ
Қазақстан халқының Үндістан халқымен салыстырмалы сипаты қандай?
ВЕНН диаграммасымен жұмыс
1 оқушы тақтаға шығып, Венн диаграммасына ерекшелігі мен ұқсастығын жазып шығады. (жеке оқушылар өз бетімен орындайды)
Шаруашылығы
Үндістан халқының 31,7 млн. еңбекке жарамды, оның 65% ауыл шаруашылығында еңбек етеді.
Үндістан экономикасында дәстүрлі ауылдық, шаруашылық пен жақсы жабдықталған кәсіпорындар қатар дамуда.
Үндістан – аграрлы ел, сондықтан да шаруашылығының жетекші саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады.
Ел экономикасын шешудегі маңызды факторлар
Жер қойнауының Табиғат жағдайының Ашық мұхитқа
байлығы қолайлығы шыға алу мүмкіндігінің болуы
Ауыл шаруашылығындағы егін жазғы мезгіл (хариф)
қысқы мезгілі (раби) деп аталады.
Негізгі дақылдары:
күріш – Ганг өзінінің төменгі ағысы
бидай – Ганг өзенінің жоғарғы, орта ағысы
тары – Декан таулы үстірті
мақта – Декан таулы үстіртінде өсіріледі.
Ең басты экспорты – шай (Шығыс Гималай)
Мал шаруашылығының негізі – қой шаруашылығы
Ірі қара саны жөнінен дүние жүзінен І орынды алып, (қодас, сиыр) күш көлігі ретінде қолданылады.
Өнеркәсібінің жетекші салалары
- Болат құю
- Мақта – мата
- Машина жасау
- Тау-кен өндіру
- Мұнай өндіру, өңдеу
- Фармацевтика
- Энергетика
- Химия өнеркәсібі
Экономикалық серіктер: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония.
ІІІ. Бекіту сұрақтары
1. Үндістан халқының саны, ұлттық құрамы, тілі, дінінің сипаты
2. Үндістанның маманданған шаруашылығы
3. Экономикалық серіктері
ҚР Президенті Н.Назарбаев 2009 жылдың қаңтар айында Үндістан еліне сапарында «Біздің республикамыз – Үндістанның Орталық Азиядағы ең ірі серіктесі: Үндістанның өңірдегі тауар айналымының жартысынан астамы Қазақстанның үлесіне тиесілі» – деп атап көрсетті.
IV. Үйге тапсырма
1. Үндістанның халқы, шаруашылығын оқу
www.azattyq.org сайттарынан мәлімет алу
3. Хрестоматиядан Үндістан туралы түсінік алу
