Қайталау -+ 8

Изтелеуова Маржангуль Накимжановна

Бастауыш сынып мұғалімі

Ақкөл орта мектебі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосы

Сабақтың тақырыбы ; Қайталау -+ 8

Мақсаты : Іскерлік ойын арқылы 8 санын қосу кестесін және азайтудың сәйкес жағдайын тиянақтай түсу, кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру,екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептерді салыстыру.

Оқушының өз бетімен жұмыс істей білуін ізденушілігін дамытып қиялын ұштау.

Тапқырлықты және шығармашылық қабілетті дамыту.

Сабақтың түрі; іскерлік ойын сабағы.

Әдісі : сұрақ-жауап,өз беттік жұмыс,топтастыру.

Көрнекілігі : кима кағаздар,ұлестірмелі карточкалар,интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық Сәлем көрші

Сәлемімді қабыл алып

Жабырқамай күлімдеші

«Тамаша-ғой ,бүгін»—деші.

2.Кіріспе. Бүгінгі біздің сабақ іскерлік ойын түрінде өтеді. Оқушылар 3 топқа бөлініп 3банктің қызметкері боласыздар 1-топ—Достық,2-топ—Бірлік,3-топ Жомарт атты банк. Осы үш банк бір үлкен корпорация құрап Халықаралық деңгейде жұмыс жасау үшін,Халықаралық Валюталық Қорға өтініш жібердіңіздер,сіздерге несие беруге. Сол себептен сабаққа қордың өкілдері қатысып ,сіздер қалай жұмыс жасайтындарыңызды байқайды. Сіздің корпорацияға сеніммен болашақта несие беруге болады ма,нақты ұйымдастырылған тұрлаулы бизнес құрылым бе екен көреді.

Сіздің мақсатыңыз—бірігіп жұмыс жасап өз білімдеріңізді көрсету,бар күштеріңді сол несиені алуға тырысу.Ол әрқайсыңыздың жұмысыңыздан байқалады.

Әр тапсырманы орындаған сайын,сарапшы несие деген карточка беріп отырады.Сабақ соңында ол бағалауға есептеледі.Сонымен қатар өздеріңізді бағалайтын парақша таратып беремін соған өздеріңнің әділ баға қоясыңдар.

Тапсырмаға көшпес бұрын ,біздің ауданда корпорация бар ма. Кандай өнім сатады.

Оқушылардың жауабы тыңдалады,мен тұжырымдаймын.

Корпорация—бұл өз қызметін өндірістен тауарлармен қызмет сатудан пайда табу мақсатында Ұйымдастыратын тұрлаулы бизнес құрылым.

3 этап . Тапсырманы топпен орындау . 1—слайд

Банктегі ішкі және сыртқы ревизия.Ішкі ревизия есептері ауызша айтылады.

Сыртқы ревизия есептері жазбаша орындалып сарапшылар тексереді

5 + 8 = 8 + 4 = 6 + 8 = 3 + 9 = 5 + 6 = 2 + 9 =
5 + 7 = 3 + 9 = 5 + 9 = 5 + 7 = 9 + 9 = 5 + 6 =
4 + 7 = 7 + 5 = 8 + 4 = 9 + 2 = 9 + 5 = 7 + 6 =
8 + 6 = 7 + 9 = 8 + 3 = 7 + 9 = 8 + 8 = 6 + 5 =
3 + 8 = 5 + 9 = 4 + 9 = 7 + 8 = 3 + 8 = 6 + 7 =
13 – 4 = 13 – 9 = 14 – 9 = 11 – 3 = 11 – 2 = 13 – 5 =
16 – 9 = 15 – 7 = 14 – 5 = 17 – 8 = 16 – 9 = 12 – 3 =
13 – 4 = 15 – 8 = 12 – 4 = 15 – 9 = 16 – 7 = 13 – 5 =
15 – 7 = 13 – 9 = 18 – 9 = 11 – 9 = 15 – 6 = 11 – 3 =

Сыртқы ревизия есептері

80 – 30 = 90 + 10 = 20 + 50 = 90 – 50 = 30 + 30 = 40 – 20 =
70 – 60 = 30 + 60 = 80 – 60 = 50 – 20 = 70 – 10 = 40 + 30 =
100 – 60 = 20 + 50 = 40 – 10 = 90 – 10 = 80 – 10 = 70 + 30 =
40 + 20 = 80 – 50 = 30 + 50 = 90 – 20 = 30 + 10 = 20 + 20 =
90 – 50 = 80 – 40 = 60 – 30 = 70 – 50 = 20 + 30 = 50 – 30 =
33 + 5 = 78 + 1 = 37 – 4 = 23 + 5 = 25 – 3 = 44 – 3 =
78 + 1 = 72 + 3 = 83 + 6 = 51 + 4 = 49 – 5 = 76 + 2 =
52 + 6 = 43 + 6 = 38 – 5 = 35 – 4 = 64 – 3 = 26 – 4 =
54 + 3 = 67 – 4 = 35 – 4 = 22 + 3 = 47 + 2 = 28 – 6 =

4этап. Оқулық пен жұмыс.

Банк басшылары тақтаға шығып есеп шығарады.

1-топ 2-топ 3-топ

98 бет 3а тапсырма, 99бет 5тапсырма 99бет 3бтапсырма

Қалған оқушылар 2-слайд теңдеулерді шешіп ауызша талдап айтады

Х+8=17 17-х=8 х-8=9

5этап Сергіту сәті. 3-слайд.

Шыршаның жаттығуы

6-этап. Топ аралық жұмыс.

Әр топ бір-біріне есеп жібереді конвертпен

7-этап. Шығармашылық тапсырма.

4—слайд сурет бойынша мазмұнды есеп құрау

5-слайд. Логикалық тапсырма. Автобус,үй,тікұшақ,велосипед т.с.с суреттер

Берілген суреттегі заттардың қай бөлшегі геометриялық фигураға ұқсас

8-этап. Қортындылау . Ойыннан шығу.

Оқушылар өздерін бағалау. Несие карточкаларын санап ,қай топ алға шыққанын анықтау.

-Болашақ өмірде бүгінгі сабақтан пайдаға асатын жері бар ма.

-Сабақ барысында қуанған сәттерің болды ма.

Бағалау. Мадақтау.

Үй тапсырмасы 99бет 7тапсырма

Тақырыбы: Дұрыс тамақтанудың маңызы

Мақсаты:денсаулықты сақтау және жақсартудағы дұрыс тамақтанудың рөлі туралы оқушылардың білімін дамыту,тиімді тамақтанудың дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері :

1.Тамақ өнімдерінің сапасы және оның адам денсаулығына әсері туралы оқушылардың білімін жетілдіру.

2.Гигиеналық ережелерін сақтаудың маңызы туралы көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілік : интерактив тақтасы

Сабақтың барысы:

Тақырыптағы өзекті мәселелер.

«Біз не жесек сол боламыз» –дейді П.Брегг

Адамның барлық ғұмыры ағзада жүретін үздіксіз зат алмасумен байланысты. Сол себепті тамақ—кез келген нәрсенің негізгі тіршілік көзі.

Жаңа сабақ түсіндіру

1—слайд.

Күнделікті өмірде, қауіпсіз тамақтанудың бес маңызды қағидасын сақтаңыз:
1. Тазалықты сақтаңыз.
2. Шикі өнімді әзір астан бөлек ұстаңыз.
3. Тамақты жақсылап пісіріңіз.
4. Тағам өнімдерін қауіпсіз температурада сақтаңыз.
5. Таза су мен қауіпсіз шикі азық-түліктерді пайдаланыңыз.
Дұрыс тамақтану – бұл адам денсаулығының негізі, ол қоршаған ортаның түрлі жағымсыз әсеріне ағзаның төзімділігін арттырады. Өзіміз қолданатын тағам, ағзамыз физикалық жүктемелер кезінде де, тыныштық қалпында да жұмсайтын энергия көзі болып табылады. Біздің тініміз бен жасушаларымыздың жаңалуына ықпал етуші де осы. Сондықтан сіз қаншалықты құнарлы тамақтанумен қамтамасыз етілсеңіз ағзаңыз соншалықты тез жаңаланады әрі жасарады. Не үшін дұрыс тамақтану керек? Жүрек-тамыр аурулары мен асқазан-ішек жолдары ауруларының, сусамырдың, сүйек кемтігі мен обырдың алдын алу үшін. Ұзақ әрі саламатты өмір сүру үшін.

2—слайд

Қалай дұрыс тамақтану керек?
– Қарныңыз ашқан кезде ғана тамақтаныңыз.
– Тек отырған күйде тамақтаныңыз.
– Асықпай әрі тамақты мұқият шайнап жеңіз.
– Тағамды аузыңызға шағын порциялармен салыңыз.
– Көңіл-күйіңіз қалыпты болған кезде тамақтаныңыз.
– Тамақтану барысында ойыңызды тек тағамды қабылдау шарасына ғана шоғырлаңыз. – Тағамды жиі жемеңіз, өйткені бұрын желінген ас қорытылуы тиіс, тамақтанудың арасы 4 сағаттан кем болмауы тиіс.
– Бір рет тамақтану барысында 4 түрлі тағамнан артық жемеңіз.
– Тамақтанып бола сала су мен сусын ішпеңіз.

3—слайд

Тамақішу тәртібі

Тамақ ішу тәртібін жүйелі түрде сақтамау асқазан ауруларының дамуының негізін салады, ағзадағы зат алмасуының бұзылуын туындатады.Осындай ретсіз тамақтану асты көп ішу дағдыларын қалыптастырады, яғни дене салмағының артуына , ал кейде семіруге әкеп соқтырады. Әсіресе, организмі калыптасу мен қарқынды өсу деңгейінде болатын жеткіншектер дұрыс тамақтану тәртібін сақтағаны маңызды

Сергіту сәті. 2-3 минут Дауыл жаттығуы.

Ойға шабуыл.

1.Бұдан көп жыл бұрын адамның ата-тегінде цивилизация аурулары неге болмаған?

2.Казіргі кездегі тамақтың ерекшелігі неде?

Сауалнама

1.Нансыз тамақ ішесің бе?

2.Қандай көкөністерді күнделікті жейсің?

3.Қандай жемістің шырынын сен ішесің?

4.Күніне неше рет сүт ішесің?

5.Сен балықты жақсы көресің бе?

6.Шайға қантты көп саласың ба?

Бекіту: Тренинг «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі».

Бір оқушы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» ортаға шығады.Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап,шеңбер құрады.

Бағалау.(суреттер беру)

-Сонымен балалар,бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді өмірде пайдалана біліңдер.Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі.

Тәрбие сағаты «Салт-дәстүрі қазақтың, Сарқылмайтын кенмен тең»

Мақсаты: Халқымыздың ізгі адамгершілік қасиеттерін оқушылар бойына сіңіріп, имандылық мінез- құлқын қалыптастыру, ізеттілікке, сыпайылық, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік :киіз,алаша,ою-өрнек түрлері,интербелсенді тақта.

Түрі :ата-ана мен оқушылар бірігіп екі топқа бөлініп сайысқа түседі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

–Қазақ халқында қарттарды құрметтеу,үлкендерді сыйлау,балаларға жанашырлық,жастарға қамқорлық ету , ата-ананы ардақтау,әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. Қасқа қатал,досқа адал болу — халқымыздың негізгі мінез қүлқы.Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет-ғүрыптар бар. Бөл әдет – ғүрыптар өазақ өмірінде жазбаға түспеген заң сияқты терең тамыр тапқан. Б.гінгі тәрбие сағатында халқымыздың әдет-ғүрпын ,салт—дәстүрін қаншалықты білетіндеріңді жарыста көреміз. Ортаға Шаңырақ , Алтын ұя тобы шақырылады.

Сайыс түрлері:

1 Танысу

2Ою ойғанның ойы ұшқыр

3Ойын — Сиқырлы қоржың

4 Салт—дәстүрімізді білеміз бе?

5 Ақ сандық,көк сандық.

6 Өнерлі бала өрге басар.

Екі топтың мүшелері өздерін өлеңмен таныстырады.

Әділқазылар баға беріп отырады.

2 Жеті минуттің ішінде ою ойып қағазға жапсырып аты аталады.

3 Сиқырлы қоржын сұраққа жауап береді.

1Қазақша ай аттарын ата

2Абайдың бір өлеңін жатқа айту

3 Оқу білім туралы мақал айту

4 Төрт түлік оның пайдасы туралы айту

5Сүттен қандай тағам алынады т.с.с

Салт-дәстүрге қатысты көрініс көрсету.

Ақ сандық,көк сандық

Сан туралы қазақ халқы қандай сөздер айтқан. Мысалы 7 қазына ,3 арсыз т.с.с

Өнерлі бала өрге басар

Ән,би,шешенді сөз көрсету керек

Қортынды.

-Мінекей балалар,ата-аналар бүгін өздеріңізді көрсете білдіңіздер, салт-дәстүр тек бұл ғана емес,бұдан да көп . Сол дәстүрлерді біле түсейік. Халқын сүйген бала салтын да сүйеді. Сондықтан әдет-ғұрпын сақтай білейік. Жерімізді,байлығымызды қорғай білейік. Мәдениетімізді көркейте түсейік.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше