«Жылдамдыққа арналған эстафета»

12 І.Қабылов атындағы орта мектеп

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Досов Қуаныш

Қызылорда қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Жылдамдыққа арналған эстафета»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындардың қимыл-қозғалыс біліктілігін арттыру.Салауаттылыққа дағдылау.Өскелең жеткіншектің келбетті дамуына ықпал ету.Жылдамдық,ептілік рефлексін дамыту.Өмірге бәсекелес ұрпағын тәрбиелеу.Оқушылар бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі:дәстүрлі

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Құрал-жабдықтармен көрнекілігі:Ысқырық,баскетбол доптары,кедергілер,таяқшалар.

Өтілетін сабак мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
І Ұйымдастыру:

Спорт жетекшілер мәліметтері.

2 мин Сапқа тұрғызу,түгендеу,киімдерінің қолайлығын қадағалау.
ІІ

ІІІ

ІV

Жалпы дамыту жаттығулары:

1.Жүгіру

2.Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар.

а) екі қол алда тізені алақанға тигізіп жүгіру

ә) екі қол жамбаста өкшені алақанға тигізіп жүргіру

б) екі қол белде екі аяқты алға тік созып жүгіру

в)Оң және сол жақ иықпен бір қырындап қолды алға артқа айналдырып жүгіру

3.Жәй жүру демді орнына келтіру жаттығулары

4.Жүріп орындалатын жаттығулар:

а) екі қолды жоғары созып алақанды қарама-қарсы қойып аяқтың ұшымен жүру.

ә) екі қол белде өкшемен жүру

б) екі қол белде аяқтың сыртымен жүру

в) қолды алға созып жартылай отырып жүру.

г) қол тізеде толық отырып жүру.

5.Бір орында тұрып орындалатын жаттығулар:

а) екі қол белде бас мойын жаттығулары

ә)оң қол жоғары сол қол белде солға,оңға иілу жаттығулары.

в)екі қол иықта қолды алға,артқа айналдыру жаттығулары.

Сабақ барысы:

1- эстафеталық сайыс

Таяқшалармен өткізілетін эстафета.

Ойыншылар екі командаға бөлініп,

Олар бір- бірінен 3-5 м қашықтықта

Параллель сап түзеп тұрады. Екі

Саптың алдына да сызық сызылады.

Сызықтың 10-20м жерге бір зат

немесе жалауша шаншып қояды.

Әр команданың бірінші ойыншысына

таяқшаға беріледі де.төрешінің белгісі бойынша таяқша ұстаған екі бала әлгі затты немесе жалаушаны жүгіре айналып келіп,таяқшаны өзінен кейінгі дайын тұрған оқушыға береді. Ойын шартын бұрын орындап шыққан команда жеңген болып есептеледі.Әрбір жіберілген қате үшін командада айып ұпайын алады.

2- эстафеталық сайыс

Доптың аяқтың арасына қыса жүріп,шеңберді айнала қайтып оралады,доп келесі оқушыға береді.Ең алғашқы болып келген команда жеңіске жетеді.

3- эстафеталық сайыс

Топ басшысы алдыменен шығыршықты алып шеңберді айнала жүгіріп келеді,сонан соң екінші оқушыны тасымалдайды,соңында барлықтоп оқушыларышығыршықтың ішіменен шеңберді айналып келеді,алғашқы келген топ жеңіске жетеді.

Тынысты орнына келтіру жаттығулары

12 мин

25 мин.

6 мин

Ж.Д.Ж.

1.Алаңды 2 рет айналдыра жүгірту.

а) жәй жүгіріп келе жатып екі қолды алға созып тізені алақанға тигізіп жүгірту.

ә) екі қолды артқа қойып өкшені алақанға тигізіп жүгірту.

б) екі қолды белге қойып аяқты алға сермеп жүгірту.

в) оң жақ иықпен және сол жақ иықпен бір қырындап екі қолды белге қойып жүгірту

Жәй жүріп орындалатын жаттығулар:

а) екі қолды жоғары созып алақанды бір-біріне қарама-қарсы қаратып аяқты ұшымен жүру.

ә) екі қолды белге қойып өкшемен жүру.

б) екі қолды желкеге қойып жартылай аяқты бүгіп денені тік ұстап алға жүру.

в) екі қолды тізеге қойып толық отырып жүру.

Бір орында тұрып орындалатын жаттығулар:

А) Бастапқы қалып екі қол белде екі аяқ иықтың ішкі деңгейімен бірдей ашып басты 1алға,2артқа,3оңға,4солға бұру.

ә) Бастапқы қалып оң қол жоғары көтеріңкі, сол қол төмен 1-2 оң қол,3-4сол қолды сермеу.

Б) Бастапқы қалып оң қол жоғары, сол қол белде,1-2 солға қарай 3-4оңға қарай иілу.

В) Бастапқы қалып қол кеуде тұста, 1-2 жартылай, 3-4 толық ашу.

Г) Бастапқы қалып екі қол иықта, 1-2 алға, 3-4 артқа қарай айналдыру.

Д) Бастапқы қалып қол желкеде 1-2оңға, 3-4 солға қарай бұрылу.

Е) Бастапқы қалып екі аяқ иықтың сыртқы деңгейімен ашық 1-2оң қолдың ұшын сол аяққа, 3-4 сол қолдың ұшын оң аяққа иіліп жеткізу.

Ж) Бастапқы қалып екі аяқ қосылуы 1-қолды алға созу,3-аяқтың ұшына жеткізу, 4-қолды алға созып отыру.

Жаттығуларды 2-3 реттен орындату керек.Допты қолмен жүргізгенде доп кіндіктен жоғары аспауы тиіс.Қолды бір қалыпты ұру арқылы жүргізіледі.Допты жүргізу жаттығулары жарысу арқылы жүргізілмейді.Допты алақан және саусақтардың ұшымен жерге итере отырып ыршытады.Допты алып жүру ойыншының қозғалу бағытымен байланыстыра жүргізіледі.Допты оң қолмен де,сол қолмен де алып жүруге болады.Допты алып жүргенде адымды кең ашып,баяу жүруге де болады.

Оқушылардың сабақ басталар алдындағы жүрек қағысын қалпына келтіру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше