Мектеп табалдырығын аттағалы 100 күн, Құтты болсы н, құтты болсын бұл күн!

Қызылорда қаласы

12 І.Қабылов атындағы орта мектеп

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Смағұлова Құралай Қыдырбайқызы

Жүзінші күн мерекесі (Әліппемен қоштасу ертеңгілігі)

Мақсаты:

  • Ата-аналар мектеп өміріне белсенді түрде қатысып, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік деңгейін анықтап, балаларға жағымды үлгі көрсетеді.
  • Ата-аналар өздерінің таланттарымен, қызығушылықтарымен, білімдерімен бөлісуге әрдайым дайын екенін, балалары жөнінде күнделікті тәжірибе арқылы көп нәрсе біліп, өздерінің білімін дамытуға ұмтылады және мұғаліммен бірлесіп жұмыс жасауды қолдайды.

Безендірілуі:

Әр бала ата-анасымен бірлесе отырып осы 100 санын білдіру мақсатында неше түрлі ұсақ заттарды, күріш, асбұршақ, тастар, түйреуіш т.б. заттармен 100 санын безендіру барысында шығармашылық жұмыс жасады.

Ересек адамдар кіретін есікті 100 саны пішінінде жасап, мерекеге келген қонақтар осы 100 санының ортасынан өтуге мүмкіндік алды.

Тақырыбы:

Мектеп табалдырығын аттағалы 100 күн,

Құтты болсын, құтты болсын бұл күн!

Мұғалім:

Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!

Кеше ғана алаңсыз ағаш атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр.

Кеше ғана жан-жақтарына таңырқай қарап, білім ордасының табалдырығын жүрексіне аттаған бүлдіршіндер бүгінгі күні әліппені бітіріп, алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірінен асты. Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Тойларыңыз тойға ұлассын! Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Қуаныш бүгін – мереке.

Шуағын шашып тұр әлем.

Құтты болсын, жас ұлан,

Қадамың алғаш аттаған.

Сахнаға немересін ертіп атасы шығады. (музыканың ырғағымен)

Немересі: Қыркүйектің бірінде, Жетіге толдым биыл мен

Кеудем толы дірілге. Оқушы болып киінем.

Құлақ түрем елеңдеп Арқама сөмке асына

Мектеп деген бір үнге. Мектепке барам,

Мектепке барам асыға.

Атасы: Мектебің мынау класың, Дұрыс қойсаң мақсатыңды,

Осында он жыл тұрасың. Шығарасың жақсы атыңды.

Тарыдай болып кіресің, Өз тіліңді анаңдай сүй

Таудай болып шығасың. Үйрен және басқа тілді.

Ақыл-ойды шыңда, балам, Ерте болсын, кеште болсын,

Уақытты құнда, балам! Осы айтқандар есте болсын!

Әр сөзіне зейін қойып, Мектебіңде үлгілі бол,

Ұстазыңды тыңда балам! Күнделігің «5»-ке толсын, балам.

Оқушы мектепке қарай жүгіре жөнеледі.

Мұғалім:

Жаны аспандай мөлдір ме, Қиялданып кетемін,

Барады ұшып жел бірге. Өзін мақтан етемін.

Құшағында қызыл гүл, Ұзақ жолға түсті бір,

Өзі ұқсайды сол гүлге. Құтты қадам тілеймін!

/Қоңыраудың үні естіледі/

Мұғалім:

Шырылдаған тыным алмай, Қуаныш жайнайды жүзіңде,

Қоңыраудың үні қандай! Қызықты күнің де, кешің де.

Мақсатына жете ме адам, Алғашқы қоңырау дауысы,

Оқу оқып, білім алмай. Мәңгілік қалсын ол есіңде!

Музыканың ырғағымен қолдарына шар ұстаған оқушылар сахнаға келеді.

«Әліппе», «Математика», «Дүниетану», «Сурет», «Еңбек» оқулықтары ән ырғағымен билейді.

Әліппе:

Армысыңдар, жас достар! Менің атым – әліппе,

Армысыңдар ата-ана! Мені анаңдай дәріпте.

Болашақа жол бастар Мені оқып ер жеткен,

Әліппең келді ортаға. Бауыржан да, Мәлік те.

Математика: Дүниетану:

Сәлемет пе, достарым? Сұлу екен кең әлем,

Сабағы боп жоспардың. Қалай сезбей келгенмін.

4 амалды қолданған, Дүниетану арқылы

Математика достарың. Әлем сырын білгенмін.

Сурет: Еңбек:

Өзен-көлді, көк майсалы белдерді Еңбек пәні қызықты

Жан бітіріп, боятамын гүлдерді. Кесте тоқи білемін

Мен өйткені сурет пәні боламын Анамызға айтпай-ақ

Түсінуге алға қарай өнерді. Түйме қадай береміз.

Кітаптар билеп сахнадан шығып кетеді.

Мұғалім: Айналайын балғындар,

Алға бағыт алдыңдар.

Ертең өсіп, толыңдар –

Ел мақтаны болыңдар.

Орындалды ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Хор. Менің Қазақстаным

1 – оқушы 2 – оқушы

Мен бүгін бұрынғыдан саналымын, Оқуды көп ойладық,

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім. Қызығына тоймадық.

Дәптердің жазылмаған ақ парағы – Әріптерді үйреніп,

Ақ көйлек жеті жасар балалығым Сауат аштық тоймадық.

3 – оқушы 4 – оқушы

Қыркүйекте келдім де, Бар білімнің бастауын,

Сыныпқа кірдім қуанып. Әліппеден бастадым.

Қарсы алды ұстаз мейірмен Үйренуге талпындым,

Қадамымды құп алып. Құлшынып балғын жас жаным.

5 – оқушы 6 – оқушы

Мынау менің Әліппем Бірінші беттен елімнің

Көгілдір туым түсіндей. Елтаңбасын таныдым.

Ақылшы жақын досымдай Көк байрақты қазақтың

Қымбатты маған кісімдей. Ұрпағымын сәнімін.

Хор. Әліппем

7 – оқушы 8 – оқушы

Әсем ою-өрнекпен Білімге жолды бастаған

Көмкерілген Әліппем! Әліппем саған, мың алғыс!

Сен болмасаң білімге Оқы деп ұран тастаған

Бастайтын жолды біліп пе ем?! Әліппем саған, мың алғыс!

9 – оқушы 10 – оқушы

Әр күнім алып келер жаңалықты Анамыздай аялап

Тоқимын оқып, біліп жаңа әріпті. Ақылшы болған ұстазым.

Ұстазымның тынымсыз еңбегімен Өзіңнің ғана еңбегің

Жаным да сағат сайын жаңарыпты. Бүгінде биік ұшқаным.

Мерекемізге «Ойыншықтар қалашығынан» сүйкімді қуыршақтар да қонаққа келіпті.Олар да өз өнерлерін көрсетеді.

Хор. Мұғалім – ол біздің.

Музыкамен (1-ден 10-ға дейінгі) сандар билеп ортаға шығады.

Санамақ.

Мені келсе білгің, Мен өзімді қатарға,

Мен таяқша бірмін. Бестен кейін қоямын.

Ата- әжеме жол бастап, Басым бірден басталып,

Оң қолында жүрмін. Нөлмен бітер аяғым.

Бірден кейін тұрамын, Қара мына қызықты

Сандар іші тұрағым. Көсеуді кім ұмытты

Бірді бірге қосқанда, Жеті болам бір тартсаң

Иіліп мен шығамын. Бел ортамнан сызықты.

Екіден соң әрқашан, Менің атым- сегіз

Үш саны мен тұрамын. Жетіден соңғы деңіз.

Қос мүйізім майысқан, Жазылғанда қос шеңбер

Ұлттық ою саламын. Мен боламын – сегіз.

Үш сызықтан тұратын, Сегізден кейін – тоғыз

Балалардың құралы. Алтыны кері оқыңыз

Велосипед оңдайтын Бір таңбалы сандардың

Кілт боламын баяғы. Ең үлкені тоғыз.

Төрттен кейін бесті Әліппеде 0-ға ұқсаймын

Білу оңай – десті. Санда нөлге ұқсаймын.

Санаса қолдың саусағын Жеке тұрсам мәнім жоқ

Оңай табасың – десті. Бір орынды ұстаймын.

Музыка ойналып көп нүкте қойылады. Сандар жан-жағына қарайды.

Музыка үнімен ауыр қозғалып ортаға 100 цифры шығады.

100 цифры болып киінген оқушы:

3 таңбалы санмын, 2- оқушы

Танысамыз әлі біз. Күн нұрындай білімнің,

Бір мен нөлдер сап түзесе, Күнімін мол білімнің.

100 саны боп шығамыз. Құттықтаймын достарым,

1 ең кіші баламыз, Білімге қадам басқан күн.

10 болса оның ағасы. Мектеп табалдырығын аттағалы 100 күн

100-ге жетсек бәріміз, Құтты болсын, құтты болсын бұл күн!

Есепте жүйрік боламыз.

«100 цифрын» ортаға алып билеу.

Мұғалім:

Құтты болсын қадамың

Қуанышы баланың

Думандатып ән салып

«Білім алды 100 күн» деп

Қол соғады барша жұрт.

Балалардың білім ордасына еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттағанына 100 күн толыпты. Осы 100 күн ішінде әріп танытқан Әліппені де аяқтап, кез-келген сөйлемдерді, қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи алатын халге жетті.

Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағанына 100 күн толған тойларың құтты болсын!

Мақал – мәтелдер айтысы.

Жүз теңгең болғанша, 1. Бір кісі жүз кісіге олжа салар.

Жүз досың болсын!

Жігіттің құны жүз жылқы, 2. Мыңның түсін танығанша,

Ары мың жылқы. Жүздің атын біл.

Жүзден біреу шешен, 3. Базарда 100 кісі бар,

Мыңнан біреу көсем. Әркім сыйлағанына сәлем берер

«Ормандағы мектеп» көрінісі.

Ойынға қатысатындар: кірпі, қоян, аю, қасқыр, түлкі, шыбын, бақа.

Мерекеге «ойыншықтар қалашығынан» келген сүйкімді қуыршақтар да өнерлерін көрсетті.

«Алақан » деп аталатын патшалықтың 5 саусақ атты ханзадалары келіп, өздерін таныстырып өнер көрсетуге ортаға шығады.

Мұғалім:

Енді оқушылардың 100 күн бойы алған білімдерін ортаға салмақ кез келді.

Қазір 5 топқа бөлініп отырамыз. Әр топтарға жекелей тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды дұрыс орындап, «білім кемесімен» алға қарай жылжимыз.

Әліппе тобындағыларға:

Ә і п е п л 1. Қазақ тілінде неше әріп бар?

1 2 3 4 5 6

□ □ □ □ □ □

«Сөз құра» ойыны.

Математика тобындағыларға:

Тоқылдақтың суреті, мысалдардың мәнін тауып бояу.

Дүниетану тобындағыларға: Суреттерді мағыналарына қарап сызықпен қосу.(Әңгімелету)

Еңбек тобындағыларға:

«Ойыншықтар қалашығынан» келген кейіпкерлердің мүсінін жасау. «Қоян мен түлкі».

Қоян туралы не білесің? Ол қандай аң?

Түлкі туралы айт.

Сурет тобындағыларға:

Қыс мезгіліне байланысты суреттерді (қиылған) құрастырып картина жасау. Сол бойынша әңгімелеу.

Оқушы:

Әжелерді сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжелерді ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ән. Асыл әжем.

Мұғалім:

Былдыр, былдыр, бүлдіршін,

Бұл бір білгір бүлдіршін , – демекші енді балалардың балдай тәтті тілдерін тыңдалық.

(Оқушылар қызықты сәттерді, күлкілі оқиғаларды сахналайды)

Балалар мектепте тәртіпті, білімді, үлгілі оқушы болулары үшін ант береді.

  • Сабаққа ынта қойып оқуға ант етеміз.
  • Шығармашылық тапсырмаларды қызығып, өздігінен орындауға ант етеміз.
  • Сыныпта ұстамды болуға, жолдасымның пікірін тыңдауға ант етеміз.
  • Мектеп мүлкіне, өз заттарым мен жолдасымның заттарына ұқыпты қарауға ант етеміз.
  • Үнемі ертеңгілік жаттығулар жасап, спортпен шұғылданатын денсаулығы мықты азамат болуға ант етеміз.
  • Бос уақытымызды пайдалы өткізуге ант етеміз.
  • Көшеде өзімді үлгілі ұстауға, жол ережелерін сақтауға ант етеміз.
  • Мұғалімдермен кездескенде жол беруге, сәлемдесуге, сыйлауға ант етеміз.
  • Кезекші оқушылардың талаптарын орындауға ант етеміз.
  • Сынып ішін айнадай кіршіксіз таза ұстауға ант етеміз.
  • Апай ренжіп қалар деп, сабақтан еш қалмауға ант етеміз.

Мұғалім:

Мектеп-анаң бүгіннен,

Мектеп-алтын босағаң.

Мектеп берген біліммен,

Марқаясың жас ұлан!

Мектеп вальсі (Бір топ оқушылар)

Әліппе:

Айналайын балғындар, Рақмет айтып, шаттанам.

Менен білім алдыңдар. Риза болып аттанам.

Әр сөзімді жаттаған, Алда ұзақ жасым бар,

Достар үшін мақтанам. Оқумен өсіп толыңдар,

Аман-есен болыңдар!

Хормен: Әліппеге шексіз рақмет!

Ана тілі: Мұғалім:

Сәлем, ойшыл, достарым! Ана тілің ертеңің

Терең білім, ой саналы, Ана тілің ертегің

Әрбір сөзім, ой салады. Қадірле ана тіліңді,

Ғылым, тәлім өнерім көп, Жүрегіңнің бөлшегін.

Достасқанға берерім көп!

Хормен: Ана тілін сүйеміз,

Ардақтап бас иеміз.

Ана тілі бізбен бірге болыңыз!

«Әліппе» біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.

-Балалар, «ана тілі» біздің қандай оқушы екенімізді танысын.

Осы біздер қандаймыз? Кішіге қамқоршымыз.

Талабы биік таудаймыз. Жақсылықты ұнатамыз.

Мың бұралған бишіміз. Жамандықтан тез қашамыз.

Күмбірлетер күйшіміз. Көп оқимыз.

Біз қызықпыз, қызықпыз, Терең оқимыз

Сәл еркелеу бұзықпыз. Өнерліміз.

Біз шеберміз. Жанып тұрған шырақпыз.

Ақылдымыз. Толқынды су бұлақпыз.

Парасаттымыз. Елімізді өркендеттік.

Көңілдіміз. Қазақ тілін көркемдеттік.

Ізгі нұрмыз. Бабаларға тағзым ететін,

Үлкенге ізеттіміз. Аналарға бас иетін.

Сауаттымыз. Балалардан бар жақсылығын аямайтын.

Әдеміміз. Елтаңбасымен еңселі.

Ұқыптымыз. Туымен тұғырлы.

Тәртіптіміз. Әнұранмен айбатты.

Сыпайымыз. Барлығы: Біз қазақ елінің болашағымыз!

Мұғалім:

Міне, балалар, осынша білім беріп, тақылдатып сөйлеткен «Әліппемізбен» қоштасатын уақыт болды.

Әліппе:

Ал, балалар, менің кететін уақытым жақындады. Қош болыңдар! Сабақты жақсы оқып, тәртіпті оқушы атаныңдар.

Оқушы: Мұғалім:

Қош бол, құтты «Әліппем»! Әліппені бітірді балаларым

Көп нәрсені үйреттің Әліппеден нәр алған даналарым.

Таныстырып әріппен, Өзі жазып, оқитын халге жетті

Тақылдатып сөйлеттің! Құтты болсын білімі балалардың.

Қорытынды сөз:

Мұғалім балалардың жинақтап, құрастырған кітапшаларын көрсетеді.

«100 мақал», «100 жаңылтпашты жаңылмай айта аламыз!», «Қай буынды жоғалттым?», «Жүз жұмбақ» деген атпен жинақтаған кітапшаларынан үзінді оқылды.

Ең әдемі, таза жазылған 100 дәптер, 100 түйір дәннен жабыстырылған картиналарды көрмеден көрсетіліп, түсіндірілді.

Мереке соңында мұғалімдер, ата-аналар сөз сөйледі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше