Етістік

Мектебі: №75 мектеп-гимназиясы

Мұғалімі: Жорабекова Назира

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың білімділігі:Етістіктің сөйлемде іс-әрекетті білдіретіндігін, оны басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйретуге.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып,өздіктерінен жұмыс істеу,ой-өрісін дамыту,білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өзіндік талдау, жинақтау, жеке жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.

Сабақтың тәрбиелігі: Оқушыларға ана тіліміз-қазақ тілінің тұғыры жоғары екендігін түсіндіріп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ребустар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Ережелерді еске түсіру.

Шығармашылық жұмыстар.

Зат есімнің септелуін еске түсіру.

Сәйкестендіру

кітаппен Атау септік

балаға Ілік септік

даланы Барыс септік

орманда Табыс септік

қала Жатыс септік

ауылданШығыс септік

балықтың Көмектес септік

IV. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Ой қозғау

1-жаттығу

Ребусты шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.

Шешуі: Етістік

Етістікті еске түсіру.(Негізгі етістік,туынды етістік, болымды етістік,болымсыз етістік,дара және күрделі етістік)

2- жаттығу (Ауызша орындау)

Мәтінді түсініп оқу. Мәтін ішінен етістіктерді тауып, оларға сұрақ қою.

Оқушылардан терме диктантын алу. Берілген сөздерден етістіктерді теріп жазу.

Бағалы,он сегіз,оқиды,аспан,аяулы,теңіз,барды,жүріп келеді,қалада,алпыс,қызыл,оп-оңай,серуендеді,ауыр,күміс.

3-жаттығу

Жұмбақты оқып,жатқа жазу. Етістіктердің астын сызып,дара немесе күрделі екенін айту.

Не істейді?

Суда қалқиды,

Не істейді?

Жылыда балқиды.

(Мұз)

Ой жинақтау

Берілген тапсырманы математикалық тілде оқып, жылдам шығарып,жауабын айту.

107-200:2=7

810:90-2=7

25*4-93=7

90:3-23=7

Бәрінің жауабы 7-ге тең. 7 санына тоқталу. Қазақта жеті саны киелі сан. Балаларға сұрақ қою. Балалар,7 саны туралы нені білеміз?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

-7 септік

-7 қазына

-7 ата

  • 7 керемет

-7 жоқ

V. Сергіту сәті

Берілген өлең жолдарын аяқтап, өлеңдердің авторларын табу.

Таулардан өзен ағар ……….

Айнадай сәуле беріп ………

Туған тілім-бабам тілім-……

Туған тілім-анам тілі-……….

Балалар оқуға бар …………..

Жуынып,киініңдер …………

Желсіз түнде жарық ……

Сәулесі суда ………………

Абай атаның өлеңін хормен орындау.

Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату.

1-деңгей

Ребусты шешу. Жауабындағы сөзге сөйлем құрау.

2-деңгей

Сөз құрау «Құлақшын»

Құлақ,ақ,шын, лақ т.б

3-деңгей

Кеспе қағаздарды тарату. Берілген сөзге сөйлеп құрап, оны сөйлем мүшелеріне талдау.

VI. Жаңа сабақты бекіту

4-жаттығу

Туынды етістіктерді теріп жазу.Неліктен туынды етістік екендігін дәлелде.Туынды етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.

Дәлелдеу үлгісі: Ақта- туынды етістік,өйткені оның түбірі-ақ.«Ақ» сөзі-сын есім,оған –та жұрнағы жалғанғанда қимылды білдіріп тұр.Сондықтан ол туынды етістік болады.

Оқы,жырла,жүрді,жүзді,көрген,ақылдас,биле,ойла,сезді,ұсақта,болды,керілме,тұзда.

VII. Сабақты қорытындылау

VIII. Үйге тапсырма:

6-жаттығу

«Туған жер» тақырыбына әңгіме құрау.

IX. Бағалау

Әр оқушыны білім деңгейіне қарай бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше