«Жанұям және математика»
Қызылорда облысы
Арал қалалық №83 орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі
Еңсепова Сара Махамбетжанқызы
5 – сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен өткізген
«Жанұям және математика»
атты сыныптан тыс іс – шара жоспары.
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, пәнге деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілікке тәрбиелеу. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.
Түрі:топтық сайыс
Көрнекілігі:
интерактивтік тақта, флипчарт беттері, слайд, нақыл сөздер, логикалық есептер, геометриялық фигуралар.
Жоспары:
- Амандасу рәсімі
- Тапқырлар сайысы (логикалық есептер шешу)
- Қызықты фигуралар (ата-аналармен бірге геометриялық фигураларды пайдаланып бейне құрастырады)
- Қас – қағым сәт (оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап беру)
- Математикалық эстафета (қосуға (азайтуға) берілген есепті команда мүшелері бағандап қосады (азайтады))
- Іздеген жетер мұратқа (таңдап алған әріптен басталатын математикалық сөздер жазу)
- Түсіп қалған амалдар (сандардың арасында математикалық амалдар қойып, өрнекті теңестіру)
- Үй тапсырмасы (үйден жазып келген «Жанұям және математика» тақырыбындағы әңгімені оқып беру).
1- жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Математика пәні апталығы аясында өткізіліп отырған «Жанұям және математика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2- жүргізуші: Армысыздар ағайын,
Ағайын тілін табайын.
1- жүргізуші: Бармысыздар бауырлар,
Өкпе жоқ бізде бауыр бар.
2- жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар.
1- жүргізуші: Құрметке ие үлкендер
Алда жүзген желкендер.
2- жүргізуші: Ізетке ие жанкүйер,
Жанкүйер еті тірілер.
1-жүргізуші: Сайысқа келген сайланып,
Отырам деп жайланып.
2- жүргізуші: Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып.
Екеуі бірге: Бәріңізге бір сәлем!
1- жүргізуші: Онда кешті бастайық
Екеуіміз асып-саспайық.
2- жүргізуші:
Олай болса тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ қазыларды таныстырайық (Әділ қазылар алқасы таныстырылады)
1- жүргізуші:
