«Жануарлар»

Сабақтың тақырыбы: «Жануарлар»

Сабақтың мақсаты: 1. оқушыларға жануарлардың сыртқы құрылысын

таныстыра отырып, өсімдіктер мен жануарлар

айырмашылықтарын анықтау, жануарлардың тірішілік

әрекеті туралы білімдерін дамыту.

  1. Жануарлар түрін қорғауға баулу, халық

педагогикасы рухында тәрбиелеу.

  1. Оқушының ізденімпаздылығын арттыру, ой-өрісін

кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға

белсенділігін арттыру.

Әдісі: сұрақ-жауап, жақсы-жаман, ой толғаныс, тірек сөздер,

венн диаграмасы т.б.

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: жұмбақ, мақал-мәтел, симантикалық карта, қима қағаздар, суреттер

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі:

а/ оқушыларды түгендеу

б/ оқушыларды үш топқа бөлу

в/ оқу-құралдарын алғызу

г/ зейіндерін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау:

а/ 1. «Жануар» сөзі қайдан алынған?

  1. Жануарды зерттейтін ғылым туралы не білесің?
  2. Жануарлардың ерекшілігі неде?

б/ «Адасқан әріптер» ойыны

Әріптерді құрастырып, табылған аңның ерекшілігін айт.

  1. о,қ,н,я
  2. с,р,и,ы
  3. к,а,у,л
  4. т,а,ж,р,қ,н
  5. н,п,в,и,г
  6. а,қ,с,ы,р

в/ «Саяхат» ойыны

Төмендегі тірек сөздерді құрастырып, сөйлем құра.

Зоология, құрылысын, жануарлардың, табиғаттағы, дамуын, және, таралуын, адам, өміріндегі, түр құрамын, маңызын, шығу тегін, зерттейді.

г/ Тірек- сызбасын аяқтаңыз.

Желілер типі

д/ Диктантты аяқтаңыз.

«Джанвар» – «жаны бар» , яғни « ………..» деген мағнынаны білдіреді, өйткені олар ……………., …………….. , ………………….алады және ………………. .

III. Жаңа сабақ

Ет, тері, жүн алынады көбейеді қозғалады

Жануарлар

қоректенеді 2 млн. астам

барлық жерде

кездеседі

  • Дұрыс балалар, біз бүгін сіздермен жануарлар туралы білімізді әрі қарай толықтырамыз.

Сырттай қарағанда, жануарлар мен өсімдіктерді туыстас, ортақ тектен таралған деп есептеу мүмкін емес тәрізді.

Ал, шындығына келетін болсақ жануарлар да, өсімдіктер де біріне – бірі ұқсас күрделі органикалық заттардан , жасушалардын құралған тірі ағзалар болып табылады.

Жануарлар да өсімдіктер тәрізді көбейеді, қоректенеді, тыныс алады.Содай-ақ жануарлардың тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, тітіркену қасиеттерін де өсімдіктерге ұқсас. Мұндай белгілер жануарлар мен өсімдіктерге туыстас екенін, ортақ тектен таралғанын дәлелдейді.

Дегенмен жануарлар менөсімдіктерде болатын кейбір құбылыстар олардың арасында елеулі айырмашылықтардың бар екенін де көрсетеді. Бұл әсіресе олардың қоректену тәсілінен айқын байқалады. Жасыл өсімдіктер қоректену кезінде бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді, яғни ауадан көмірқышқыл газын топырақтан су мен минералды заттарды сіңіріп, бейорганикалық заттарды қорегін жаратады.

Ал, жануарлар болса, дайын органикалық заттармен , яғни өсімдіктермен немесебасқа жануарлармен қоректенеді. Сондай-ақ жануарлардың жүйке жүйесі, сезу, зәр шығару және т.б. мүшелері жақсы жетілген. Жануарлар арнайы мүшесі арқылы қозғалады.

Сөйтіп, мынадай тұжырым жасауға болады: өсімдіктер мен жануарлар- тірі ағзалардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар бір-бірімен тығыз байланысты екі тобы, олар табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.

Жануарлар жер жүзінде суда, ауа дақұрлықта да, топырақта да тіршілік етеді.Жануарлардың қоректеніп, ұрпағын өрбітетін аймағы мекен ету ортасы деп аталады.Жануарлардың негізгі мекен ету ортасы: құрлық,топырақ, су.Құрлықтатіршілік ететін жануарлар- қазуға, ал судағылары- жүзуге бейімделеді

Жануарлардың қалыпты тіршілік етуіне әсер ететін әр түрлі жағдайлар ортаның жағдайлары деп аталады.Ондай жағдайлардың 3 түрі бар: өлі табиғаттың әсері, тірі табиғаттың әсері және адамәрекеті. Нәтижесінде пайда болған әсер. Жануарлар тіршілігіне әсер ететін өлі табиғаттың жағдайларына температура, ылғалдылық, жарық, жер бедері, жел, т.б. жатады.Мысалы, қоқиқаздар су деңгейінің көтерілуіне байланысты ұяларын биіктетеді.

Табиғаттағы жануарлардың сан алуан түрлері біріне-бірі әр түрлі ықпалын тигізеді- бұл тірі табиғаттың әсеріне жатады.Жануарлар мекендейтін аймақтағы үлесінің жерін жырту, орманнан ағаш кесу, белгілі бір үлескіні суландыру, батпақтың суын құрғату тәрізді адамның іс-әрекеті жануарлардың қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік бермейді : кейде адам әр түрлі мақсатта жануарларды аулайды, міне осылардың барлығы адамның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған елеулі жағдай.

IV. Мақал құрастыру. /мағынасын ашу/

1 топ 2 топ 3 топ

өгіз де Қой са Қуыр да

бұз ар көп рам көке ған

ту ге а шы көр дақ

ға ау өл қой түйе ерсің

ту ған бол м сой сін

күн ді тың

  1. Жұмбақ шешу сайысы

1 топ

  1. Кішкене ған бойы бар, айналдыра киген тоны бар /қой/
  2. Арқасына ерімен туған, аптасына бір ішеді судан /түйе/

  3. Төрт бұлағы сүт, баққанға ол құт /сиыр/

2 топ

  1. Көкке шаншып құйрығын, келеді шауып жүйрігім /тай/
  • Екі ошаққа бір көсеу/сиырдың екі танауы, тіл/

  • Ел жатса да – енекем жатпайды /өркеш/

  • 3 топ

    1. Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар,

    Сегіз тұяғы бар, иегінде сақалы бар /ешкі/

    1. Суда өседі, судан шықса өледі /балық/
  • Тіл ұшында уы бар, ол не екенін біліп ал /жылан/

    1. «Жақсы-жаман» ойыны

    1 топ 2 топ 3топ

    Қоян Қырғауыл Мысық

    Үйде сәбізді Еті дақыл- Үй ашық

    асыраймыз жейді жүні дарды жануары қалған

    еті, терісі жерді пайдалы. жеп тышқан тағамдарды

    пайдалы қазады Сұлу қояды. аулайды жейді

    тілеуі жаман

    1. «Тізбек» ойыны

    Әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын жануарды ата.

    Мысалы, Түйе, елік, киік, камбала, арыстан, нар т.б.

    Лақ, қой, ит, тауық, қасқыр т.б.

    Қораз, зебра, акула, ат, торғай т.б.

    1. Сабақты қорытындылау.

    Семантикалық карта /3 топқа беріледі/

    Мысалы:

    Тақырып өмір сүреді қозғалады қоректенеді түрі
    Жылқы + + + +
    Торғай + + + + + +
    Акула + + + + +
    Қасқыр + + + +

    X. Оқушылардың ойын жинақтау мақсатында

    Венн диаграмасы

    Өсімдік Жануар

    1. Бағалау.
    2. Үйге тапсырма беру. Жануарлар. 5 жолдыөлең құрастыру.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше