Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ.
Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ.
Мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып ақыл – ой өрісін жан – жақты дамыту; 2) Ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу; 3) Қазақстан патриотизміне қалыптастыру.
- Көрнекілік: плакаттар, жоспар үлгісі, бейджик т.б.
- Барысы:
- – Сәлеметсіздер, құрметті оқушылар, ұстаздар!
- «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ» атты викториналықсайысымызға қош келдіңіздер!
- Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
- Ал келіңдер, келіңдер,
- Біріңе-бірің еріңдер.
- Біліміңді тексеріп,
- Ойынға қатысып көріңдер.
- – Біздің қатысушы сайыскерлерімізге демеу беріп ду қолшапалақ соғайық.
- Құрметті оқушылар және ұстаздар бүгінгі біздің сайысымыздың тақырыбы 1желтоқсан Президент күніне арналады.
- Әділ қазыларды сайлау,
Ашық –жарқын жүзді. Тыңдап баға берерге, Шақырайық төрге. Әділқазы алқаны. Оқушылар қазір біз осы уақытқа дейін алған білімізді көрсетіп, өлеңдермен, мақал-мәтелдермен өрнектеп өнерімізді, білімізді ортаға салайық. Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Бұл бәйге – ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда. Ойнымызды бастайық. Ойнымызды бастамас бұрын жоспармен танысайық.Жоспар: I кезең. 1. Таныстыру.( Топ басшысын айтып өту) Таныстыру үлгісі. Топтың аты. Ұраны. 2.Викториналық сұрақтар. (Сұрақтарға жауап беру.) 3. Мақал – мәтел сайысы. (Мақалдың жалғасын тап.)
- II кезең
- Сөзжұмбақ шешу.(Әр топ жеке орындайды.)
- Мәнерлеп оқу. (Әр топтан бір өлең президент жайлы.)
- Жұмбақ шешу.( Әр жұмбақ ұпаймен есептеледі.)
- III кезең.
- Кім жылдам?(Сұрақтарға жауап беру)
- Топ басшыларына тапсырма “Егер мен президент болсам…”
- (Эссе жазу. )
- Ендеше балалар әр топ өз топтарын таныстырып, сайысымызды бастайық.
- І кезең. 1.Таныстыру: 1-топ. Болашақ тобы. 2- топ. Білгіштер.
- 2. Викториналық сұрақтар.
- 1.Қазақстан Республикасы қашан Тәуелсіз ел болып жарияланды?
- 2.Еліміздің рәміздерін, олардың авторларын ата? Оларды талдап өту.
- 3. Алғашқы президенттің туған жылы, күні.
- 4. Н.Ә Назарбаевтің туған жері, ауылы ?
- 5. Ата заң қай жылы қабылданды ? (1995жылы)
- 6. Н.Ә. Назарбаев бала кезінде кім болуды армандады, өсе келе қандай мамандықты таңдады?
- 7. Н.Ә. Назарбаевтің жазған кітаптары.
(Ғасырлар тоғысында сындырлы 10 жыл. Бейбітшілік кіндігі. Тәуелсіздік белестері.)
- 8. Н.Ә.Назарбаев басқаратын Халықтық-демократиялық партия ата?
- Ж: Ұлтарақтай болса да
ата қоныс — жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
туып-өскен ел қымбат – дегендей келесі сайысымыз туған жер туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу болады.
Мақал-мәтелдер сайысы.
1.Туған жердей жер болмас
