Ер Төстік – халық арманы.

Мекен -жайы: Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

Көшесі: Қ. Қонақбай №19

Аты – жөні: Ильясова Гүлбану Мәжитқызы

І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

27. 09. 2011. Сыныбы: 5 ә

Сабақтың тақырыбы: Ер Төстік халық арманы.

Мақсаты: а) Ер төстік бейнесі халық қиялы туғызған батыр, халық

арманының іске асуын бүгінгі өмірмен байланыстыра оқушыны

сараптама жасай білуге үйрету.

ә) Оқушыларды батылдыққа, адамгершілікке, жамандықтан аулақ

болып, жақысылыққа жақын болуға тәрбиелеу.

б) Өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, шығармашылық қабілетін

жетілдіру.

Сабақтың типі: білімді жинақтау, қорыту сабақ.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ – жауап, іздендіру, ойын.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі , ағылшын, бейнелеу өнері.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызбалар, суреттер.

Техникалық құралдар: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

Армысыздар, балалар!

Дайынсың ба сабаққа?

Әдебиет – сөз өнері,

Сай келейік талапқа.

Бар ма үйден дайындық?

Тапсырмаңыз дұрыс па?

Оқымасаң, уайым қып,

Тығылмаңыз қуысқа.

Ойымызды айтайық,

Білімімізді байқайық.

Мына отырған ұстаздар,

Қалсын бір сәт марқайып.

  • «Ер Төстік» ертегісімен алған білімімізді жинақтау үшін бүгінгі сабақта «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны ұштастырылып отыр.

Ойын 6 кезеңнен тұрады.

І. Бәйге.

Бұл бөлімде оқушылар «Ертегі – сурет» арқылы үйге берілген тапсырманы қорытындылаймыз.

ІІ. Тіл өнері.

Ертегіден бір сөйлем алынып, сол сөйлемнің ішінен бір сөз жасырылады. Сол сөзді оқушылар тауып, орысша, ағылшынша аудармасын айтады.

  1. __________ қайда ? Неге келмейді? Іздеп тауып, әкелемін, –дейді.

(аға– брат –brother).

  1. Шалқұйрық пен Ер Төстік __________астына түсіп кетеді.

(жер – земля –ground).

  1. Желаяқ уысындағы топырақты кемпірдің _______ шашып кетеді.

(көзіне – глаза– ).

  1. Мен суға сүңгігенде _____ көбік шықса жақсы болғаны.

(ақ – белый –white).

  1. Қарақұс ер Төстіктің аяғына жығылып, айырылмас ______ болады.

(дос– друг– friend).

  1. Төстік Шалқұйрыққа мініп, Шойынқұлақтың _________ келеді.

(үйіне– домой– homе).

  1. Борықбұлақтың басында _________ елік жүреді.

(қырық – сорок– fourty).

ІІІ. Көкпар.

а) «Ер Төстік» ертегісінде қандай әдет–ғұрыптарды кездестірдің?

ә) Ерлік, достық тақырыбында мақал – мәтел жаз.

IVТапқыр болсаң, тауып көр.

1. «Қызыма сәлем айт: Сорқұдықтың басына көшін қондырмасын, қондырса кесір болады.
2. Құба інгенге: «Не Төстік өлді деген күні ботала, не Төстік келді деген күні ботала» деп серт қылды. Кенжекей
3. «Алдағана көкшешек –ай, мақтадың – ау!». Мыстан кемпір
4. « Су өте терең екен, түбіне зорға жеттім». Шалқұйрық
5. «Бұл жерді адам басқан емес, бұл – менің мекенім». Қарақұс
6. «Сезуші болса, сен де, мен де тірі болмаймыз». Шойынқұлақ
7. «Су басында бөтен бір иіс бар». Еліктер
8. «Шойынқұлақ әлсіреп жатыр». Күңке

V. Шешен сөз. «Кейіпкерге хат». Ойтолғау жаз.

VІ. Жорға.

Т Е М І Р Х А Н
Б Е К Т О Р Ы
Т А У С О Ғ А Р
Ө Р М Е К Т О Қ У
С О Р Қ Ұ Д Ы Қ
С А У Ы Т
Б Е С І К
К Ү Ң К Е
  1. Бапы хан Төстікті кімге жұмсайды?
  2. Ертегідегі жағымсыз кейіпкер.
  3. Төстікке көмекке келген жағымды кейіпкер.
  4. Баласын Төстік абайсызда өлтірген кемпірдің кәсібі.
  5. Ырымы жаман жер.
  6. Кенжекей әкесінен не сұрайды?
  7. Шойынқұдықтың сырын білу үшін Ер Төстіктің жасырынған жері.
  8. Төстікке Шойынқұлақты жеңуі үшін көмекке келген жан.

Қорытындылау.

  • Ертегі жақсылықпен аяқталды. Бас кейіпкерге сандағат бөгет, қиындықтар кездесті., бірақ ол оның бәрін де жеңіп шықты. Себебі ол халық арманынан туған ұнамды кейіпкер.

Көп үміт күткендейміз болашақтан,

Болашаққа бүгіннен дара шапқан.

Сараланар алғырдың ақылдысы,

Жүйріктер бар бойда күші тасыған.

Үйге тапсырма: Ойдан ертегі құрастыру.

Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше