«Ән сал,жаным,сағынып…»
Дауренбекова Сауле Лағышпанқызы
«№25 Г.Титов атығдағы ЖОМ КММ
ОҚО,Мақтарал ауданы,Абай а/о
«Ән сал,жаным,сағынып…»
Кештің мақсаты: Мұқағали Мақатаев ағамыздың өлеңдеріне жазылған әндерді орындап жүру ұлы ақын алдындағы азаматтық парызымыз екенін ұғындыру.
1-жүргізуші:-Армысыздар ардақты ағайын құрметті ұстаздар мен оқушылар.
2-жүргізуші:-Армысыздар ардақты Мұқағали Мақатаев ағамызды шын көңілмен сүйер ағайын.
1-жүргізуші:-«Өлі разы болмай, тірі байымас» деген қазақтың мақалының мәніне ой көзімен қарап,өркениетті, мәдениетті елдің азаматтарына ұқсап,бүгінгі кешіміздің куәсі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80-жылдық мерей тойына орай еске алу кешін өткізгелі отырмыз.
2-жүргізуші:-Бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақынымыз егер тірі болғанда80 жаста болар еді.Оның өлеңдерін ықылыаспен оқымаған, сөздеріне жазылған әндерін ынта қойып тыңдап,орындамаған қазақ жоқтығына құдай куә.
1-жүргізуші:-Алайда артында мол мұра қисапсыз рухани қазына қалдырған,ұлттық мәдениетіміздің біртуар тұлғасы, талантты ақын туралы әңгіменің тақырыбын өзекті арнаға бұратын кез жетті.
2-жүргізуші:-Иә дұрыс айтасың бүгін біз Мұқағали Мақатаев ағамыздың өлеңдерінің қуаттылығын танытатын, халық аузынан тастамай айтып жүретін әндерін айтуға «Әнсал,жаным,сағынып…» атты кешімізді өткізіп отырмыз.
1-жүргізуші:-Ақын ағамыздың әндерін жүрекпен тыңдамайтын ,жүрекпен орындамайтын,аңсамайтын адам жоқ шығар.
2-жүргізуші:-Сол әнді аңсап жүріп орындайтын қызымыз Төреқұл Сымбатты ортаға шақырсақ.Ән: Аңса жаным.
1-жүргізуші:-Сен білесің бе,Мұқағли Мақатаев ағамыз бен Нұрғиса Тілендиев ағамыз бірге бір ай ән жазу үстінде жұмыс жүргізіпті.Сол кезде бірнеше әндер жазыпты.Олар:«Сарыжайлау»,«Дариға домбыра»,«Сәлем берем Жетісуға» т.б. көптеген әндер тура сол отыз күн ішінде әрі жедел әрі сәтті туған дүниелер екен.
1-жүргіушуі:-Елдің сүйікті әніне айналған «Саржайлаудың» тууы да қызық болған екен.Ол да сол отыз күннің ішінде дүниеге келген шығарма.Мұқағали ағамен Нұрғиса аға екеуі ақынның туған жеріне жайлауға барыпты.Аз күн болса да жақсы демалып жатқанда бір малшы ағасы тамақ үстінде оларға әзіл тастапты.-Екі бірдей тамаша талант иесі жайлау төрінде отыр.Бірі атақты компазитор,бірі мықты ақын .Неге мына жасыл жайлау туралы ән шығармасқа.Нағыз саржайлау дегеніміз мына жатқан Шалкөденің кең төсі емес пе?- депті.Сол кезде көкейлерінде жүрген ойды ақын лезде оның сөзін егілдіріп, құлпыртып тудыра салыпты.Сөйтіп «Саржайлау» әні шықты.
2-жүргізуші:-Сонымен сахнада «Саржайлау» әні, орындайтындар Аманбаева Лаура және Еспенбетова Қарлығаш.
1-жүргізуші:-Мұқағали өлеңдеріне арнап жазылған әндер өте көп.Соның бірі қазіргі орындалатын ән.Ол әнді жігіттеріміз ақиық ақын алдындағы азаматтық парызымыз деп орындап шығуға келген.
2-жүргізуші:-Ән «Келші қарағым шашыңнан иіскейін».
Орындайтындар:Ерсұлтан және Серік.
1-жүргізуші:-Сен,«Бақыт» дегеннің не екенін білесің бе?
2-жүргізуші:-Бақыт дегенде айтылар ой көп кой.
1-жүргізуші:-Бізге сол бақытты не екенін білдіру үшін ортаға Әлтай Әсемді шақырамыз.Ән «Бақыт деген».
2-жүргізуші:-Ақын ағамыздың сөзіне жазылған ән «Сенің көзің».Орындайтын:Қайназар Әкімбек.
1-жүргізуші:-Сахнады ару қызымыз Сынасап Айзада өзі сияқты аруларға
арнап ақын ағамыздың«Арулар асыл жандар» әнімен.
2-жүргізуші:-Ақын ағамыздың сөзіне жазылған жыры жүрекке жол тапқан жалынды жыр.Сол әндердің бірі «Отыздан асып барамын».Орындайтын:Абдухалил Дәурен.
1-жүргізуші:-Бізді сырлы сұлу жыры мен алаңдатқан Мұқағали Мақатаев тағыда бір әні «Сен көріктісің». Орындайтын:Хантемиров Мадияр.
2-жүргіуші:-Мақатаев өз өлең-жолдарында дүние жарықтың жан жаралайтын құбылмалы құбылыстарын көрсете отырып адамдарда өмірдің жарқын көріністерге ұмтылуға,ықылас қоя ынтықтыратын.Сол әннің бірі «Өмір сүрейік алмасып». Орындаушы:Абдухалилова Баян.
1-жүргізуші:-«Ғашықпын,ғашықпын деп отырғанын әдемілікке,жастыққа іңкәрлігім шығар»-деп ақын ағамыз айтқандай қазіргі орындалар ән сол ғашықтық жайлы.Ән: «Көңілде ән,көгімде күн көруші ем».
Орындайтын:Орынбасыр Мейірман.
2-жүргізуші:-«Мұқағали Мақатаев дүниеден өтті.Мен қатты күйзелдім.Арадан екі ай өтті,соң жұмысқа киетін бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидің жазуы.-«Аға мен ғой дертім қозып барады,не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көрерсіз»-депті.Ол емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі «Есіңе мені алғайсың» екен.Жаным күйзеліп отырып,ақын інім көз жұмғаннан кейін әлгі өлеңге ән жаздым»-дейді Нұрғиса Тілендиев ағамыз.Міне бүгін де ақын ағамызды бір еске алып отырмыз.
1-жүргізуші:-Ендігі орындалар ән «Есіңе мені алғайсың».
Орындайтын: Хантемирова Аяжан.
2-жүргізуші:-Қазақ халқының жыры Мұқағали Мақатаевтың ұлттық мақтанышымыз екенін мойындаймыз.
Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген қызметтің, берілмеген сый-сыйапаттың орнын толтырудың бір жолы,бір жөні бір.Ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт иелігіне асыру.
1-жүргізуші:-Оның жыры әрбір адамның жүрегіне жол тапқан жалынды жыр,өлмес өлеңге айналды.Әттең бүгінгі халқының өзіне деген құрметін көрмеді-ау.
2-жүргізуші:-Ақын ағамыздың сөзіне жазылған әндеріміз аяқталған жоқ.Олар өте көп,оларды орындап жүре береміз. Ал бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
1-жүргізуші:-Келесі кездескенше қош сау болыңыздар,көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Дауренбекова Сауле Лағышпанқызы
«№25 Г.Титов атығдағы ЖОМ КММ
ОҚО,Мақтарал ауданы,Абай а/о
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем түрлеріне арналған тапсырмалар.
Сабақтың мақсаты:а)білімдік: оқушылардың жай сөйлем түрлерінен алған білімдерін нығайту,жинақтау,синтаксисті талдау дағдыларын жетілдіру.
ә)дамытушылық: Жай сөйлем түрлерінен алған теориялық білімдерін шығармашылық тұрғыдан баяндауға баулу, оқушыларды еркін сөйлеуге,ойын ашық айта білуге бағыттау,тіл байлығын жетілдіру.
б)тәрбиелік: талдауға алынған мысалдар арқылы Отанын, елін сүюге,адалдыққа,ізеттіліке тәрбиелеу,шәкірттерді оқуға деген саналы көзқарасын арттыру,ұжымдық, іскерліктерін ұштау,дамыту,оқыту арқылы оқушылар бойында адамгершілік құндылықтарын жетілдіру.
Сабақтың түрі:Қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,суреттеу,салыстыру,проблемалық ізденіс, сұрақ-жауап,сөздікпен жұмыс,бағалау,бекіту, қортындылау.
Сабақтың көрнекілігі:Дид материалдар,кестелер,кеспе қағаздары,тірек сызбалар,семантекалық карта,оқушы білімін есепке алу парақшасы.
Сабақтың формасы: Жеке баламен,топпен,сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақты типтері:Ұйымдастыру кезеңі,үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру қортындылау.
Сабақтың барысы.
а)Ұйымдастыру кезеңі:
1)Сәлемдесу
2)Кезекші мәлімдемесі
3)Журнал бойынша түгелдеу
4)Жаңа сабаққа дайындық
ә)Үй тапсырмасын сұрау.
1)Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
2)Жаттығу жұмысын тексеру.
3)Дәптерлерін тексеру.
4)Оқушылардың білімдерін бағалау.
б)Жаңа сабақты түсіндіру.
«Бақытты сәт ойыны»
I гейм Пысықтау сұрақтары.
1)Жай сөйлем құрлысына қарай неше түрге бөлінеді?
Жауап:1.Жақты сөйлем,жақсыз сөйлем
2.Жалаң және жайылма сөйлем
3.Толымды және толмымсыз сөйлем
4.Атаулы сөйлем болады.
2)Жақты және жақсыз сөйлемнің айырмашылығы неде?
Жауап:
1.Құрамында бастауышы бар жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз.
2.Баяндауыштың бір сөзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз.
3)Жалаң және жайылма сөйлемдердің айырмашылығы неден көрінеді?
Жауап:
1.Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.Жалаң сөйлем құрлысына қарай жақты да жақсыз да сөйлем болуы мүмкін.
2.Жайылма сөйлем тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалады.Мысалы:Едіге ұзақ жүрді.Сөйлемдегі ұзақ деген мөлшер пысықтауыш жайылма сөйлемге айналған.
4)1.Толымды,толымсыз сөйлемдердің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
Жауап:Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз.Мысалы: Шашубай мерген еді.Ол мылтықпен кешке киік атып әкелді.
2.Толымсыз сөйлем деп ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрін айтамыз.Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады.
Мысалы:
-Төле би кім болады?
-Кім сайлайды бұны?
-Ояздар ел кеңесіне беріп отыр дейді?
-Жақсылар ынтымағы кімді ұйғарар екен?
-Тобықты бола ма? Сыбан,Керей,Уақ бола ма?
Жауап сөзде тура толықтауыш (сайлауды) келесі сұраулы сөйлемде жанама толықтауыш (Төле биге) соңғы сұрақта бастауыштар (Төбе би) түсіп қалған.
5)Атаулы сөйлем дегеніміз не?
Жауап:Кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамай,тек заттың құбылыстың,мезгілдің,мекеннің атауын ғана білдіреді,атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
«Басқатырғы».
II гейм.
Осы мақалды бейне сөзден табу
I-топқа.
Ана сүті бал
Бала сүті бал.
II-топқа
Қарманға қарап қалмас.
Сөзді табу.
III гейм.«Жұмбақтас» сұраққа жылдам жауап беру.Егер жауап дайын болса команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді.
Сұрақтар.
1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз не?
2.Олар қандай сөз таптарынан жасалады?
3.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелеріне қандай сөйлем мүшелері жатады?
4.Анықтауыш өзі анықтайтын сөздермен қалай байланысады?
5.Қандай сөз таптарынан болады?
6.Толықтауыш өзі толықтайтын мүшемен қандай тәсілдер арқылы байланысады? Сұрақтарын атаңдар.
7.Пысықтауыш өзі пысықтайтын сөздермен қандай тәсілдермен байланысады?Пысықтауыш болатын сөз таптарын білесіңдер ме?
8.Сөйлемнің құрамына сөйлем мүшелерінен басқа тағы қандай сөздер енеді?
Жауаптар.
1.Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты айтамыз.
Бастауыш:Зат есім,есімдік,сын есім, сан есім,есімше,тұйық етістік,одағай,үстеу.
Баяндауыш:Етістіктер,сын есімдер, зат есімдер,сан есімдер, есімдіктер,көмекші етістік пен еліктеуіш сөз.
Мысалы:От жылт етті.
2.Тұрлаусыз мүшелер деп өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыштарды айтамыз.
3.Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қабыса,матаса байланысады.
Мысалы:Керімбаланың әніне дегенде матаса байланысқан,осы әніне деген қабыса байланысқан.
Анықтауыш бірнеше сөз таптарынан болады:Сын есімдер Қысқа жіп күрмеуге келмес.
Зат есім:Сәндікке күміс жүзік тағатын болды.
Сан есімдер:Адамның үш жұрты болады.
Есімдіктер:Осы жыл.
Есімше:Осы жылқы жүйрік.Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұр.
Ілік септікте:Шыршаның қабығы жырым,жырым,ал май қарағайдың діңі
жып-жылтыр.
4.Толықтауышөзі толықтайтын мүшесімен меңгере, жанаса байланысады.
- Жаман сыйлағанды білмес.
-
Оқушылар емтихан тапсырды.
-
Күресуге дәрмен жоқ.
-
Халықта жер бар.
-
Күштіден істі озар.
-
Бала тоқсанды беспен бітірді.
Сұрақтары:т.с кімді?нені?
б.с кіге?неге?
ж.с кімде?неде?
ш.с кімнен?неден?
к.с кіммен?немен?
5.Пысықтауыш өзі пысықтайтын мүшесімен меңгере, жанаса,қабыса байланысады.
Мезгіл үстеу,жатыс септік,мезгіл мәнді есім,шылаулар, көсемшелер,көсемше тұлғалы етістіктен,есім сөздерден.
Сұраулары:Қашан?Қайда?Қалай?Неге?Не үшін?Неліктен? т.б.Қай кезде? Қай уақытта?Қай жерде?Қай жақта?Қайдан?
6.Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен байланысқа түспейтін,сондықтан сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркестері болады.Бұларды оқшау сөздер дейді.Қаратпа сөздер,қыстырма сөздер одағай сөздер.
ІҮ гейм.«Сен-маған,мен-саған».
Командалар бір-біріне екі сұрақтан қояды.(Үй тапсырмасы).
Ү гейм.«Көсемдікке ұмтылу».
Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді.Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады.Ал ең көп жауап берген (4-7) балалар өз командасына қосымша ұпай ( өздеріне баға:4-5 жауап-4 балл,«4» бағасын, 6-7 жауап- 5 балл, «5» бағасын) алады.
І-ІІ топтарға сөйлемдер беремін ол сөйлемдерді жазбаша орындау.
І топқа.
Керім баланың осы әніне орай қып,Оралбай да бір кербез әнге шырқай жөнелді.
ІІ топқа.
Таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып, Майбасарға келе жатты.
Қорытынды: Барлық балаларды бағалау,әрбір жауапқа команда 1 балл немесе түрлі-түсті (қызыл,жасыл,сары) кеспе қағазын алады.
Дауренбекова Сауле Лағышпанқызы
«№25 Г.Титов атығдағы ЖОМ КММ
ОҚО,Мақтарал ауданы,Абай а/о
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға антонимдердің қолдану негіздері мен қолданылатын орындарын сөйлем ішінде атқаратын мағыналары жайлы түсіндіру.
Дамытушылық: Ой өрісін,ойлау белсенділігін,сөйлеу шеберлігін,тіл мәдениетін дамыту,сөздік қорын молайту, сауттылыққа баулу, ой пікірін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Елін,жерін,Отанын қадірлеуге,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,суреттеу,салыстыру,сұрақ-жауап, бағалау,бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар,дидатикалық материалдар,бейнелі сөздер.
Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу
Ә) Кезекші мәлімдемесі
Б) Журнал бойынша түгелдеу
В) Жаңа сабаққа дайндық
2) Үй тапсырмасын пысықтау:
А) Өткен сабақта өтілген ережені пысықтау
Ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерін тексеру.
Б) Дәптерлерін алмастыру
В) Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау
3) Өткен сабақта өтілген ережені сұрау:
А) Синоним дегеніміз не?
Б) Синоним болуы үшін оның қандай белгілеріне қарай топтастыра аламыз?
В) Синоним сөзге мысал келтіру
4) Жаңа сабақты меңгеру:
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.Мысалы: Үлкен-кіші,Суық-жылы, ескі-жаңа,қатты-жұмсақ т.б.
Антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болысмыздық мағынасы бірдей емес.Оны былайша салыстырып көрсетуге болады:
АнтонимдерБолымды-болымсыздық мағыналары:
Жақсы-жаман жақсы-жақсы емес
Ал-бер ал-алма
Көңілді-қапалы сулы-сусыз
Қатты-жұмсақ көңілді-көңілсіз
Антонимдер – ойды әсерлі, бейнелі (оброзды) түрде жеткізудің де оңтайлы құралы.Мысалы ғасырлар бойы атадан-балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздер жарыса қолданылады.
Бұл- ойды тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізуде антонимді қолдану ұтымды тәсіл екендігін танытады.
Мақал-мәтелдер
1)Батыр бір рет өледі
Қорқақ мың рет өледі
2)Сәлем беру де-парыз
Сәлем алу да парыз
3)Аз еңбектен көп нәтиже шықпайды
4) Алыстан тұрып қарасаң,
Қасқиған нағыз батыр.
Жақыннан келіп қарасаң,
Қауқиған тұлып босқа тұр.
5) Оңды шәкірт оқу десе ынталы
Жетіспейді нашар жігіт іңкәрі.
Жұмбақтар
1)Жарық түнде жолдасың
Қараңғыдан қорқады
(көлеңке)
2)Жазда қыдырады
Қыста тынығады
(аю)
5)Сабақты пысықтау: Оқушылардың түсінігін жетілдіру үшін одан әрі қарай жаттығу жұмыстарын және әр түрлі тапсырмаларды беремін.
1)Адасқан әріптер: Бұл шартымызда оқушылар адасқан сөздерді тауып белгілеп шығады.Мысалы:Мына сөздерді түзу сызықпен сызып көрсету.
Ыстық Ұсқынсыз
Ауыр Қатыгез
Сабырлы Түзу
Әдемі Жақын
Мейрімді Жеңіл
Қисық Асығыс
Ұзақ Суық
2)Жұмбақ сөз: Оқушыларға бірнеше мақал-мәтелдер оқып, берілген мақалдағы жасырын сөзді табу.Көп нүктенің орнына айтылмай қалған сөзді тура тауып,қай сөзбен антонимдік мағына құрайтынын тапқызу.
Арқанның ұзыны жақсы,
Әңгіменің………… жақсы.
Ақыл – дос,ашу……………
Ақымақ ішкен жегенін айтады,
…………… көрген білгенін айтады.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса ………… сұра.
Білгенге сүйін,
Білмегенге………..
Көп сөз-күміс,
……. сөз – алтын
Алыстағы ақын болжар,
………………. пақыр болжар.
Қыс азығын …………. жина.
Көп жүрген жер – көл,
Құм жүрген жер ………..
3)БЕЙНЕЛІ СӨЗ.Оқушыларға бейнелі сөздерді тапқызып, антонимдерін анықтау.
Жаздың бір күні,
Қыстың мың күнін асырайды.
4) Кітаппен жұмыс жүргізу.
Оқушыларға жаттығу жұмыстарының тапсырмаларын оқытып, сол тапсырма бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізу.
6.Сабақты қорту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қойып, берген жауаптарын бағалау.
7.Үйге тапсырма: Антонимдердің ережесін жаттап, әдебиеттен антонимі бар мәтіндер тауып,жазып келу.
Дауренбекова Сауле Лағышпанқызы
«№25 Г.Титов атығдағы ЖОМ КММ
ОҚО,Мақтарал ауданы,Абай а/о
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда поэмасы»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы,өмірі, шығармашылығы жайлы кең мәлімет бере отырып,туған жер жетім көлдің сұлулығы,аққудың үні, қасиетті айналаның қоршаған ортамен үндестігі,ананың психологиялық жай-күйі жайлы толық мәлімет бере отырып,
олардың ой-пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін сөйлеу шеберлігін,тіл мәдениеттін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік: елін,жерін,Отанын қадірлеуге адамгершілікке,адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Қайталау сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру суреттеу,салыстыру,сұрақ-жауап,сөздікпен жұмыс,бағалау,бекіту,қортындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер,бейнелі суреттер,
рефераттар,бүктемелер т.б.
Сабақтың формасы: жеке баламен,топпен,сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы.
2. Поэманың І бөлімінен қандай әсер алдыңдар.
3. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының « Оятып дүниені дел-сал қылып» деп басталатын шумақтан «Аққулар ақ айдын қалдырды да,Тартты кеп,ана отырған жағалауға» деген тұсқа дейін жаттаған жерін сұрау.
4. Қосымша сұрақтар қойып,өткен тақрыпты қортындылау.
5. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалаймын.
б) Қайталау сабақты қортындылау.
Ол өзіне дейінгі ақындарды пір тұтқан.
Ол 45- ақ жас ғұмыр кешкен.
Ол нағыз жыр перзенті.
Ол бірнеше жыр жинағыны авторы.
Ол өзіндік өлең өрнегімен танылды.
«Ол» деп отырғаным – Мұқағали Мақатаев.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын.
Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев ұрпақтарға ұланқайыр мұра қалдырып кетті. «Өшеді өлең немесе көшеді өлең» деп анық айтқандай қатыгез заманда «ақиқаттың ауылын шырқ айналған» шыншыл ағаның ақиық туындылары бүгінгі егемен елінің еркін аспан, азат дала,асқар тауларында қырындай самғар жиырма бірінші ғасырға жаңа сәнмен бет түзеген рухани керуеніміздің өш басында келеді.Міне, осындай шығармаларының бірі «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тебіренбей оқу мүмкін емес.Өздерінің елестетулерінің бойынша әңгімелеп беріңдер дейін.
Оқушылардан сұрақ – жауап алу ммақсатында бірнеше сұрақ қоямын.
Поэманың ІІІ бөліміндегі жылқышы мен ананың диалогін екі оқушыға оқытамын.
Бұл маңның адамы емес, сірә-дағы,
Білмеймін табайын да бір амалын.
Қарауы бар кәззапқа құрықпенен!?.
Жөн болар алыс тұрып сұрағаным…
«Берекесін бұл жердің қашырған?…»
-Ей!
-Кімсің!
-Тірісің бе?
-Жаның барма?
Аққуды неге атасың арың бар ма?!
Тастағын қаруыңды келгін бері,
Келгін бері,кеудеңде жаның барда!
- Әй балам!
Болмады ғой, болмады ғой.
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік.
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!…
Жылқышы:
Мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да,
Білмеймін, сор аттың ба,бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?
Әке боп арпалысып сор қайғымен,
Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен…
Жасымнан естігенім бартын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп…
-Солай,солай….
Аманат бір Құдайға,
Қай-қайдағы түседі құрғыр ойға.
-Жоқ!
Мен емес… Мен атпадым…
Қазір ботам,аққумен ұшықтаймын.
Жазыласың құлыным…балапаным!
Қасиет!
О,қасиет!
Осындай ма ең?!.
Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!
Қасірет!
Қасымдағы досымдай ма ең!
Қасиет… Қасірет…
Қасірет… Қасиет…
Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба? – деген жылқышы қарттың сөзінде қандай мән бар?
Семантикалық карта. Кестені толтыру.
| Р.с. | Кейіпкерлер | Кейіпкерлерге мінездеме | Кейіпкерлерге
берілетін баға |
| 1. | Ана | ||
| 2. | Бала | ||
| 3. | Әке | ||
| 4. | Тәуіп | ||
| 5. | Жылқышы |
| Р.с. | Шығармадан үзінді | Ана | Әке | Тәуіп | Жылқышы |
| 1. | «Аққумен баланы аластаңдар» | ||||
| 2. | Апыр-ай қалай барам,қалай барам? Атармын аққу құсты қалай ғана?!.
Айдынның аққулары ұйықтағанда,Өрген мал, өскен шырша абайлаған, Барлығы қасиетке қарайлаған.Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!. |
||||
| 3. | -Тұрсаңшы,таяу қалды таң атуға,неткен жансың санасыз жаратылған?!. Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,Ұмытылып кетті ме санатынан? | ||||
| 4. | Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!Балам өлсе бақыттың керегі не?! Топан су басып кетсін қалғандарын.Перзент сұрап несіне армандадың?!Құсын онсыз сенің жанған бағын! Мылтықты әкел! Атты ертте. Жалған бәрі!- | ||||
| 5. | -Сірә,сорлы жоқ шығар менен өткен, Құлынымның қасынан неге кеткем?!. Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой, Дүние-ау сен осындай керемет пе ең?! | ||||
| 6. | Апыр-ай бұл кім болды, таңсәріде,Көргенсіз көл басында ылтық атқан?!. Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!. Апыр-ай жоқ еді ғой елде желік. |
4.Оқушыларға сөз жұмбақтар шештіру. «Ойлан, тап».
1.Жетім көлдің аққулары.
2.Ақын және аққу.
3.Ана мерген.
4.Бала – аққу – ана.
5.Жылқышы мен ана.
6.Жетім көлдің сұлулығы.
7.Аққудың үні.
8.Қасиетті аққу.
Осы сөйлемдерді математикалық есеппен шығару керек,сонда бір сөйлем шығады.
1)1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15.
А, е, ө, і, ы, ж, т, м, к, л, д, ң, қ, р, у.
6 2 7 4 8 9 3 10 11 4 12 1 13 13 15 10 1 14 15.
2)а, ы, ә, е, у, қ, н, ж.
1 2 3 4 5 6 7 8
1 6 2 7 8 3 7 4 1 6 6 5
3)1, 2, 3, 4, 5, 6.
А е н м р т
1 3 1 4 2 5 6 2 3
4)1, 2, 3, 4, 5, 6.
А у б л қ н
3 1 4 1 – 1 5 5 2 – 1 6 1
5)1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
А е ы ж л қ ш м н
4 3 5 6 3 7 3 8 2 9 1 9 1
6)1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15.
Е і ө ұ у ы ж т м к л д ң с ғ
7 1 8 2 9 10 11 12 2 13 14 4 11 5 11 6 15 6
7)1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13.
А ы е і й н д ң р к л қ у
1 5 7 2 6 6 2 8; 3 9 10 3 11 3 9 4; 1 12 12 13 1 9.
8)1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.
А и е і у қ с т.
6 1 7 2 3 8 8 4 1 6 6 5
9)1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 11
А у ы и е і қ д ң с т
1 7 7 2 8 3 9 7 1 10 4 5 11 6
5.Оқушылардан халқымызда аққудан басқа тағы қандай аң- құстарды қасиетті деп есептейтінін сұраймын.
Құлан, киік, ойсылқара т.б.
6.Сабақтың қортындысы:
- Сабақ соңында сұрақ қою арқылы қортындылаймын.
Оқушыларды берген жауаптарына қарай бағалаймын.
7. Үйге тапсырма:
Оқушыларға «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан алған әсерлерінен қылқаламмен сурет салуын тапсырмаын.Еркін тақырыпқа «Ақын және аққу», «Жетімкөлдің аққулары»,«Бала – ана-аққу», «Қасиетті аққу» т.б. шығарма жазу.
