Әліппенің ар жағы- білім шуағы

Сабақтың тақырыбы: Әліппенің ар жағы- білім шуағы
Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау.Әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметі,бағасы,мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге,Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру.Білімдерінің артып,сөз байлығының молайып,саналарының өскендерін көрсету. Отанын,мектебін,ұстаздарын,ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, әріптер макеті,көрініске қажетті заттар, Әліппе және Ана тілі оқулықтарының макеті.

Сабақ барысы:

Залда көңілді музыка ойналып тұрады. Сахнада орындықтар доғал болып орналасқан.Жүргізушілер сахнаның сол жағында тұрады.

1-жүргізуші:
Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап,билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.

2-жүргізуші:
Тал шыбықтай бойына,
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған балғын балалар.

Музыка баяу ойналады,оқушылар екі-екіден қол ұстасып сахнаға шығып орындықтардың алдында тұрады.

1-жүргізуші:

Әліппе деген – алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес,ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

1-жүргізуші:

Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бұл уақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түлектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

2-жүргізуші:

Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы,елтаңбасы,әнұраны
Қазақ елі егеменді,сан жұрты бар дей келе,бүгінгі:

Бірге: Әліппемен аштық білім есегін,Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін атты Әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.

1-жүргізуші:

Шұқшитқан кеп әуелі Суреттері әдемі
Сені әрбір әріпке Бұл қай кітап?

Хормен: Әліппе!Әліппе! (Ортаға әліппе шығады.)
Әліппе:

Менің атым әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқытып ержеткен
Апаң менен ағаңда,
Әкең менен анаңда,
Шопан, биші ұстаз да,
Ғарышкер де аспаз да.

Барлық,барлық жақсы да
Әліппеден басталған.

Хор: «Әліппе»

1-жүргізуші:

Уа, халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Қайсы биші ,кім күйші?
Талабына қарайық

2-жүргізуші: Кәне достар: Әліппеден не үйрендік,не білдік? Келіңіздер, ортаға салайық. «Әліппеге мың алғыс» бөлімі.

Асыл: Бар әріпті үйреткен –
Міне менің әліппем
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.

Алмаз: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте,
Үйреткен оны әліппе

Алмат: Әліппем менің әліппем,

Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Анар : Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Мәруа : Әліппем менің әліппем,

Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Әліппеге рахмет! Әліппеге рахмет!

Хор: «Әліппемен қоштасу»
Әліппе: Көп –көп рахмет, балалар!Енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ. Ендеше, ортаға Ана тілін шақырайық.

Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Енді сендердің сүйіп оқитын оқулықтарың Ана тілі

боламын.

1-жүргізуші: Достар,Ана тіліне арналған өлеңдерің бар ма?

2-жүргізуші: Кәне ортаға салайық. « Ана тілі – данамыз»бөлімі:

Алмат: Ана тілі – ұраным
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.

Ерсаи: Ана тілі – ұраным
Ана тілім – құралым
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағым.

Исламбек: Адамдықты үйретер,
Жамандықтан жирентер
Тілімізді ширатар
Ана тілі – данамыз.

1-жүргізуші: Ән «Анашым» Орынд.:Аружан

2-жүргізуші:

Оқи берсең ғылымды,
Артық болмас баршасы
Математика – өмірде
Бар ғылымның патшасы.

1-жүргізуші:

Ойлантып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдіріп,
Ғалымдардың мықтысы
Математика данамыз. Енді математикадан алған білімімізді ортаға салайық.

2-жүргізуші: Ортаға сиқырлы сандарды шақырамыз.

Асыл: Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын.

Аружан: Екіден соң әрқашан
Үш саны мен тұрамын,
Орныма мен тұрамын
Екі айшық саламын.

Малика: Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар қояды,
Төрт дегенің баяғы
Төрт түлкінің тұяғы.

Аққыз: Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті,
Санашы бір қолыңның саусағын
Оңай табасың бесті.

Маруа: Мен өзімді қатарға,
Бестен кейін қоямын.
Басым бірден басталып,
Нөльмен бітер аяғым.

Алмаз: Қара мына қызықты,
Көсеуді кім ұрыпты?
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты.

Ерсаи: Менің атым сегіз
Жетіден соң деңіз.
Жазылғын қос дөңгелек,
Мен боламын егіз.

1-жүргізуші: Қазақ биі «Қамажай» қыздар тобы . Қол соғып қырсы алайық.

2-жүргізуші: «Күле отырайық» атты Алдар Көсе хикаялары көрінісін тамашалайық.

1-жүргізуші: Қолыңа тұңғыш қалам ап,
А әрпін алғаш жазарсың,

Біліп ап А –ны саралап,
Б- сына көз саларсың.

2-жүргізуші: Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды,
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.

«Сырлы әріптер сыры» бөлімі:

Алмат: Т Тәуелсіз елде тұрағым,Тәуелсіздік жыр әнім

Асыл: Ә Әспеттеп салт пен әдетті,Боламыз бала әдепті.

Ерсай: У Уәдеге берік боламыз,Биік –биік үйлер саламыз.

Маруа: Е Елім деп мен жар салам,Еліменнен мақтанам.

Малика: Л Лайым болсын ел аман,Несібесі мол заман.

Аружан: С Сенімін елдің ақтаймыз,Жақсы істер жасаймыз.

Аққыз: І Ізгілік нұрын шашатын,Жасасын Қазақстаным!

Малика: З Зейінге бәрін тоқимыз,Сабақты 5 – ке оқимыз.

Маруа: Д Даламыздай кең пейілді, Мақтан тұтам елімді.

Алмат: К Келешекке нық басқан,Біз бақытты балдырған!

Мұғалім: – Қандай сөз шықты балалар? – Тәуелсіздік!

Біздің отанымыз биыл Тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? 22 жылдығын.
Елбасымыз кім? Н.Ә.Назарбаев

Хор: «Отан»

1-жүргізуші:

Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын,
Ақыл бердің әліппе,
Ақылшы және әліппе.

2-жүргізуші:

Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың сенің тойыңа
Арнайды саған бұл әнін.

1-жүргізуші: Хор: «Жарқын жүзді ұстазым» Бұл ән барлық ұстаздарға арналады.

2-жүргізуші: би «Қара жорға»

1-жүргізуші: Әліппе біз 4 ай бойы сізден үйрегенімізді,ортаға салдық. Сауат аштық,енді өзіміз жаза аламыз.Сізге рахмет!

Әліппе: Рахмет достар. Мен сендерге ризамын! Ал қош болыңдар!Үнемі биік шыңнан көріне беріңдер!

Бірінші сыныптықтарды құттықтау.

Осымен «Әліппенің ар жағы- білім шуағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көрісікенше күн нұрлы болсын!

Байтакова Жаныл

Тубсанатории негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жамбыл облысы

Т.Рысқұлов ауданы

Каменка ауылы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше