« Қош бол сүйікті- Әліппем» мерекесі

« Қош бол сүйікті- Әліппем» мерекесі

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.
  2. Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

  3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж

Сабақтың көрнекілігі: әліппе мен ана тілінің суреті, фотомонтаж.

Сабақтың барысы: Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы.

Мұғалім: Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Мұғалім: Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

Бала деген шіркін-ай балдай екен

Тәттілігі жая мен жалдай

Арып –ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.

Ортаға 1 «Б» сынып оқушыларын шақырайық.(музыкамен кіреді) (Қыздар ақ көйлек, қызыл бантик,ұлдар қызыл бабочкада)

Аспандияр:Қош келіпсіз ақ жаулқты аналар

Жүздеріңнен мейірім мен ұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын ақты балалар.

Б.Еркежан:Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,

Қош келіпсі ұстаздар ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Армысыздар, мұғалімдер,әз жандарІ

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп ,әнде бүгін шырқалар.

Мұғалім: а л, енді құрметті қонақтар ортамызға бүгінгі кешіміздің себепкері «Әліппені» ортаға шақырайық!(музыкамен)

Мұғалім: Қош келіпсіз құрметті әліппе!

Әліппе: Батыр

Армысыздар ас достар,

Армысыздар ата-ана

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келі ортаға.

Балалар мені оқып, не үйрендіңдер?

Мұғалім: Әліппе біз сізден көп нәрсе үйреніп, білім алдық.Сіз бізбен қоштаспатан ұрын біздің білімімізді,әнімізді ,биімізді тамашалаңыз.

Аружан:Әліппемем менің әліппем,

Өшпейтін нұрлы әріппен,

Еігін ашштым әріптің

Өзіңнен кілтті алып мен.

Аслан:Шаттанамын мен бүгін шаттанамын

Әріп срын түсіндім мақатанамын

Әріп сырын үйреткен әліппемем де

Түстей болып міне бүгін арта қалды.

Арман:Әліппенің тойнда

Әркім құштар ойынға

Әіптер сыр ашады

Қыздар әнге салады!

Жаннұр: Ән

Мұғалім:ортаға әріптерімізді шақырайық.

Отан –деген соз шығатындай Алмас,Еркежан.А,Қанат,Ербұлан(Отан сөзіне дыбыстық талдау жасау)

Отанға байланысты қандай өең білеміз?

Хадиша,Ерлан,Т.Еркежан,Әлем, Айтбек (Б,Ұ,Ө,Ә,Г)

Мұғалім:Енді Батырдың биін тамашалайық «Аспазшы» биі

Асет:Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы

Жәнібек: Таныстырған 42 әріппен

Қошш бол сүйікті әліппем

Сенің арқаң оқи да жаза білгенім

Сауатты санатына кіргенім.

Ақбота:Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке

Ырза боп саған жүреміз

Қош бол сүйікті Әліппе.

Әліппе: Енді балалар сендермен қоштаспас бұрын «Ана тілімен » таныстырсам деймін.

Ортаға «Ана тілі» келеді (музыкамен)

Ана тілі: Жаннұр

Туған елдің тілімін

Ақылы мен танамы

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Әліппенің батасы:

Бата десең берейін

Айналсын сендей ботасын!

Оқытып,ғалым қыл

Әліппе берді батасын.

Әліппе: Ал, балалар, сау болыңдар!

Бәрі: Рахмет, саған, Әліппе!

«Әліппе» әні.

Жаннұр:

Ана тілің біліп қой

Еркіндігін, теңдігің.

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың, елдігің.

Олжас:Ата тілім – ұраным,

Ана тілім- құраным.

Ана тілім – болмаса

Мықты болмас тұрағым.

Нұрбек: Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Дәрия: ана тілімің, келешегің,

Ол арқылы биіктен теңесесің.

Өлең жазып, ой толғап ана тілде

Шыңға қадам басасың, сен өсесің.

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Бабалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

Шашу.

Тілек – сөздер ата-аналар.

Әнұранның орындалуы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше