24 February, 2014 11:31

Дүниетану. 23/01

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрақ және шырынды жемістермен таныстыру.
Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, тірек сызбалар, тест, Интербелсенді тақта. Электронды оқулық.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, қайталау.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал туғызу. (3 минут).
Өтілген тақырыптарды қайталау.

  1. Өсімдік қандай мүшелерден тұрады ?
  2. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай ?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Оқушылар үш топқа бөлінеді. (Алма, Алмұрт, Жүзім).

Оқушылар қолдарындағы суреттермен топқа жиналады. Спикер тағайындайды.

1-топ Алма. 2- топ Алмұрт. 3- топ Жүзім.

Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу. (Слайд№1) (5минут)
1. Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп-өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.

Топпен жұмыс: (10-15 минут)

Мәтінді әр топ мүшелеріне бөліктерге бөліп беру.

Әр топ мүшесі оқиды, топта талқылайды, Спикер түсінгенін айтып беруі тиіс.

Сұрақтар әр топқа: Слайдпен көрсетіледі.

  1. Жеміс неден жетіледі ? ( Гүл түйінінен)
  2. Тұқым нешеге бөлінеді? (2- ге бөлінеді Құрғақ және шырынды)
  3. Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар.
    ( Алма, қауын, қарбыз, қияр)

VІ. Электронды оқулықпен жұмыс:

Тапсырмадар орындау.

  1. Шырынды жемісті құмыраға және құрғақ тұқымды себетке салу.
  2. Жел арқылы таралатын өсімдіктерді ажырату, белгілеу.
    VІІ. Сабақты бекіту: Әр топ өз топ атауына 5 жол өлең құрастыру.
  3. Зат есім.
  4. Екі сын есім
  5. Үш етістік
  6. Сөйлем.
  7. Бір ой.

Жеке, Топта, Әр топ 5 жол өлең құрастырып жазады.

5 жол өлеңді Спикерлер оқып береді.

Қошеметтеу. Мадақтап, уәж айту.

Бағалау : Топтың спикерлері топ мүшелерін ауызша бағалайды.

Ал енді балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ендеше алдарыңдағы смайликтермен бағалайық. (Оқушылар смайликтерін көтеріп көрсетеді)

Үйге тапсырма: Өзіңе ұнаған жемісті сипаттап, зерттеп келу.

«Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.

«Бәйге» ойыны арқылы қорыту, бағалау.
1. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?
2. Өсімдік не арқылы көбейеді?
3. Тұқым мен жеміс өсімдіктердің қандай мүшесі?
4. Шиенің тұқымы қандай?
5. Егістік өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?
6. Бақабақ, қоға өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?
7. Өсімдіктің тұқымы қалай аталады?
8. Жапырақтағы жасыл бояу . . .
9. Тұқым қалай тарайды?
10. Жемістер қалай бөлінеді?

VІІІ. Экологиялық тапсырма.
1. Әдемі қызыл гүл көрдің. Не істейсің?
2. Табиғатты қалай қорғайсың?
ІХ. Үйге тапсырма.
1. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.
2. Жемістердің суретін салу.
Х. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше