Қ.Мырза-Әли. «Жеті» өлеңі
Сипанова Баглан Саттаровна
Павлодар облысы Ақтоғай ауданы
Қ.Ыдырысов атындағы ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
7-орыс сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Қ.Мырза-Әли. «Жеті» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.білімдік
Поэзия алыптарының бірі Қадыр Мырза Әли туралы қысқаша мәлімет беру;
«Жеті» өлеңі арқылы жеті санының мұсылман халықтары үшін, қазақ халқы үшін қасиетті сан екендігін меңгерту,өлең мазмұнын ашқызу.
2. дамытушылық
Оқушылардың түсіну,ойлау,қазақша сөйлеу арқылы қарым – қатынастық біліктілігін дамыту;
3. тәрбиелік
Өлең мазмұны арқылы ұлтжандылық сезім оятып, туған жерді, елді сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын меңгерту сабағы
Сабақтың түрі:
Көрнекілік:1.Қ.Мырзалиев портреті,шығармалары
- «Әлемнің ұлы керемеметтері», «Сандар әлеміне саяхат» кітаптары
-
«Әлемнің жеті кереметтері» суреттері
-
«7-киелі сан» көрнекілігі
5.Қосымша карточкалар
6.Қазақстан Республикасының картасы.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Өткенді пысықтау. Оқулықтың 104-бетіндегі тапсырма бойынша мазмұндама жұмысын талдау.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
1. Оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
- Бүгін сабақта қазақтың ақыны Қадыр Мырза Әлидің өмірімен, шығармаларымен қысқаша танысып, «Жеті» өлеңінің мазмұнын талдаймыз.
2. Ақын өмірбаянымен таныстыру. (Портретін көрсету)
- Қадыр Мырза Әли қазақтың қадірлі ақыны, балалар әдебиетінің данасы, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1935 жылы 5-қаңтарда Орал облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген. Биыл ол қайтыс болды.. Ақынның балалық шағы соғыстың ауыр жылдарына тап келді. Бірақ табиғатынан зерек, алғыр баба сабағын жақсы оқиды. Соның нәтижесінде сол кездегі ең беделді, жоғары оқу орны – қазақтың Мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1958 жылы бітіріп шығады. Кейін, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы» баспасында қызмет етеді. Ақынның 30-ға жуық кітаптары жарық көрді. Кейбір өлеңдері бірнеше әлем тілдеріне аударылып, шетелдерде жарық көрген. 3 томдық, 12 томдық шығармалар жинағы бар.
3. Ой шақыру.
| Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
| «Жеті» деген сөзді естігенде қандай ой келеді? Өз ана тілдеріңде қандай ұғымдар, мақал-мәтелдер бар осы санмен байланысты? | Семь раз измерь,Один раз отреж.
Семеро одного не ждут 7 дней недели и.т.д. |
4.Оқулықпен жұмыс.
А) «Жеті» өлеңін магнитофоннон тыңдау немесе мұғалім мәнерлеп оқиды.
Б) сөздік жұмысы: 1) Оқулықтағы сөздікті аудармасымен тізбектеп оқушылар оқып шығады.
2)өлеңде кездесетін басқа да түсініксіз сөздермен жұмыс:
Күрт өседі-тез өседі-быстро взрослеет
Жерлеген соң жетісін беру-здесь: это традиция,обычай, когда через 7 дней после смерти дают поминальный обед.
В) Өлеңді мұғалім оқиды
Г) Өлеңді оқушылар оқиды( шумақтарға бөліп)
Д) Өлеңнің мазмұнын ашу:
| Мұғалім әрекеті | Оқушылар әрекеті |
| Ақын бұл өлеңде 7 санының неліктен қымбат екенін айтады.Осыны біз өлеңнің қандай жолдарынан көреміз? | Өлең жлдарын тауып,оқып айтады:
-жеткен бала жетіге күрт өзгереді -сарапшылар жерті мәрте есептеп,бір кеседі -жерлеген соң жетісін береді -аптамыз жеті күннен тұрады -мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатқызады -аспанымызда жеті жұлдыз ордаласқан. |
Қорытындылау.Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оны өлең жолдарынан көрдік :Жетіге келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Сарапшылар еш уақытта жаңылмайды, егер жеті рет өлшеп, бір кессе. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Қазақстан жерінде Жетісу деген әсем жер бар. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан, Жеті қарақшы. Соңында жеті санының 3 түгілі, екіге бөлінбейтіні айтылады.
ІҮ.Бекіту
Өлең мазмұны бойынша тапсырма орындату:
І деңгей:өлең ішінен 7 саны бар жер атауларын тауып, құрамын анықтау,осы атаулар туралы білетіндерін айту.
Пәнаралық байланыс: Жетісу деп Қазақстанның қай жерлерін атайды?
Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады.Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзеңдері: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу.(картадан көрсету)
ІІ деңгей:оқулықтың 108-бетіндегі мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын анықтау.
ІІІ деңгей: оқулықтың 108-бетіндегі 4-тапсырма: қазақ халқында жеті саны киелі деп саналған.Жеті сөзіне байланысты ұғымдарды атаңдар.
Жауап: Қазақ халқында жеті сан киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. «Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17 – ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиеттігіне байланысты болған. Өлген адамның жетісін беру, Наурыз көжеге де жеті тағам салып пісіреді.
Жеті қазына Жеті күн
- Ер жігіт 1. Бүгін
Сұлу әйел 2. Ертең
Ақыл, білім 3. Бүрсігүні
Жүйрік ат 4. Арғы күн
Қыран бүркіт 5. Ауыр күн
Берен мылтық 6. Соңғы күн
Жүйрік тазы 7. Азына
Жеті ата
1.Бала
2.Әке
- Немере
Шөбере
Шөпшек
Немене
Туажат
Жеті жұт
1.Құрғақшылық
2.Жұт (мал қырылу)
3.Өрт
4.Оба (ауру)
5.Соғыс
6.Топан су
7.Зілзала(жерсілкіну)
(дәптерге жазып алу)
Қосымша материал қолдану.
- «Әлемнің жеті кереметі» туралы не білесіңдер? (көрнекілікті қолданып әңгімелеу)
- Қазақта тағы қандай киелі сандар бар?
Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: “Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру”, ” Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті”, “Тоғыз жолдың торабы”, “Тоғыз қабат торқа қию”,”бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек.
Он екі саны да – халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты “он екі мүшең сау болсын”, “он екіде бір нұсқасы жоқ”, “он екі баулы өзбек” деген сөздер де айтылады.
Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны – қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда “Қырықынан шығару” деген ырымы бар. Өлген адамның “Қырқын беру” дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты “Қырықтың бірі – қыдыр” деп қарсы алу.
«Қазақстанның жеті кереметі» дегенді естулерің бар ма? Қазіргі кезде көп ғалымдар мына атауларды «Қазақстанның жеті кереметі» деп ұсынуда:
1.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
2.Тайқазан.
3.Айша бибі мазары.
- Тамағалы кешені жартас суреттері.
Алтын Адам.
6.Домбыра.
7.Күлтегін ескерткіші.
Ү. Сабақты қорытындылау.
- Кластер толтыру.
жеті рет өлшеу жетісін беру бала жетіде есейеді жеті атасы жеті күн
Жеті
Жеті жұлдыз жеті қазына жеті жоқ жеті жұт жеті керемет
ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
І деңгей:Өлеңді мәнерлеп оқу,қалау бойынша жаттау. Ақын туралы әңгімелей білу.
ІІ деңгей:Өлеңді жаттау,Хрестоматия оқулығынан: 114-бет
Қадыр Мырза Әли «Мектеп» өлеңін оқып,талдау.
ІІІ деңгей : Өлеңді жаттау, «Қазақстанның жеті кереметі»тақырыбына материал жинау,баяндама дайындау.
