Екінші дүниежүзілік соғыс.

ФИО : Махажанова Гульмира Дайрбековна

Дата рождения: 01.01.1974

Образование: Высшее, учитель истории І категории

Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс.

Мақсаты: 1. Оқушыларға екінші дүние жүзілік соғыстың себебі, барысы,

салдары жайында түсіндіру.

  1. Оқушыларға патриоттық, Отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру

және оларды өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.

  1. Өз бетінше іздену, зерттеу шығармашылық

жұмыс істеуге дағдыландыру, ой- өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың әдісі: Баяндау, датамен, кестемен жұмыс

Көрнекілігі: кестелер, суреттер

Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту.

Соғыс деген сөзге анықтама беру

ІІ. Мағынаны ажырату

1. Ойын. Кім? Қайда? Қашан?

Кім?

  1. Англияда жүріп «Азат Франция» патриоттық қозғалысын басқарған кім? (Шарль де Голль)
  2. 1940ж. 18 желтоқсанда «Барбаросса» жоспарына қол қойған кім?

(Адольф Гитлер)

  1. Қазақстандық генерал И.Панфилов басқарған 316 – шы дивизия құрамында асқан батырлық ерлік істерімен жаһанға танымал

болған кім? (Б.Момышұлы)

  1. 1945ж. 8 мамырда Берлинде кімнің төрағалығымен фашистік Германияның сөзсіз тізе бүгуі актісіне қол қойылды?

(маршалл Жуков)

  1. 7 мамырда Реймсте Германияның тізе бүгілуінің алғашқы шартына қол қойған генерал кім? (Әйзенхауәр)

Қайда?

  1. 1939ж. 1 қыркүйекте фаншстік Германия әскері қайда шабуыл жасады?

(Польшаға)

  1. 1945ж. ақпанда Сталин, Рузвельт, Черчилль бас қосқан конференция

Қайда өтті? (Қырымда)

  1. 1944ж. екінші майдан қайда ашылды? (Францияда)
  2. Италия соғыс әрекеттерін қайда орналасқан ағылшын әскеріне

қарсы бұрды? (Египетте)

  1. 1945ж. 6 тамызда қайда АҚШ атом бомбасын тастады? (Хероммоға)

Қашан?

  1. КСРО Германия арасындағы шабуыл жасаспау туралы пактіге қашан қол қойылды? (1939ж. 29. 08)
  2. АҚШ конгіресі лендлиз туралы заңды қашан қабылдады? (1941ж. наурыз)
  3. Гитлер «Барборосса» жоспарына қашан қол қойды? (1940ж. 18 желтоқсан)
  4. Жапония қашан Тынық мұхиттағы АҚШ әскери базасы Перл-Харборды тұтқиылдан шабуылдады? (1941ж.7 желтоқсан)
  5. Соғыс барысын түбірлі өзгерткен Курск түбіндегі шайқас қашан болды? (1943ж. жазда)
  1. Кесте арқылы түсіндіру.

ІІ д.ж.с.

1939 жыл 1қыркүйек

1941ж. жазына дейін

Польша, Чехословакия, Австрия, Венгрия, Румыния, Болгария , Югославия ,Дания, Норвегия, Бельгия т.б.

Германия КСРО

І кезең 1941.22.06 – 1942.19.11 шабуыл қорғаныс

Германия КСРО

ІІ кезең 1942.19.11-1945.09.05 шегіну шабуыл

ІІІ. Ой-толғаныс. Сабақты қорытындылау үшін статистикалық мәліметтерді салыстыратын кесте пайдаланылады.

Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың

маңызды көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер Бірінші дүниежүзілі соғыс 1914-1918 Екінші дүниежүзілік соғыс 1939-1945
1 Соғыстың ұзақтығы 4 жыл 3 ай 6 жыл
2 Соғысқа қатысқан елдер 38 61
3 Соғысқан елдер халқы 1 млрд астам 1,7 млрд астам
4 Соғыс болған жер көлемі 4 млн км2 22 млн км2
5 Мобилизацияланғандар 70 млн астам 110 млн астам
6 Соғыстан өлгендер саны 13,6 млн астам 50 млн астам
7 Жаралы болғандар 20 млн астам 90 млн астам
8 Матриалдық шығындар

Тікелей соғыс шығыны

360 млрд $

208 млрд $

4000 млрд $

1117 млрд $

Үйге тапсырма. А.Гитлер

А.Македонский

Шыңғыс хан

Берілген тұлғаларға сипаттама беру (ортақ мақсаттары қандай, мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері, нәтижесі) тапсырмасы беріледі.

Оқушыларға сауалнама: -Бүгінгі сабақтан не алдық, не ұнады?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше