Жаңа сабақтар

Сөз мағынасын бекіту.

Ақмола облысы

Атбасар ауданы

7 қазақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Достанбаева Қарлығаш Мирамханқызы

Қазақ тілі . 5- сынып.

Тақырыбы: Сөз мағынасын бекіту.

Мақсаты:

Білімділік-омоним, синоним, антоним сөздерді ажырата білу. Дамытушылық- сөздердің мағынасын анықтау, сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік— қанатты сөздер, мақал –мәтелдер , шешендік сөздер арқылы

жеткіншектерді сөз қадірін білуге, айналадағыларға мейірбан, кеңпейіл, сезімтал болуға, жақсы мен жаманды, қас пен досты ажырата білуге, халық шығармашылығының інжу-маржанын бағалай білуге баулу.

Көрнекілік: Сыйқалта, шашуға арналған «кәмпиттер», «тостағанға», «бәйге атына» жазылған тапсырмалар, интерактивті тақта, үш киіз үй, үш табақ ет суреті, «қымызға арналған тостағандар», тест тапсырмалары.

Сабақ түрі: Дәстүрден тыс «Енші беру» тойы

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар, мен сендерге «Қазақ тілінің сөз байлығы», «Сөз және оның мағынасы», «Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер» тақырыптарын оқыңдар дегенмін. Бұл жайындағы білімдеріңді бүгінгі сабақ барысында байқаймын.

Жаңа сабақ. (Балалардың назарын тақтаға аударамын)

Тақтада оқушыларға ребус беріледі. Ребус арқылы Сәбит Мұқановтың сөзін ашып оқиды.

Балалар, бүгінгі сабағымды ғасыр перзенті, ұлы жазушы С.Мұқановтың мына бір сөзімен бастағым келіп тұр.

Сөз- халықтың қымбаттан қымбат кені

С.Мұқанов.

-Кім қалай түсінеді?

-Қымбаттан- қымбат деген сөздің мағынасын кім айтады?

Енді жақсылап тыңдаңдар. Мен бір әңгіме айтамын.

Лексика деген ауылда, Сөз деген қарияның үш ұлы бар еді ғой.

Есімдері кім еді? Ұмыттыңдар ма?

Дұрыс айтасыңдар, Омоним, Синоним, Антоним. Сол үш ұлы ер жетіп, қария еншілерін беріп, той жасамақшы екен.Сол тойға осы отырған бәрімізді шақырыпты.

-Барамыз ба?

-Барайық.

-Дұрыс. Қазақта «шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма» деген сөз бар. Шақырған екен бару керек.

Бірақ … Ойлаңдаршы, балалар, мені ойлантқан не нәрсе?

-Сый апару керек.

-Дұрыс, құр қол бару қазақтың салтында жоқ нәрсе. Лайықты сый апару қажет. Осыдан 2-3 күн бұрын технология пәнінен беретін апайларыңа ескерткенмін. Ол кісі сыйқалта жасатыпты. Біздің міндетіміз -осы сыйқалтаны әрқайсымыздың сыйлықтарымызбен толтыру. Сендердің алдарыңда тілдей қағаз жатыр, соған «Сөз», «Тіл» туралы мақал-мәтел жазасыңдар да, дауыстап оқып, сандыққа саласыңдар.

(Балалар жазған мақалдарын оқып, салады. )

Сонымен 1 сыйқалта тартуымызды атаға сыйлық етелік.

Аталарың өзі туралы мақал-мәтелдерді көп білетіндеріңе риза болып қалды.

Тойда шашу шашылады.

Топтық жұмыс. (Балаларға кәмпиттер шашылады, Ішінде сұрақтары бар, топ ішіненоқушылар жауап береді.)

  1. Лексика дегеніміз не?
  2. Сөз дегеніміз не? Мысал?
  3. Сөздің тура мағынасы. Мысал келтір?
  4. Сөздің ауыспалы мағынасы.Мысал
  5. Омонимдер. Мысал?
  6. Синонимдер. Мысал?
  7. Антонимдер.Мысал?

Шашуды бөлісіп жедік.

Бізді үш үйге бөліп отырғызды. (тақтада жайлау,киіз үй суреттері)

Алдымызға ас келді.(Тақтада табақ суреттері) Әр табақта сөздер , сол сөздерге синоним сөздер жазсақ, синонимге енші беріледі.

Әр қатар өз табағының сөздеріне синоним сөздер жазады.

Атақ-абырой, бедел, даңқ;

Еңбекақы- жалақы, ақшалай құн;

Ауқатты- бай, дәулетті, тұрмысты, әлді;

Тығылу-жасырыну, көрінбей бой тасалау;

Аяу- жаны ашу, мүсіркеу, есіркеу;

Тез- жылдам, шапшаң, лезде- әп- сәтте.

Ас ішілді.

Қол жуылды.

Алдымызға қымыз келді.

(«тостаған» үлгісіндегі карточкаларға сөз жазылған)

Тапсырма: омоним сөздерді «Екі жақты күнделік» кестесі арқылы сөйлем ішінде келтіріп, мағынасын ашу. Тапсырма: омоним сөздерді сөйлем ішіне келтіріп, мағынасын ашу. Сөздер: мақта, шығарма, жаз, ай, ара,қаз, көрші, түс, жүз т/б.

Жұмыстарын тексеремін дұрыс орындаса, қымыздарын ішіп қойғаны.

Сөйтіп, омоним де еншісін алады.

Тірек сөз Түсініктеме
Мақта
  1. Зат есім. Басында қауашақтар өсетін техникалық өсімдік.
  2. Етістік. Біреуді немесе бір затты ерекше дәріптеп сөйлеу, мадақтау.
Шығарма
  1. Зат есім. Белгілі бір автордың өз ойынан жазған ғылыми, көркем әдеби еңбегі.
  2. Етістік. (Ауызекі сөйлеу тілі) Қонған құсыңды қолыңнан шығарма.
Ана
  1. Туған шеше. Мен мейірімді ана құшағындағы баламын
  2. Есімдік. Сонау, ана бір
Жаз
  1. Зат. Көктемнен кейін келетін жыл маусымы
  2. Етістік.
  3. етістік. Жаймалап, тегістеу.
  4. етістік. Ауру- сырқаудан емделіп, сауығу
  5. етістік. Ырзық, несібеге бұйыру
Ай
  1. Түнде жерге сәуле беріп тұратын планета
  2. жылдың жыл он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл
  3. одағай. Біреудің көңілін аудару.
Қаз 1.Суда жақсы жүзетін, мойны ұзын үй құсы.

2. ет. Жерді бір нәрсемен опыру, қазу, қопару.

Көрші
  1. Зат есім. Есіктес, үйме- үй тұратын адамдар
  2. Етістік. Қаланы аралап көрші.
Түс
  1. Зат. Ұйықтап жатқанда ойына түсетін қиял.
  2. Түр, келбет, рең.
  3. Күннің, мезгілдің, сағаттың кезі.
  4. ет. Аттан тез түс.
Жүз
  1. Адамның беті, түрі, өңі, түсі.
  2. Зат е. Кесу, шабу құралдарының өткір жағы
  3. тоқсан тоғыздан кейінгі есептік сан
  4. ет. Балықтың судан шықпай еркін жүзуі.

Ал, балалар, осылай тамақ ішіп отыра береміз бе? Бір мезгіл далаға шығып, бәйге жарысын тамашалайық та ? Оған жеткенше, бой жазу үшін «Керісінше» деп аталатын ойынды ойнап жіберейік, яғни мен бір сөз айтсам, сендер хормен керісінше сөз айтасыңдар. Келістік пе?

Мен айтамын: алыс

Сендер айтасыңдар: жақын

Мен: ескі

Сендер: жаңа

Мен: жоғары

Сендер: төмен т.б.

Жақсы, бір сергіп қалдық.

Кімнің еншісін беруге сайланып келеміз?

Дұрыс айтасыңдар Амонимнің.

Жалпы, басқа сөздерге қарағанда амонимдерге мысал айту оңай сияқты?

Мына мақалды естеріңе түсіріңдер.

«Ақпа құлаққа айтқан сөз ағып кетеді,

Құйма құлаққа айтқан сөзді құйып алады».

Ендеше, құйып алыңдар,қазір мен Сырым батырдың шешендік сөздерінен үзінді оқимын,сендер антоним сөздерді жаттап алыңдар.

Бәйгеден кім бұрын келер екен?

Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті,ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреуді біреу шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың»,-депті. Нұралыға бір кезі келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нқралы:

-Батыр, бұрылып сәлем бергің келмейді,тасып жүрсің-ау?- депті.

Сырым қайырылып:

-Хан, тасып жүргенім жоқ,қара қазақ баласының басын қоса алмай, сасып жүрмін депті.

Жазылуға тиісті сөздер (Тақтадан көрсетемін)

Ақ-қара

Аз-көп

Нашар-мықты

Тасып-сасып

4 жұпты дұрыс жазған «бәйгеден бұрын келеді»

Сонымен, Антонимнің де еншісі берілді.

Енші беру оқай шаруа емес. Той соңында тойдың қалай өткендігіне аз-мұз қорытынды жасалады. Біз де білімімізді тексеру үшін , тест жүргізіп қояйық. Тест 4 сұрақтан тұрады. Кілті. 1. а

  1. ә
  2. б

  3. в

Тест.

  1. Асты сызылған сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?

Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.

А. антоним

Ә. синоним

Б.омоним

В.ауыспалы мағынада

  1. Мына сөздер мағынасын қарай қандай сөздер

Қысқа, шолақ, келте

А. омоним

Ә. синоним

Б. антоним

В. ауыспалы мағынада

  1. Көп нүктенің орнына қай сөз лайықты?

Дос сыртыңнан мақтар,

……………. көзіңе мақтар.

А. ағайын

Ә. көрші

Б.дұшпан

В. құрдас

  1. Асты сызылған сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?

Оның аты Асан

Біржан атының үстінде тұрып ән шырқады.

А. синоним

Ә. антоним

Б. ауыспалы мағынада

В. омоним

Тексеремін.

Ал, балалар, «Кел демек бар да, кет демек жоқ» дейді біздің халқымыз. Ауылға қайтпаймыз ба?

Ақын Қадыр Мырзалиевтың «Қазақ осы» деген өлеңіндегі мына бір өлең жолдары еріксіз еске оралып тұрғаны.

Тыңдаңдар.

Қазақ осы -ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады,

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Бағалау:

Бүгінгі сабақта алған «бестіктерің» мен «төрттіктеріңді» ат пен шапандай көріңдер! (Білімдерін бағалаймын)

Үйге тапсырма:

5 мақал антонимге, алыс еңбекқор, дос, бейбітшілік, ескі сөздеріне синоним сөздер жазып келу.

Сабақ аяқталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.