Жаңа сабақтар

Тәртібі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстар

ШҚО, Жарма ауданы,

Қалбатау ауылы,

Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия

Әлеуметтік педагог

Сагындык Данара Владимировна

Тәртібі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстар

Егер бала бұзақы бола бастаса,

онда бұған бала кінәлі емес,

педагогикалық әдістер кінәлі.

А.Макаренко

Бүгінгі күнде қоғамды алаңдатып өзекті мәселелердің бірі- тәрбиесі қиын балалардың көбеюі. Сонымен, тәрбиесі қиын бала дегеніміз не? Оларды неге қиын деп атаймыз?

«Қиын оқушы», «Тәрбиесі қиын бала» ұғымдары өте кең. Бұл ұғымдар ғылымға 30 жылдары А.С. Макаренко, В.Н. Сорока- Росинскийдің еңбектерінде орын тапқан. Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар – бұл оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар.

Әлеуметтік педагогтің жұмысындағы ең белгілі әдістердің бірі- бақылау әдісі. Баланың іс- қимылын, сөзін әр түрлі іс-шаралардан байқау. Жүйелі және нәтижелі жұмыстар арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылық боса, сөзінде береке болмаса ол баламен жеке жұмыстар ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әр түрлі іс-шараларлда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыстар жүргізу керек.

Әңгімелесу әдісі- бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкі жан дүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.

Сауалнама- жазу арқылы бала туралы ақпараттар жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблемалар болуы тиіс:

  1. Ойы
  2. Мінезі
  3. Әлеуметтік демографиялық жағдайы
  4. Белгілі бағыт бойынша қызығушылығы.

Сұрақтар мынадай түрде болуы мүмкін:

  1. Сұрақ (дайын жауаптардан бала өзіне керегін таңдайды)
  2. өз бетімен жауап беру
  3. тура жауаптар
  4. жанама жауаптар

Қиын балалрдың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыстар жүргізілгені дұрыс:

  1. Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайды үйрету
  2. Балаларды әр түрлі өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдісіне үйрету.
  3. Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.
  4. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Баланың бас ұстазы- ата-ана. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі рөлі ерекше. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар тарпынан жасөспірімдерді тәрбелеуде жіберілетін төмендегідей қателіктер байқалады:

  1. Әлеуметтік жағдай:
  1. бақылаусыздық
  2. баланың назардан тыс қалуы
  3. ата-ананың бос уақытының болмауы
  4. отбасының толық болмауы
  1. Психологиялық жағдай:
  1. Балалардың жас кезінде тәрбиемен жете қамтылуы
  2. балаға балдырған кезінде қатал болып, жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмауы
  3. балаға жасынан толық еркіндік беру.

Девиантты жүріс-тұрыс пен мінез-құлыққа душар болған балалармен жұмыс түрі мен технологиясы – алдын алу және қатарға қосу немесе бейімдеу болып табылады. Бейімдеудің бірнеше түрі бар, олардың бірі- психологиялық бейімдеу. Психологиялық жолмен бейімдеу- баланың сана сезімінде терең орын алып қалған «менің ешкімге қажетім жоқ», «менің қолымнан ешнәрсе келмейді» деген ойдан арылтып, ақыл кеңес беру, иландыру жолымен өзіне деген сенімін арттыру.

Сондықтан барлық мектептердегі психолог мамандар оқушылардың ішкі қасиеттерін анықтауға, дарынын шыңдауға, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысты одақтастыру жағдай жасау тиіс.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.