Эстафеталық сайыс
№12 І.Қабылов атындағы орта мектеп
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Досов Қуаныш Мирамбекұлы
Қызылорда қаласы
Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың спорттық ойындарға деген қызығушылығын,қимыл
қозғалыс біліктілігін арттыру,салауаттылыққа дағдылау,өскелең
жеткіншектің қабілетінің дамуына ықпал ету,жылдамдық,ептілік,
рефлексін дамыту.Өмірде белсенді ұрпақ тәрбиелеу.Оқушылар
бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.
Құрал-жабдықтары мен көрнекіліктері: ысқырық,баскетбол доптары,
таяқшалар,кедергілер,бильбордтар,маталар.
Ережесі:
І. Команда құрамы: әр командадан 5 ұл,5 қыз қатысып,бір команда құрайды.
ІІ. Жарысқа қатысушылар және өткізілу тәртібі:
әр команда спорттық формасы,ұраны және эмблемасы болуы тиіс.
ІІІ. Жарысты бағалау.
Әрбір ойын 5 балды жүйемен бағаланады.Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
ІV. Марапаттау.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі дипломмен марапаталады.
Жарыс барысы:
- Эстафета
Бірінші оқушы барарда кедергілер арасымен жылдамдықпен жүгіріп барып,қайтарда тура жүгіріп келіп эстафета таяқшасын келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Қаппен секіру.Оқушылардың бір-бірлеп барарда қаппен кедергілер арасымен секіріп барып, қайтарда тура секіріп қайтып келесі ойыншыны жіберу.
- Эстафета
Ер балалар допты аяғымен барарда кедергілер арасымен алып барып,қайтарда тура допты алып жүру. Қыз балалар барарда кедергілер арасымен секіртпемен секіріп барып,қайтарда тура секіріп қайту.
- Эстафета
Бірінші ер балалар допты барарда кедергілер арасымен алып барып,шығыршыққа лақтырып,қайтарда тура допты алып келіп келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Оқушылар допты аяғының арасына салып барарда кедергілер арасымен секіріп барып,қайтарда тура секріп келіп допты келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Бірінші ойыншы жүгіріп ортадағы матаға домалап барып қайтарда тура жүгіріп қайтып,келесі ойыншыға қолын тигізіп,ойынды жалғастыру.
- Эстафета
Оқушылар барарда кедергілер арасымен секіріп барып,қайтарда тура жүгіріп қайту.
- Эстафета
Бірінші оқушы барарда кедергілер арасымен жүгіріп барып,қайтарда тура жүгіріп келіп келесі ойыншыны алып кету.
№12 І.Қабылов атындағы орта мектеп
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Досов Қуаныш
Қызылорда қаласы
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында
өткізілген эстафеталық жарыс.
Сабақтың мақсаты:Балалар арасында қозғалыс ойындары мен салауатты өмір салтын
қалыптастыру. Оқушылардың президенттік тест сынамаларының
дайындықтарын және спорттық білімдер мен дағдыларын
жетілдіру.Оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайту.
Құрал-жабдықтары : Доп,кегли,секіртпелер,қап,шығыршық
Команда құрамы: әр сыныптан 5 ұл,5 қыз қатысып,бір топты құрайды
Жарысты бағалау.
Әрбір ойын 5 балды жүйемен бағаланады.Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Жарыс барысы:
- Эстафета
Оқушылар бір-бірлеп кедергілер арасымен жүгіріп эстафета таяқшасын келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Қаппен секіру.Оқушылар бір-бірлеп қаппен секріп,келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Ер балалар шығыршықты біртіндеп кеглиге кигізіп шығады,қыз балалр допты домалатып әр шығыршықтың ішіне салады.Қайтадан бір-бірлеп жинап шығады.
- Эстафета
Ер балалар допты аяғымен барарда кедергілер арасымен алып барып,қайтарда тура допты алып жүру. Қыз балалар барарда кедергілер арасымен секіртпемен секіріп барып,қайтарда тура секіріп қайту.
- Эстафета
Оқушылар допты аяғының арасына салып барарда кедергілер арасымен секіріп барып,қайтарда тура секріп келіп допты келесі ойыншыға беру.
- Эстафета
Бірінші ойыншы жүгіріп ортадағы матаға домалап барып қайтарда тура жүгіріп қайтып,келесі ойыншыға қолын тигізіп,ойынды жалғастыру.
- Эстафета
Ер балалар кеглилерді жинап алып келіп, қыздар кеглиді қайта орнына қойып,ойынды жалғастырады.
- Эстафета
Оқушылар шығыршықпен кедергілер арқылы жүгіріп,бір-бірін тасымалдау.
Сабақтың тақырыбы: «Жылдамдыққа арналған эстафета»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындардың қимыл-қозғалыс біліктілігін арттыру.Салауаттылыққа дағдылау.Өскелең жеткіншектің келбетті дамуына ықпал ету.Жылдамдық,ептілік рефлексін дамыту.Өмірге бәсекелес ұрпағын тәрбиелеу.Оқушылар бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Құрал-жабдықтармен көрнекілігі:Ысқырық,баскетбол доптары,кедергілер,таяқшалар.
| № | Өтілетін сабак мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқау |
| І | Ұйымдастыру:
Спорт жетекшілер мәліметтері. |
2 мин | Сапқа тұрғызу,түгендеу,киімдерінің қолайлығын қадағалау. |
| ІІ
ІІІ ІV |
Жалпы дамыту жаттығулары:
1.Жүгіру 2.Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар. а) екі қол алда тізені алақанға тигізіп жүгіру ә) екі қол жамбаста өкшені алақанға тигізіп жүргіру б) екі қол белде екі аяқты алға тік созып жүгіру в)Оң және сол жақ иықпен бір қырындап қолды алға артқа айналдырып жүгіру 3.Жәй жүру демді орнына келтіру жаттығулары 4.Жүріп орындалатын жаттығулар: а) екі қолды жоғары созып алақанды қарама-қарсы қойып аяқтың ұшымен жүру. ә) екі қол белде өкшемен жүру б) екі қол белде аяқтың сыртымен жүру в) қолды алға созып жартылай отырып жүру. г) қол тізеде толық отырып жүру. 5.Бір орында тұрып орындалатын жаттығулар: а) екі қол белде бас мойын жаттығулары ә)оң қол жоғары сол қол белде солға,оңға иілу жаттығулары. в)екі қол иықта қолды алға,артқа айналдыру жаттығулары. Сабақ барысы: 1- эстафеталық сайыс Таяқшалармен өткізілетін эстафета. Ойыншылар екі командаға бөлініп, Олар бір- бірінен 3-5 м қашықтықта Параллель сап түзеп тұрады. Екі Саптың алдына да сызық сызылады. Сызықтың 10-20м жерге бір зат немесе жалауша шаншып қояды. Әр команданың бірінші ойыншысына таяқшаға беріледі де.төрешінің белгісі бойынша таяқша ұстаған екі бала әлгі затты немесе жалаушаны жүгіре айналып келіп,таяқшаны өзінен кейінгі дайын тұрған оқушыға береді. Ойын шартын бұрын орындап шыққан команда жеңген болып есептеледі.Әрбір жіберілген қате үшін командада айып ұпайын алады. 2- эстафеталық сайыс Доптың аяқтың арасына қыса жүріп,шеңберді айнала қайтып оралады,доп келесі оқушыға береді.Ең алғашқы болып келген команда жеңіске жетеді. 3- эстафеталық сайыс Топ басшысы алдыменен шығыршықты алып шеңберді айнала жүгіріп келеді,сонан соң екінші оқушыны тасымалдайды,соңында барлықтоп оқушыларышығыршықтың ішіменен шеңберді айналып келеді,алғашқы келген топ жеңіске жетеді. Тынысты орнына келтіру жаттығулары |
12 мин
25 мин. 6 мин |
Ж.Д.Ж.
1.Алаңды 2 рет айналдыра жүгірту. а) жәй жүгіріп келе жатып екі қолды алға созып тізені алақанға тигізіп жүгірту. ә) екі қолды артқа қойып өкшені алақанға тигізіп жүгірту. б) екі қолды белге қойып аяқты алға сермеп жүгірту. в) оң жақ иықпен және сол жақ иықпен бір қырындап екі қолды белге қойып жүгірту Жәй жүріп орындалатын жаттығулар: а) екі қолды жоғары созып алақанды бір-біріне қарама-қарсы қаратып аяқты ұшымен жүру. ә) екі қолды белге қойып өкшемен жүру. б) екі қолды желкеге қойып жартылай аяқты бүгіп денені тік ұстап алға жүру. в) екі қолды тізеге қойып толық отырып жүру. Бір орында тұрып орындалатын жаттығулар: А) Бастапқы қалып екі қол белде екі аяқ иықтың ішкі деңгейімен бірдей ашып басты 1алға,2артқа,3оңға,4солға бұру. ә) Бастапқы қалып оң қол жоғары көтеріңкі, сол қол төмен 1-2 оң қол,3-4сол қолды сермеу. Б) Бастапқы қалып оң қол жоғары, сол қол белде,1-2 солға қарай 3-4оңға қарай иілу. В) Бастапқы қалып қол кеуде тұста, 1-2 жартылай, 3-4 толық ашу. Г) Бастапқы қалып екі қол иықта, 1-2 алға, 3-4 артқа қарай айналдыру. Д) Бастапқы қалып қол желкеде 1-2оңға, 3-4 солға қарай бұрылу. Е) Бастапқы қалып екі аяқ иықтың сыртқы деңгейімен ашық 1-2оң қолдың ұшын сол аяққа, 3-4 сол қолдың ұшын оң аяққа иіліп жеткізу. Ж) Бастапқы қалып екі аяқ қосылуы 1-қолды алға созу,3-аяқтың ұшына жеткізу, 4-қолды алға созып отыру. Жаттығуларды 2-3 реттен орындату керек.Допты қолмен жүргізгенде доп кіндіктен жоғары аспауы тиіс.Қолды бір қалыпты ұру арқылы жүргізіледі.Допты жүргізу жаттығулары жарысу арқылы жүргізілмейді.Допты алақан және саусақтардың ұшымен жерге итере отырып ыршытады.Допты алып жүру ойыншының қозғалу бағытымен байланыстыра жүргізіледі.Допты оң қолмен де,сол қолмен де алып жүруге болады.Допты алып жүргенде адымды кең ашып,баяу жүруге де болады. Оқушылардың сабақ басталар алдындағы жүрек қағысын қалпына келтіру. |

Саламатсыз ба агай калайсыз?сиздин сабақ жоспарынызды жүктеп алдым маған көп пайдасы тиді,мен сиздин оқушыныз боламын