Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқ ушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалы птастыру .
Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып,
оқушылардың шығармашылығын,
ізденімпаздығын қалыптастыру .
Бисембаева Тоты Тажибаевна
,,ҚР білім беру ісінің үздігі’ « Аға мұғалім’’
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы
биология пәні мұғалімі.
Ақтөбе қаласы.
Адам баласы үшін өте маңызды құндылықтардың бірі-білім.
Ал білімді берудің негізгі мақсаты – жан жақты білімді, өмір сүруге бейім,іскер, саналы, өзіндік ой – талғамы бар, адамгершлігі жоғары, тәрбиелі, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Осы мақсаттарды жүзеге асыру әр мұғалімнің басты міндеті.
Олай болса оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруде өте тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап қолдану – өмір талабы. Осыған орай мен өзім алдыма қойған проблемалар мен мақсат-ұстанымдарымды оң шешіп, нәтижесі мол жетістікткерге қол жеткізу мақсатында жұмыстанып келемін. Бірнеше жылдардан бері сабағымда дамыта оқыту технологиясын пайдаламын.
Дамыта оқыту – білім беру жүйесіндегі ең толассыз,үздіксіз қабілет пен
қажеттіліктерді дамытуды талап етіп отырған технология, заман сұранысын өтеудің негізгі бір саласы. Сондықтан бұрынғыдай тек әрекет етуші емес, оқыту үрдісінде тың идеяны бағыттаушы, дамытушы тұлға әрі нәтижеге жетудің қозғаушы күші болуды мақсат етемін, Оқыту барысында ұстазға шеберлік, төзімділік, мейірімділік қасиет пен талапшылдық өте кажет екенін ескере отырып әрі сабағымды «жеңілден → ауырға» принципін сақтай отырып өткізуге тырысамын.
Ол үшін сабақ беретін сыныптарымдағы әрбір оқушыны жан-жақты зерттеп біліп, жеке ерекшелігін, білім дәрежесін,тәрбиесін, оқуға қызығуын ескере отырып, жоспар құрамын. Сабақтың сапалы болуы көптеген себептерге негізделеді. Сондықтан сабаққа кірер алдында : «Бүгін оқушыларға не үйретемін?» «Ой – санасын қалай күшейтемін ?» «Оқушыларды сабаққа қандай жолдармен қызықтырамын ?» деген сұрақтардың жауабын дайындап қоямын.
Сонымен бірге мұғалім мен оқушының және оқушы мен оқушы арасындағы байланыс өте жақсы көңіл-күйде болуына көңіл бөлемін. Мұндай психологиялық қарым – қатынас сабақтың нәтижелі өтуіне зор ықпалын тигізеді. Сонда оқушы сабақта өзін еркін ұстап, ойын еркін жеткізе алады. Мен әр оқушыны жеке тұлға , азамат ретінде қабылдаймын. Арадағы сыйласық , оқыту мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімін жүйелі пысықтау, іздену, ғылыми дүниетанымының қалыптасуы жүзеге асып, нәтижелі жетістіктерге қол жеткізеді. Бұл технологоияның негізгі ерекшелігі. (артықшылығы) мынада:
- Білімі мен білігі жоғары оқушыларды қалыптастыру
- Өз бетінше іздене отырып жұмыс істеуге, табандылыққа дағдыланады.
- Ойлау қабілетін, білім мен санасын, шығармашылығын дамытады.
- Алған білімін толықтыра отырып іс жүзінде пайдалана білуге, өмірде жасқанбай еркін өмір сүруге бағыттайды.
Өмірде биология пәнін оңай пән деп есептеген , оқулықтағы материалдарды жаттап алып, соңындағы сұрақтарға дайындалып келумен шектелетін оқушылар да болады. Сондықтан ондай оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятып, оқушыға жаңа сабаққа деген мотивация тудыру қажет. Ол үшін оқушыға проблемалық сұрақтар қою арқылы білімдерін ортаға салып «білемін» деп немесе «орташа» деңгейде жауап берсе, ал «хабарсызбын» деген мәселелерге тіреліп, әрі қарай ақпараттар алу үшін оқушы өздігінен қызыға іздене бастайды. Келесі күні жауабында жақсы нәтижеге қолы жетсе,осыдан бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы оянады. Оны одан әрі ұштау мұғалімнің шеберлегіне байланысты жалғасын табады. Бұл тұрғыда оқыта отырып тәрбиелеу әдістерінің түрлері мен тиімділігін көрсететін бір сабағымнан қысқа үзіндісін көрсетемін.
Биология 7 – класс
Тақырыбы: Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары.
(Сабақ жоспарының үзіндісі)
Білімдік мақсаты: Ғылыми деректерді пайдалана отырып, оқушылардың
жылқы малы туралы түсініктерін кеңейту, және адам
өміріндегі маңызын тереңірек ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: Жылқы малының тұқымдастары мен түрлерін,
тарихын, жылқының еті мен сүтінің артықшылығын,
экологиялық экономикалық маңызын жан – жақты
зерттей отырып меңгерту,білімдерін, ізденімпаздығын
дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: жылқының, жылқы ет өнімдері мен қымызының қадір-
қасиетін біле отырып, жылқы малын өсірудің пайдасын
білуге, оның құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу,
және шаруашылыққа енгізу жолдарына ұсыныс-
пікірлерін тұжырымдап, айта білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта арқылы жылқы түрлерінің, ет және сүт
өнімдері, суреттері және схемалар.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап арқылы, қосымша әдеби-ғылыми
мәліметтерді пайдаланып, ауызша баяндау.
Сабаққа қосымша әдебиеттер: «Төрт түлік», «Жеті қазына».
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі
II.Үй тапсырмасын тексеру
1).Блиц турнир:
1.Жылқы атасы (Қамбар ата)
2.Жылқының арғы тегі (Тарпан,Түзат)
3.Жылқы сүті (Қымыз)
4.Жылқының төлі (Құлын)
5.Жылқы неше жыл бұрын қолға үйретілген? (5-6 мың жыл бұрын)
6.Жылқының түсіне байланысты атаулар
(Боз, Күрең, Бурыл, Торы, Жирен, Шұбар т.б.)
7.Қазақтың ұлттық салт ойыны (Көкпар)
Сұрақтар:2)Жылқыларды қандай мақсатта өсіреді?
3) Қымыздың қандай түрі және маңызы бар?
- Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар. Қымыз – халқымыздың кәделі әрі киелі сусыны. Қымыздың 40-қа жуық түрін дайындайды. Оны дайындау тәсілдері де түрліше. Мысалы, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, жуас қымыз,қысырақ қымыз,шырғанақ қымыз, және басқа да түрлері бар. Қымыздың шипалық елдер де көңіл бөле бастады. Халқымыздың ұлттық мерекесінің бірі «қымызмұрындық» деп аталады.Қымыз адам ағзасына тек сіңімді емес, сонымен қатар тамақ құрамындағы белоктар мен майларды сіңіруді жеңілдетеді.
Қазақтарға ертеден қымыздың емдік қасиеттері белгілі болған.Олар қымызды өкпе ауруларын , асқазан ауруларын, бүйрек ауруларын емдеп, тәбетті жақсатрту үшін пайдаланған.
- Жылқы сүті 77 түрлі ауруға ем. Оның ана сүтіне ең жақын екенін ғылым мойындаған.
4) Жылқы етінен қандай өнімдер өндіріледі?
- Жылқының еті, қазы-қартасы ағзаға жағымды,пайдалы тағам. Көп аурулармен ауырған адамдарға жылқы етін береді, тіпті қант диабетімен ауыратын адамдарға да пайдасы бар.
- Жылқы етінен жал-жая, қазы – қарта және шұжық өндіріледі.
Жал- желке майы, жая-екі жамбастың сырты, яғни сауыр еті. Қазы-қабырғаның майлы сүбе еті. Қарта – тік ішектің майлы бөлігі. Шұжық-туралған ет пен май тығылып, ішектен жасалған тағам.
- Медицина ғылымының докторы Төрегелді Шарманов ағамыз: « Егер ауруды бойға жолатпайын десең, жылқы бақ, қазысын күніне бір тіліп же, ал аптасына бір кесе қымыз ішсең- тегі жақсы, аурудан аман боласың», деген болатын.
- Иә, атам – заманнан бері қазақтыің кең даласында мекендеген халықтардың жылқы малын есепсіз көп ұстауы бекер емес екен ғой. Ол – мінсе көлік, жесе-тамақ, ауырса-ем, сүті-сусын, терісі-киім, құйрығы-желпуіш, тұяғы – аспап, т.б. Осындай асыл қасиеттерімен бағаланып келген жылқы малына бүгінгі таңда көбірек көңіл бөліп, көбейтіп өсіру керек.
5) Жылқы шаруашылығымен айналысудың, оны көбейтудің
қандай пайдасы бар?
- Қазіргі кезде балалардың арасында сал аурулары (ДЦП –детский церебральный паралич) көбейіп барады. Ертеде қазақтарда мұндай аурумен ауыратындар сирек кездесетін. Бұл ауруды , баланы атқа отырғызып, әуелі жай жүргізіп, содан соң желгізіп, шаптырып емдеген. Бұл ем қазір бізде ұмыт болған. Оны бүгінгі таңда Белоруссия жерінде пайдаланып отыр және бұл емді «иппотерапия» деп атайды. Неге бізге осыны қолға алмасқа?!
- Бүгінде мұсылман елдерімен бірге Қытайда, АҚШ пен Жапонияда бүйе сүтімен онкология ауруларын емдейді және оның еті 20 түрлі ауруға ем болатындығы белгілі.
- Жылқының еті мен сүтін пайдаланған адам жұқпалы аурулармен көп ауырмайды,ауырған жағдайда халықтың емімен емдеу оңай.
- Бағу-қағуға көп қаржы керек етпейді.
- Темір тұлпар пайдаланудың орнына , мекемелердің өзіне де мініс көлігі ретінде пайдалану, экономикалық, экологиялық жақтарынан тиімді деп есептелуде. Сондықтан жылқы малын көбейту, жылқы шаруашылығымен айналысу халық үшін өте пайдалы.
6) «Ой – түйін» бөлімі
Жылқыны зерттей білу-парыз дедім,
Бағалап, қасиетін білсем дедім.
Еліме ырыс, құтты әкелетін,
Жылқыны көбейтуді жөн деп білдім.
7) Қорытынды:
- «Ат – ерді сақтайды,
Ер – елді сақтайды.»
- «Жылқы-малдың патшасы, сөзімнің жоқ қатесі» мақалдарын талдау.
Сабақтың үй тапсырмасын тексеру кезеңінің тек бір сәтінің үзіндісі беріліп отыр.
Мұнда оқушы өз бетімен ізденіп, оқулықтан тыс мәліметтер жинақтап, өз білімдерін толықтыра отырып, жылқы малының қадір-қасиетін тереңірек ұғынады және оқушы ойын ауызша еркін жеткізуге дағдыланады. Осы өте қысқа уақыттың ішінде сабаққа 20-дан астам оқушының қатысуын қамтыдым.
Әрбір технологияны пайдаланған кезде де осы әдіс-тәсілдер қатаң ескерілсе, оқушының білімге, пәнге деген қызығушылығы арта түседі деп есептеймін.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген
Елбасы Н.Назарбаевтың сөзін білім беру жолында да, тәрбие беруде де абыроймен орындауды әр мұғалім жауапкершілікпен түсініп, естен шығармауы тиіс. Сонда ғана тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы – қазіргі оқушыларымыз білімді де білікті, саналы, мәдениетті, ізденімпаз, рухани жағынан бай, жан-жақты жетілген заман талабына сай жеке тұлға болып шығады. Биология пәнінің мұғалімі
Бисембаева Тоты Тажибаевна.
