Тау жыныстары деген не
Тау жыныстары деген не ? 3- сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: тау жыныстары жайында түсіндіру, оның түрлерімен таныстыру.
Олардың пайдасын ұғыну.
Дамытушылығы: өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: елін, жерін, сүюге, ел болашағын ойлайтын азамат болуға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі:Пайдалы қазбалар түрлері, кестелер,интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Ауа неден ластанады?
- Зиянды қалдықтарды тұтып, суды тазалайтын не орнатылады ?
- Ауа тазалығын сақтау үшін не істеу керек ?
ІІІ . Жаңа сабақ
Жаңа тарау : Пайдалы қазбалар Тау жыныстары деген не ?
Тау жыныстары – Қатты –гранит, әктас, таскөмір , Сұйық –мұнай, сынап, газ тәріздес ,Қопсынды- құм, саз
Балалар адамдар үйқұрлысына қандай материял қолданады (саз , бетон , цемент, кірпіш ) олай болса осы таужынысына кеңірек тоқталамыз
Мағынаны ашу:
1) Гранит – қатты, тығыз тау жынысы. Ол көбінесе жер қыртысының терең қойнауында орналасады. Таулы аймақтарда жер бетіне шығып, кең көлемде таралады. Орталық Қазақстандағы Сарыарқаның көптеген таулары түгелдей граниттен тұрады.
Гранит қазақша «түйіршікті» деген сөз. Оның бір кесегін алып қарасаңдар, шынында да көптеген түйіршектерден тұратынын байқайсыңдар. Гранит күннің, судың, желдің әсеріне өте төзімді. Сондықтан оны үйдің іргетасын, көпір тірегіш, ескерткіштер жасауға пайдаланады. Әшекейлік мақсатқа пайдалану үшін гранит-тің бетін әбден тегістеп, жылтыратады.
Таскөмір – қатты, көбінесе қара түсті зат. Жер қойнауында таскөмірдің үш түрі кездеседі. Тас көмірдің ең сапалы түрі антрацит. Ол шымқай қара түсті, ұстағанда қолға жұқпайды, әрі металл сияқты жылтырап тұрады. Ол жылуды өте көп береді. Қызуы күшті болғандықтан металл қорытуға жұмсалады.
Кәдімгі тас көмір де қара түсті, ол бірақ антроциттей жалт-жұлт етіп тұрмайды, қызуы да аз болады.
Қоңыр көмір мүлде жалтырамайды, солғын қоңыр түсті, жылуды аз береді. Оңай үгітіледі. Бықсып жанады, жаққанда күл көп қалады.
Біздің еліміздегі тас көмірдің басты кен орны – Қарағанды және Екібастұз. Қарағанды кен орнын 1833 жылы Апақ Байжанов деген шопан ашқан. Қарағанды көмірі 1856 жылдан бастап өндіріле бастады. Көмірді екі түрлі әлдіспен: шахта-лық және ашық қазып алу әдіспен өндіреді.
Әктас – біздің күнделікті өмірімізде өте жиі кездеседі. Әктастың үш түрі бар: бор, кәдімгі әктас және мрамор. Олар бір-бірінен қаттылығына қарай ажыра-тылады.
Бор – әктастың жеке түрлерінің ішіндегі ең жұмсағы. Оны қолмен оп-оңай опыра аласыз. Үгілгіш, түсі ақ. Бормен тақтаға жазамыз. Одан үй ақтайтын әк алынады.
Кәдімгі әктас бордан қатты. Ақсұрғылт немесе сарғыш түсі болады. Әктастан күйдіру жолымен әк алынады. Оған саз қосу арқылы цементтің кейбір түрлері өндіріледі. Әкке құмның өте сапалы түрін қосып, ақ кірпіш дайындайды. Ондай кірпіш өте берік, күйдіруді қажет етпейді.
Құм – сусымалы тау жынысы, табиғатта жие кездеседі. Ол сары, ақ, сұр және басқа түстес жеке түйіршектерден тұрады.Шыны зауытында құмнан шыны жасайды
Құмтас- Оның ұп-ұсақ құм қиыршықтарынан тұратынын байқау қиынға соқпайды. Оның «құмтас» деген аты да осыдан шық-қан. . Сонымен бірге диірмен тасы, қайрақ ретінде де қолданылады.
Саз – тау жынысының үгілуінен пайда болады. Ылғалды саз жабысқақ және созылмалы болады . Ертеде білген адамдар одан астық, сүт су, сақтайтын құмыра , аяқ – табақ жасаған Одан кірпіштер жасайды. Кірпіштен тамаша үйлер салады .
Сұйық пайдалы қазба мұнай .
Мұнай – жердің терең қабатында жатады . Оны өндіру үшін жіңішке , терең құдық – ұңғыма қазады . Ол үшін бұрғы мұнарасын орнатады . Мұнайды өңдеу арқылы жанармай, жермай,машина бөлшектерін майлайтын май, ермексаз алынады.
Газ тәріздес– пайдалы қазба – үй жылыту және тамақ дайындау үшін пайдаланатын табиғи газ жатады.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Пайдалы қазбалардың шартты белгісімен жазу
Кестені толтыру .
| № | Пікір | Атаулары |
| 1 | Құм,саз,гранит,мәрмәр,әктас,мұнай,таскөмір,тұз– | кендер |
| 2 | Пайдалы қазба табылған жер | -кен орны |
| 3 | Өндірілетін жер | -кеніш |
ІV. Сабақты қорытындылау
Ойлан,тап!
1.Құм түйіршіктерінің бірігіп қатуынан пайда болған тау жынысы-құмтас
2.Жер қыртысының терең қойнауында орналасқан қатты,тығыз тау жынысы-гранит.
3.Гранит қазақша қалай аталады?-түйіршікті.
4.Қазақстанның батысында өндірілетін сұйық тау жынысын ата-мұнай.
Кесте құрастыр
V. Үйге тапсырма : Тау жыныстары дегеніміз не ? Пайдалы қазбалардың шартты белгілерін жаттау
Қабылова Гүлсая Сейтмұханқызы
№8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
