Геометриялық денелердің суретін салу.

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосының Ойыл қазақ орта мектебінің «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі: Исмагулова Гүлмира Сериковна. 5 класс

Жымиамыз сәл күліп ,

Біз тілейміз сәттілік. деп біз бүгінгі сабағымызды сергіту сәтінен бастаймыз. Тақтадағы күн бейнесіне қарап қолымызды созып, қолымыздың басына жаттығу жасаймыз, бір-бірімізге қарап жымиып, қолымызды 12345 деп қолымызы шапалақтап , орнымызға отырып сабағымызды бастаймыз.

Сабақтың тақырыбы;

Геометриялық денелердің суретін салу.

Сабақтың мақсаты;

Тәрбиелік;Сурет салу барысында, таза, ұқыпты жұмыс орындауға үйрету.

Білімділік; Есте сақтай отырып, әр затты дұрыс тауып салып бояуда оқушы білімін арттыру.

Дамытушылық; Түрлі денелердің пішіндерін дұрыс айырып сала білу қабілетін дамыту.

Сабақ түрі; Интерактивті тақтамен жұмыс жасау.

Сабақ әдісі; Тақтаны пайдаланып сабақ өткізу, суреттер салғызу.

Пәнаралық байланыс; Информатика, Бейнелеу өнері, Сызу, Геометрия.

Көрнекілігі; Интерактивті тақта, суреттер.

Сабақ барысы; 1 Ұйымдастыру кезеңі.

2Оқушыларды түгендену .

3 Жұмыс орнын ретке келтіру.

4 Үй жұмысын тексеру.

5 Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ Тақтаға қарап түрлі беріліп тұрған денелердің суреттерін айырып, қандай денелерге жататынын айтамыз

Үшбұрыштар

Дөңгелектер

Төртбұрыштар

Жұмыс жасау барысы

Әр қатардан бір оқушыдан шығарып геометриялық денелердің суреттерін салғызу. Келесі бетке көшкенде геометриялық денелерден құралған нотюрморттар берілген және солардың қасында дара денелерде бар , солардан нотюрморт құрастырып салады. орындап болғаннан кейін келесі бетке көшеміз.

Сиқырлы төтбұрыш

Бұл бетте төртбұрыштар берілген, әр төртбұрыш астында сиқырлы сандар жасырылған, сол сандарды әр қатардан бір оқушыдан шығып, луппа арқылы қарайды. Қандай сан көрінсе, сол санды беттен тауып алып шертіп тапсырма жасырылған бетке көшеміз, осылайша қалған екі төтбұрышты да , қарап шығамыз. Беттерге жасырылған денелерді тауып алған қатарлар, солар бойынша суреттер салады. және сол денелерге ұқсас заттардыңда суреттерін салады.

Жалғастырып сал

Бұл бетте басталып салынған сызбалар берілген соларды жалғастырып салу керек. Осылайша бірнеше оқушылар тақта бетіне келіп сурет салады.

Бекіту; 1Сонымен біздер бүгін қандай денелермен таныстық?

2 Оларға ұқсас заттар көп кездеседі ме?

Бағалау; Жақсы салған оқушылардың жұмыстарын жинап алып оқушыларға көрсетіп тұрып бағалау.

Қорытындылау; Түрлі геометриялық денелермен жұмыс жасауда, оқушылардың білімін арттыра отырып, сабақ беру.

Үйге тапсырма; Геометриялық денелерге ұқсас үй заттарынан нотюрморт құрастырып, альбомға салып, бояп келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше