“Генетика және селекция негіздері” “Тұқым қуа лаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықта ры” тарауын қорытындылау
Бисембаева Тоты Тажибаевна
”ҚР білім беру ісінің үздігі”, ”Аға мұғалім”,
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының
биология пәнінің мұғалімі.
Ақтөбе қаласы.
Биология
10-класс. Жаратылыстану-математикалық бағыт
Тақырыбы: “Генетика және селекция негіздері”
“Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі
заңдылықтары” тарауын қорытындылау
1.Сабақтың білімдік мақсаты: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтары мен генетика ғылымының дамуы, тарихы, зерттеу әдістері мен оны зерттеуші ғалымдар туралы білімдерін кеңейту, тұрақтандыру.
2.Дамытушылық мақсаты: Генетика ғылымының негізін қалаушы ғалымдардың еңбегін, алғашқы түсінік берген ғалымдардың еңбегін тереңірек түсіндіру. Генетикалық терминдердің анықтамалары мен таңбаларды меңгеруін тексере отырып ғылыми деректермен білімдерін дамыту.
3.Тәрбиелік мақсаты: Тұқымқуалаушылықтың түрлерін, жолдарын және олардың мәні мен маңызын меңгерулерін тексере отырып тұқымқуалайтын қауіпті аурулар мен зиянды қасиеттерден сақтану жолдарын саналарында тұрақтандырып, туыстық некенің зиянын және жеті атаны білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ауызша баяндау
Көрнекілік: Интерактивті тақта, түсті суреттер, таблицалар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
II.1. Интерактивті тақта арқылы тарауды қорытындылауға арналған бірнеше бөлімдерден тұратын сұрақтар, суреттер, схемалар, таблицалар мен есептер шығаруға тапсырмалар беріледі.
- Генетика қандай ғылым?
- Тұқым қуалаушылық туралы алғаш түсінік айтқан ғалымдар.
- Мендель кім? Неге генетика ғылымының негізін қалаушы деп есептеледі?
- Мендельдің заңдарын ата
- Мендельдің гибридологиялық әдісі
- Буршақты зерттеуге алу себебі, оның ерекше белгілері.
- Тұқымқуалау не арқылы тасымалданады, және оның қандай түрлері бар?
- Генетикалық карта жасаудың мәні және маңызы
- Адам генетикасын зерттеудің қиыншылықтары мен ерекшелігі неде?әдістерін ата
- Туыстық неке тиімсіздігі неде?
- Гендердің өз-ара әрекеттесуінің қандай түрлері бар?
- Будандастырудың түрлерін атап, анықтамаларын айт
2.Лездік сұрақтар: 1. Морганның зерттеуге алған нысаны?
- Басымдылық қасиет көрсетіп бірден жарыққа шығатын белгі
-
Көрінбей жасырынып қалатын белгі?
-
Бір ген екінші генді басып, белгісін жойып жіберуі
-
Доминантты генге басымдылық қасиет көрсететін ген
-
Екі доминантты аллельді гендер біріккен жағдайда пайда болатын құбылыс
-
Жыныстық хромосомада орналасқан гендер арқылы тұқым қуалау
-
Жыныс пен тұқым қуалауды алғаш зерттеп ашқан ғалым
-
Тұқым қуалайтын ауруларды ата
-
Дүниеге келген сәбилердің тұқым қуалайтын аурулармен ауратындар мөлшері
3.Таңбаларды танисың ба? (генетикалық таңбалар):
Р, Г, Х, F1,2, А, а, ♂,♀
АА, аа, Аа, ХХ, ХУ, ХНХҺ, ХҺУ
ААхаа, ААВВ хаавв, ААВВССхааввсс
4.Терминдерге анықтама бер:
- Альтернативті гендер
- Генотип
- Фенотип
- Гамета тазалығы
- Талдай будандастыру
- Морганида, сантиморган
- Ген
- Комплементарлық
- Полимерия
- Көп аллельділік
- Қан топтарының таралуы
- Мулат
- Жыныспен тұқым қуалау
5.Сандар сырын ашайық:
1865, 1900, 1906, 1909, 1910-1915, 1911, 556, 7000, 50 000,
1:2:1 немесе 3:1, 12:4 немесе 3:1
6.“Тарихи таным”(генетика тарихы):
- Г.И.Мендель
- Т.Г.Морган
- У.Бэтсон
- В.Иогансен
- Шығаева
- Н.Б.Ахматуллина
- М.Ә.Айтқожин
- Г.Де Фриз, К.Корренс, Чермак
- Н.С. Бутарин, Ә.Е.Есенжолов, А.Ы.Жандеркин
- М.А.Ермеков, Ә.С. Еламанов, В.А.Бальмонт
7. “Ойтүйін”, (медициналық – гентикалық кеңес)
(жеке оқушылар пікірі)
8.Қорытынды:
9. Оқушылар білімін бағалау:
10.Үйге тапсырма: Генетика ғылымының қазіргі жетістіктері, генетикалық
инженерия, селекция және биотехнология туралы
қосымша мәліметтер (жинау) әкелу.
Өткізген: Бисембаева Тоты Тәжібайқызы
биология пәнінің мұғалімі.
