Ғажайып жайлау

Ғажайып жайлау

Утеуова М.,

Ойыл ауданы, “Жолшы” мектепке дейінгі кәсіпорнының тәрбиешісі

Мақсаты:Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін тереңдету.Төрт түліктің адамға деген пайдасы өте зор екенін түсіндіру және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға үйрету. Төрт түліктің қалай дыбыстанды, олардың төлдерін ажырата білуге үйрету. Көрнекіліктер арқылы балалардың ой-өрісін, тақпақтар, жұмбақтар, ойындар арқылы тілдерін дамыту, жаңа сөздермен таныстыру. Дүниетанымдық көзқарастарын, достық қарым-қатынасқа, табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу, жұмбақтар, тиым сөздер.

Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, жұмсақ ойындар.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырудан қозғаушы қызмет түрі

Ұйымдастыру

ізденушілік

Шаттық шеңбері

Арайлап бүгін атты күн!

Шашып бізге шапағын

Тілейміз біз ақ таңның

Қуанышын, шаттығын

Қайырлы күн, қайырлы күн

Қуанышты күн бүгін

Балалар біз бүгін үй жануарлары төрт түлік туралы әңгімелейміз. Енді сендер көздеріңді жұмыңдар. Көз алдымызға жайлауды елестетейік (үнтаспаны қосу). Балалар не естіп тұрсыңдар? Өте жақсы балалар , бұл ғажайып жайлау екен. Қане суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? Өте жақсы олардың барлығы үй жануарлары, яғни төрт түлік деп атаймыз. Оларды адам бағады, өйткені олардың адамға деген пайдас зор екен.

Балалар мынау не екен?

Жылқы қалай дыбыстайды екен?

Балалар жылқыны адамдар көлік ретінде пайдаланған, сүтін ішеді. Жылқының сүтін қымыз дейді. Етін жейді, ал терісінен тон, етіктер тігеді. Ал сендер білесіңдер межылқының төлін не дейді екен.

Ал енді мынау ненің суреті екен? Ал енді сендер айтыңдарш сиырдың қандай пайдасы бар екен?

Өте жақсы балалар.

Сиырдың төлін не дейді екен?

Балалар барлығыңыздың үйлріңізде сиыр бар екен. Сиыр қалай дыбыстайды екен?

Ал балалар мынау не?

Дұрыс түйе екен. Балалар түйенің сүтін шұбат дейді. Ал жүнінен көрпе тігеді, шұлық тоқиды. Түйенің төлін бота дейді. Не дейді екен?

Түйе бө-бө-бө деп дыбыстайды.

Балалар ал мыналар не екен?

Қой-ешкілер. Олардың төлін не дейді екен?

Олардың қандай пайдасы бар екен?

Олар қалай дыбыстанды екен?

Өте жақсы балалар. Енді бәріміз қосылып “төлімді тап” ойынын ойнаймыз. Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын табыңдар.

Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар (түйе)

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (қой)

Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Адам деуге болмайды

Сақалы тағы бар (ешкі)

“Екі айнасы бар, екі найзасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар” (сиыр)

Ал енді төрт түлік туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Өте жақсы балалар. Енді төрт түлік немен қоректенеді?

Өте жақсы балалар.

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту. Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Екі қолдарын жоғары созады

Екі қолдарын жанға созады

Екі қолдарын алға созады

Екі қолдарын жоғары созадыү

Көздерін ашады

Құстардың сайрағаны, сарқыраған судың дыбысы, сиырдың мөңірегні, қой-ешкінің маңырағаны, жылқының жүгірген дыбысын естіп тұрамыз.

Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе, жасыл шөп, су.

Жылқы

Ио-ио-ио

Құлыншақ

Сиыр

Етін адамдар жейді, сүтін ішеді. Сүттен қаймақ, май, құрт жасайды.

Бұзау

Біздің

Му-му-му

Түйе

Бота

Өте жақсы қошақан.

Етін жейді. Жүннен жемпір, шұлық тоқиды. Мақ-мақ-мақ

Балалар ойынды ойнайды.

Тақпақтар

Бекзада

Ешкі қойды бастаған

Қой артынан тастаған

Ешкі деген жануар

Баста десе бастаған.

Перизат

Маң-маң басқан

Шудаларын шаң басқан

Екі өркешін дөм басқан

Екі аяғын тең басқан

Темірлан

Қоғалы көлді жайлаған

Қоғаның басын шайнаған

Ер қанаты өзің деп

Ел қуанып айдаған.

Жылқы деген жануар.

Мерей

Мүйізі бар жылтылдақ, буыны сыртылдақ

Ала бас жіп естірген

Үй арасын қақтаған

Сиыр деген мал екен

Нұрәлем

Қорасында маңыраған

Қозысымен жамыраған

Қозысынан айырылса

Қоймай ұзақ аңыраған.

Су ішеді, шөп жейді, жем береміз.

Білу керек: Төрт түліктің адамға деген пайдасының зор екенін білді.

Игеру керек: Төрт түліктің төлдерін атауын өте жақсы игерді.

Меңгеру керек: жұмбақ шешуді. Сурет бойынша әңгіме құруды меңгерді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше