Біріккен сөздер.32-37 жаттығулар.
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.32-37 жаттығулар.
77-78 бет
Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер жайында түсінік беру, біріккен сөз жайында білімдерін саралап, жинақтап, әрі қарай тереңдету.
Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, кестелер
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 31-жаттығу
Жан-жақты білімдерін тексеру. «Өз жұлдызыңды таңда» (1-слайд) Жұлдыздар артында жасырынған сұрақтарға жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
«Фигураны тап» ойыны (2-слайд)
Фигураларды тақтаға тізіп жазып шығады.
Үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, кесінді, шаршы (біріккен түбір жайында түсіндіру)
Екі не одан де көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды. Олар бірігіп жазылады: алабота, балқарағай
(3-слайд)
Алабота — біржылдық шөп текті өсімдік. Биіктігі 20—80 см, кезек жапыратқты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне және өзге бір түрі Сібірге көп тараған. Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады.
Балқарағай — қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы бар. Оның биіктігі 30 м-дей, діңінің диаметрі 175 см-ге жетеді. Ине тәрізді жіңішке, жұмсақ қылқан жапырақтарының ұзындығы 3–4 см, ені 1–1,5 мм, қыста түсіп қалады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйекте жемісібүрімен қатар піседі. Дәні сарғыштау, күңгірт жолақты болады. 15–20 жылдан кейін жеміс бере бастайды, 300–500 жыл жасайды. Сібір Балқарағайы тез өсетін, жарық сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге төзімді Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.
Көркем жазу (4-слайд)
Аққу, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш, балмұздақ, егеуқұйрық, жетіқарақшы, шекара
Сөздік жұмысы (5-слайд)
Бұзаубас-басы үлкен, алдыңғы аяқтарымен жер қазатын түсі сары қоңыз
Егеуқұйрық– ауыл шарауашылығына зиянды, тұмсығы сүйір, құйрығы ұзын сұр тышқан
Аққұтан
Үлкен аққұтан – ескекаяқты құстар отрядының құтандар тұқымдасына жататын ірі әрі өте сақ құс.
Қазақстанның оңтүстік аймағында таралған. Жайық бойын, Қамыс — Самар өзендері, Балқаш — Алакөл ойысында жатқан көлдер жағалауларын мекендейді. Түсі ақ, салмағы 1,5 кг, қанатының ұзындығы 40-45 см болады. Қимылы баяу, үн шығармайды. Олар топтасып тіршілік етеді, ұя салар кезінде қамыстың арасында шағын топ немесе жеке-жеке жұп құрады. Мекиені 3-5 ақ, көкшіл тартқан жұмыртқа салады да, оны екеуі кезектесіп басып шығарады. Балапандарын 45 күн ұяда асырайды. Ақ құтан балықпен, көлбақалармен, көкқасқа шегірткемен, инеліктермен, жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, ұсақ кеміргіштермен, кесірткелермен қоректенеді. Аққұтан – жыл құсы. Қазақстанға наурыз айында ұшып келеді де, қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Кейбір Ақ құтандар Қазақстанның оңтүстігіндегі қатпайтын өзендердің бойында қыстап қалады. Бір кезде Ақ құтандар қауырсынына бола көп ауланған. Аққұтан — сирек кездесетін құс.
Ой түйін (сөйлем құрап жаз) 6-слайд
Аққұтан, шекара, көкжиек
Сергіту сәті (7-слайд) «Сенің досың кім?» (Бауыржан, Бекзат, Нұрдәулет, Нұрболат, Нұрбатыр, Айдана, Асылжан, Әсемай, Аманкелді, Рақымжан,Қолғанат) Достар жайында қызықты сәттерді әңгімелеу
Бұл біріккен сөз ( 8-слайд)
Екі түбірден құралғанмен, бір ғана мағынаны білдіреді
Бір ғана сұраққа жауап береді
Ойлан, тап! (9-слайд)
Аңдар: ақбөкен, жолбарыс
Құстар: қараторғай, бұлбұл, аққұтан, аққу
Өсімдіктер: күреңот, жұпаргүл, атқонақ, итмұрын, жолжелкен
Жер-су аттары: Сырдария, Баянауыл, Үшқоңыр, Маржанбұлақ, Суықсу
Оқушыларды бағалау «Өзін-өзі бағалау» парағы бойынша жүргізіледі.
«Өзін-өзі» бағалау парағы
| Оқушының аты-жөні | Өз жұлдызыңды таңда | Көркем жазу | Әңгіме | Ереже | Ойлан, тап! | Ұпай | Бағасы |
Үй жұмысы. 37-жаттығу.
Ережені жаттау.
Күреңот, жұпаргүл, атқонақ, итмұрын, жолжелкен өсімдіктері жайында мәлімет жинақтау
