Біржан сал Қожағұлұлы өмірі мен шығармашылығы

Тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты:

Білімділік: а) ақын өмірі мен шығармашылығынан түсінік беру;

ә) Біржанның өлеңдері және оның мәні туралы білім көзқарастарын бір жүйеге келтіру, жинақтап қорыту.

Дамытушылық: а) тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету;

ә) түсініктерді деректермен, дәйекті сөзбен дәлеледеуге жаттықтыру;

б) өлең талдау дағдыларына, өлең оқу техникасына үйрету.

Тәрбиелік: а) поэзияны сүюге, шешендік сөз өнеріне баулу

ә) ұлттық сана,ұлттық әуен.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, мәнерлеп оқу, талдау,сұрақ-жауап, топтастыру, кесте толтыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, география.

Көрнекілігі: Біржан сал өлеңі жазылған плакат, күйтабақ,ақын портреттері, интерактивті тақта, таратпалы қима қағаздар, А.Құнанбаевтің

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» өлеңінен үзінді

«Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен

жер қойнына кірер денең» жазылған плакат.

ҚР картасы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, түгелдеу
  2. Бөлме тазалығы, оқушылар оқу құралдарының түгелділігін тексеру.

  3. Тыныштық сақтау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Сұрақ-жауап арқылы өтілген тақырыпты пысықтау.

  1. Әнші-ақындар деп кімдерді айтамыз? Олардың басты ерекшеліктері қандай?
  2. Әнші-ақындардың ортақ , ұқсас сипаттары неде?
  3. Әнші-ақындар шығармаларындағы ортақ мәселе.
  4. «Сері» дегеніміз не, қалай түсінесіңдер?
  5. «Сал» дегеніміз не, қалай түсінесіңдер?
  6. Біржан салға басқа да ақын-жазушылар, әншілер берген бағалар.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы өмірі мен шығармашылығы

І. Өмірінен мәлімет беру.

Баяндау.

Қазақ халқының әншілік, ақындық өнерін ХІХ ғасырда биікке көтерген ірі тұлғалардың бірі – Біржан сал Қожағұлұлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау), әйгілі Бурабай көлі бас болған Көкшетаудағы сексен көлдің бірі – Жөкей көлінің маңында дүниеге келген.

Біржанның арғы атасы Бертіс. Бертістен бес ұл тараған: Ақшуақ,Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл,Қожағұл. Олардың ең кенжесі Қожағұлдан Тұрлыбай, Нұралы, Ералы өмірге келеді. Біз сөз еткелі отырған Біржан – Тұрлыбайдың баласы. Жақсы көрген немерелерін бауырына басып алатын әдет бойынша Біржан да әжесі мен атасының тәрбиесін алып, солардың баласы боп өседі. Ақынның «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын…» дейтіні содан. Өз әкесі Тұрлыбайдың дәулеті шамалы кісі болады. Сондықтан дәулетті, әрі ел жұмысына араласқан білікті шешен, беделді атасы Қожағұлдың қолындағы Біржан таршылық көрмей, еркін өседі. Бас еркіндігі өзінде болған бала әр нәрсеге талпынып, әсіресе домбырамен ән салуға, өлең шығаруға ерте әуестенеді. Өз әкесімен онша жұғыса қоймаған. Тіпті бір өлеңінде:

Ұсынсам қолым жетпес туған айға,

Айтсам да арыз жетпес бір құдайға,

Жылына бес жүз теңге тапсамдағы,

Жақпадым өзім әкем Тұрлыбайға – дейді. (Ахмет Жұбанов,

«Замана бұлбұлдары», Алматы, «Дайк Пресс» баспасы, 2001 жыл, 35-бет).

Біржан сал шежіресі

Бертіс

Қожамқұл

Қожағұл

Ақшуақ Айшуақ Жаншуақ

Тұрлыбай Нұралы Ералы

Біржан

Біржан бозбала кезінен-ақ ел аралап, ән салып, сауық-сайран құруды әдетке айналдырады. Тумысынан өлеңге құштар, әнге іңкар, сауыққа құмар өнерпаз бозбала отбасы-ошақ қасы дегендей ауыл шеңберінде шырмалып қала алмайды. Ақындық-әншілік өнерінің арқасында Біржанның аты бүкіл қазаққа мәлім болады.

(ҚР картасы қолданылады)

Өз төңірегіндегі Көкшетау, Ақмола, Қызылжар, Баянауыл, Атбасар, Қарқаралы, дуанына қарасты қазақ ауылдарын кең аралап, сауық-сайран құра жүріп, жәрменкесі, ойын-сауығы, өнер өрісі мол Омбы,Орынбор, Семей елін де, Торғай, Тобыл бойындағы, Ұлытау, Ақтау, бойындағы қалың елді де аралап өзінің алуан түрлі тамаша ән-өлеңдерін айтып таратады.

Біржан әнші-сазгер,әнші-орындаушы ретінде бағаланады.

(Біржан салдың «Ләйлім шырақ» өлеңін тыңдау.)

Біржан – ең әуелі ақын. Ақын деп кімді айтамыз? (Оқушылар жауаптары)

Жұртына сөзі жағып, талантын мойындағанда, еліне өзгелерден артықша еңбегі сіңгенде ғана мұндай құрметті атақты халық береді. Әйтпесе екінің бірі екі ауыз өлең айта алатын сөз баққан заманда «ақын» атану қиынның қиыны болатын. Біржан -сол өлең мен жырды қастерлеген халықтың ішінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шыққандардың бірі.

Біржан мектебінен өрістеп, өнер қанатын жаятын әнші-ақындар: Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері,Балуан Шолақ, Әздембай, Үкілі Ыбырай, Иман Жүсіп, Сабырбай, ШашубайҚошқарбайұлы, (Ағашаяқ) Берікбол т.б.

Шығармашылығы:

Әлеуметтік теңдікті жырлаған өлеңдері: «Жанбота», «Ләйлім шырақ», «Біржан сал», «Адасқақ», «Теміртас», т.б.

Табиғат лирикасы: «Көкшетау»т.б.

Махаббат лирикасы: «Ғашығым», «Ақтентек», «Жамбас сипар», т.б.

Айтыстары: «Біржан мен Сара», «Біржанның Нұрғайша қызбен қағысуы», «Біржанның Шөжемен қағысуы», «Біржанның Тезекбаймен қағысуы», «Біржан,Орынбай,Шөже ақындардың айтқырлықтары», «Бабай мен қасқырдың айтысы», «Біржанның бір қызбен қағысуы»

Қазақтың ұлы композиторы Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды.

ІІ.Кітаппен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқу. 1-оқушы.

Өлеңді сатылай кешенді талдау технологиясымен талдау.

Авторы

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, өлеңнің аты

Адамға зияным жоқ жүрген жанмын. буын

Қасыма мені сендер неге алмайсың, бунақ

Өзім сұңқар, өзім сал, кімге зармын. тармақ

ұйқас түрі

Жасым бар жиырмада, жасырмаймын, теңеу

Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын. өлеңнің мазмұны

Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе,

Сен түгіл, патшаға да бас ұрмаймын.

Сұрақ: сұңқар қандай құс? 1-оқушы (жауап беру)

Сұрақ: ел билеушілер кімдер? 1-оқушы (жауап беру)

Ел билеушілер

Жанбота Азнабай Поштабай

Ел билеушілер Жанбота, Азнабай, Поштабайлар болса, оған ерген тобырдың соңындағы қауымның ауылы қайда барып оңбақ. Біржанды ашындырған осы жай. Сондықтан да ол қазақ зиялыларына, би, болыстарына сын айтады.

Сұрақ. Біржанның қоғамға, ел билеушілерге шенеуніктер шеңберіне берген бағасы қандай?

Өлең құрылысына қарай талдау

1-оқушы.

Бұрынғының биіндей би қалмады,

Бүгінгінің биінде ми қалмады.

Хатым-құран болмаса молдалардан

Өлікке тамнан басқа сый қалмады.

Бұрынғының жақсысы тамам болды,

Ендігінің «жақсысы» жаман болды.

Арғымақтың аяғын арқан шалып,

Есек озып бәйге алған заман болды.

Сұрақ: тамнан сөзі қандай мағынада қолданылып тұр?

Буын бунақ тармақ шумақ ұйқас түрі

11

3

8

2

Қара өлең

Кесте толтыру.

Тақырыбы Өлеңнің аты Шығу тарихы Идеясы
1. Қоғамдық әлеуметтік мәселе 1. «Жанбота»

2. «Балқожаға айтқаны»

Ел билеуші есер Жанбота мен өнерсүйгіш Біржан сал арасындағы қақтығыс Ел басқарушыларының әділетсіздігін, екі жүзділігін ашып көрсету
2. Ақынның жан дүниесі, сезім лирикалары 1. «Ақтентек»

2. «Жайма-шуақ»

ІІІ. Ән тыңдау

Күйтабақтан Жүсіпбек Елебековтің орындауында «Жанбота» әнін тындау

Біржан сал лирикаларында жыршы-жыраулардың әсері қандай?

Төмендегі өлеңді салыстырыңдар.

1-оқушы

Жиембет жырау:

Қол-аяғым бұғауда, а

Тарылды байтақ //кең жерім! б

Арманда болып //барамын, в Ерікті ұйқас

Қоштасуға аял жоқ, г

Қалқаман, //Шолан ерлерім! б

Біржан сал:

Ал, дүние, //өтеріңді //біліп едім,

Білдірмей //серілікпен // жүріп едім.

Бұл күнде //бір тоқтыдан //құным төмен

Үш жүзді //сайран қылған// Біржан едім.

1-оқушы

Шал ақын:

Кәрілік //қартайғанда //бастан келер,

Ағарып, //басындағы //шаштан келер.

Жасында //қандай көркем// болсандағы,

Қыржиған //қабақ, маңдай,// қастан келер.

Біржан сал:

Берген соң //тәңірім өмір,//ақ бас болдық,

Келін мен //балаға да//жақпас болдық.

Көрген соң //көзі құрғыр//шыдай алмай,

Таппайтын //адам ебін //«қақбас» болдық.

  • Өлеңдегі көркем сөз ұйқасына, айтылу, естілу ырғағына назар аударыңдар.
  • Екі заман өкілдерінің өлеңдеріндегі үндестікті, ортақтастықты немен түсіндіруге болады?

.Сұрақ –жауап.

Таратпалы қима қағаздар беру.

  1. Біржан сал ән-өлеңдерін қай жерлерде таратады?
  2. Біржан мектебінен өрістеп, өнер қанатын жайған кімдерді білесіңдер?
  3. Бұл кезде қазақ даласында, елдің әлеуметтік өмірінде нендей өзгеріс, жаңалықтар болып еді?
  4. Біржандай қазіргі таңда бірнеше өнерді өз бойына тоғыстырған қандай ақындарды білесіз?
  5. Біржан салдың өзіне дейінгі ақындардың өзгешелігі неде?
  6. Біржаннның қай өлеңдерінде кіршіксіз махаббат пен әйел сұлулығы суреттеледі?
  7. Біржан сал өлеңдеріндегі қоғамдық-әлеуметтік мәселелер нені аңғартады?
  8. Біржан әнші-ақын, айтыс ақыны екенін қалай дәлелдейсің?

(1 оқушы домбырамен ән немесе күй орындайды.)

  1. Біржанның арғы ата-бабалары кімдер?
  2. Қожағұл кім болған?

ІV.Қорытындылау:

1.Біржан салға берген басқа да ақын жазушы, әншілердін бағаларын оқыту.

Біржанның асқақ әншілігін, дарқан ақындығын ең алғаш терең түсініп суреттеген қазақ әдебиетінің негізін салушы, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин:

Өзім оқимын:

Ән салса арыстандай ақыратын,

Әуені қалтыратып жапыратын,

Саңқылдап даусы кетіп алты белге

Көркем ән маңдағы елді шақыратын.

Қазақта кім білмейді Біржан салды,

Ағызған қызыл тілден шекер-балды.

Сан ақын жарысқанда талай тойда,

Үздік боп бәйгені ақын Біржан алды…

3.Топтастыру

Бүгінгі тақырыптағы Біржан кім? Қандай өнерлердің иесі?

домбырашы

ақын

әртіс

сазгер

әнші сал

V.Үйге тапсырма:

1. Әлеуметтік теңдікті жырлаған өлеңдері 2. Ақынның лирикалары: 3Айтыстары: 4. «Біржан –Сара» айтысында көтерілген мәселелер 5. Біржан салдың әдебиетке қосқан үлесі

Қосымша: «Біржан мен Сара» айтысын оқып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше