БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУД ІҢ ТИІМДІЛІГІ
Жалпы білім беретін №6 орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ихуанова Гүлзада Зинеденқызы
БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
“Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының” басты мәнділігі – ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында “Қазақстан-2030” бағдарламасында көрсетілген “Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр.
Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек,заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу-әр ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек.Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттігі туындайды. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру- басты мәселенің бірі.Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Мұғалімнің басты мақсаты-қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық компонеттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып табылады.
Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, алдындағы шәкірттің білімін бағалауы, оқу барысында шешуші роль атқарады. Бүгінгі білім беру технологиясында кеңінен қолданылып жүрген
В. Зенковтың «Дамыта оқыту», Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту», сыни тұрғысынан ойлау. Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді ойлау», М. Жанпейісованың «Интерективтік-модульдік оқыту» технологияларын біздің мектеп мұғалімдері өз сабақтарында кеңінен қолданып келеді. Оқушыларымыз дүниенің кез келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға қабілетті, жаңа технологияларды және тіл меңгеру қабілеті жоғары, белсенділікке қабілетті болуға тиіс. Оқу процесінде компьютерлік технологияны қолдану ойды кеңейтуді іске асырып жаңа әдістің пайда болуына, оны ұйымдастыру түріне әкеледі. Компьютерлік оқыту бағдарламалары интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану адамның қабілетін кеңейтуге жол ашады. Жаңа технологиялардың өріс алуына орай оқыту үрдісінде «Интерактивті әдістер», «интерактивті оқыту» терминдерімен жиі кездесеміз. Интерактивті әдістер-оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер, ол интерактивті оқытуды өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқыту деп түсінсе де болады.
Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда
Қазақ мектебінің басты мақсаты-жас ұрпақтың терең білім алып,ой-өрісін өсіріп,шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, сөйтіп әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру, бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.Оқушының ойлау қабілетін артыру, сол қабілетін белсенді ету – басты мақсатым.Ол жүйе мына төмендегідей:
-
Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
-
Ғылыми әдебиеттердің оқуға баулу.
-
Жарыстар, сайыстар, әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.
-
Мұғалімнің айшықты, өмірден алынған дәйектерді сабақта қолдану.
