Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы

Атырау қаласы. Жалпы білім беретін № 6 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ихуанова Гулзада Зинеденқызы

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы

Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы- Мен жастарға сенемін» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық бәсеке заманын талап етіп отыр. Жүректерінде жалыны, бойларынан күштері бар жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға шошып қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Пентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басып келеді. Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.

Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында екені даусыз. Сондықтан, ата-бабамыз «Бұлақ көрсең көзiн аш» деп, тегін айтпаса керек.Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған.Қазіргі жаһандану заманында Қазақстан Республикасы – жастардың бiлiм мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. Осы тұста Елбасының мына бір сөзін айта кетудің орны ерекше: «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа». «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» деген өсиетпен басталған пікірсайыс ел Президенті «Бұл заман-білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деп айтуы тегін емес.

Президенттің сәуірде өткен Қазақстан халқы ассамблеясының отырысында қойған «жастардың рөлін арттыру» туралы тапсырмасы аясында 2020 жылға дейінгі «Жастар саясаты тұжырымдамасы» бекітілетіндігі бәрімізге мәлім. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік жастар саясатын реттейтін, қазіргі заман талабына жауап беретін жаңа заңнама қажеттігін атап көрсеткен болатын. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға ілгерілетіп қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана мемлекетті дамытуға үлес қоса алады. Отансүйгіш, патриот мемлекет жастары болмаған елдiң болашағы бұлынғыр.Бүгінгі жастар – мемлекетіміздің ертеңін ойлайтын, ел тұтқасын ұстар азаматтар. Бұл ұлы сөзді Елбасы ешқашан естен шығарған емес. Мемлекет басшысы жастар үшін қазіргі таңда жан-жақты жағдай жасап, үлкен мүмкіндіктер туғызып отыр. Ең алдымен бұл деген жастарымызды пайдалы еңбекпен қамту, ел ертеңі үшін маңызды істерге жетелеу. Міне, мұндай бағыттарға Президентіміз «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласындағы тапсырмалар арқылы қол жеткізе аламыз. Елбасының бұл бағдарламалық мақаласы Қазақстандық жастарға әл-ауқатқа өмірдің жаңа сапасына қол жеткізуін қаматамасыз ете алатын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын танымал етуге және ілгерілетуге ықпал етеді. Мұндағы айтылған кең ауқымды жаңғыртуды жүзеге асыру үшін жастардың әлеуметтендірілуі, оны инновациялық экономиканы тұрғызу және нығайтуға, демократияны дамытуға тарту өте маңызды. Өйткені әлем дағдарысты бастан кешуде. Тиісінше, қоғамда өте көп қиыншылықтар туындауда. Біздің мемлекеттің міндеті – еңбек бірінші орынға қойылатын қоғамға келу.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының – өткенді саралай отырып, Қазақстан жастары үшін, алдағы уақытта атқаратын міндеттерді белгілеп берді. Сондай-ақ, ел дамуының жаңа кезеңі мен тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына бет бұрған тұста қоғамдағы ең ірі әлеуметтік топ – жастарға деген Президенттің сенімі мен қамқорлығы олардың білім мен ғылымға деген құштарлығын одан әрі күшейтті. Осы тұста Мемлекет басшысының Жолдауынан мынадай ұлағатты сөздерін айтуға болады: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым».

Елбасының бұл сөздері білім беру саласының әрбір қызметкеріне жол көрсетуші болып табылатыны анық. Біздің жұмысымыздың басты нәтижесі – жас түлекті тәрбиелеп, білімді, сапалы, саналы азамат ретінде қалыптастыру болып табылмақ.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше