Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсын ұлы.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы

Қарлау бастауыш мектебі

Бастауыш класс мұғалімі,4класс жетекшісі.

Тақырыбы: Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы.

Мақсаты: Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, Мысалжанры туралы түсінік беру; оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : сайыс сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білім игеру.

Көрнекілігі:1. А. Байтұрсынұлы мен И.А.Крылов портреті 2.Мысал бойынша салынған сурет.

Әдісі: аквариум әдісі(топтық жұмыс), түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Сабағымыз басталды, балалар.

Бәрін ұғып алыңдар,

Әр сөзге зер салыңдар.

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру: – Бүгінгі сабақтың айдары: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» Бұл мақалды қалай түсінесіңдер? Сендер де жұмыла, бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер.

Балалар,бүгін біз сабақта қазақтың ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.Ол үшін алдымен мына кестеге назар аударыңыздар;

Білемін Білдім Білгім келеді

Осы кестенің 1-бағанасын толтыру жұмысы.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:

Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Балалар топқа бөлінеді. Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.

Алдын ала әр топқа әр түлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып түсіндіру қажет. А. Байтұрсынұлының өмірі. А. Байтұрсынұлының мысалдары. А. Байтұрсынұлының өлеңдері тақырыптарында оқушылар өз дайындықтарын ортаға салады.Айтқан мәліметтері бойынша оқушыларға жетон беріледі.Оқушылар айтып болған соң өзім толықтырамын. Қысқаша деректер.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушы, ірі ғалым-лингвист, ақын, аудармашы, оқулық авторы. Туған жері – қазіргі Қостанай облысының.Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А. Байтұрсынұлы алғашқы «Әліпби» оқулығын жазған. Оның «Қырық мысал», «Маса» деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған оған «халық жауы» деген жала жауып, жазықсыз құрбан болды.

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым,

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып,қоңырайма,құрбыларым

А. Байтұрсынұлы Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген кітап етіп шығарады. Соның бірі – бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.

( Мұғалімнің мысалды мәнерлеп оқуы, балалардың түсінігін тексеру, нақтылау)

  • Балалар, олар қайда өмір сүреді?
  • Олар не істемек болды?
  • Олардың жүктері неге қозғалмады?
  • Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?

Мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.

1 – тапсырма. Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.

  • А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған?
  • Мысал бізді неге шақырады?

Мысалдың тәрбиелік мәні – балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.

Қорытынды: Мысалда негізгі ой шығарманың басында немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.

2 – тапсырма. Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу. Мысалы:

  1. Бірлік болмай, тірлік болмас.

Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.

3 – тапсырма. – Яғни, ақын бізді осы мысалы арқылы жақсылыққа тәрбиелейді. Сендер де ғалым аталарыңа еліктеп, бірлесе көп жұмыстар атқардыңдар. Еліміздің ертеңі – сендерсіңдер. Ендеше Қазақстанның азаматы қандай болу керек деп ойлайсыңдар?/әр топ өз ойларын жазады/

4-тапсырма;Өлеңнің тақырыптық – идеялық мазмұнын ашу үшін топтар семантикалық картаны толтырады.

Тақырыбы авторы Жанры Аллегориялық образдар Түйінді ой Тәрбиелік мәні, идеясы
«Аққу, шортан, һәм шаян» А.Байтұр-сыновтың

Крыловтан аудармасы

Мысал Аққу, шортан һәм шаян Істеген ынтымақсыз ісің оңбас Татулыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелейді

Қорытынды. Жалпы топтардың жинаған жетондарымен ,жекелеген оқушылардың белсенділігін атай отырып бірлік, ынтымақшыл, тату топтарын атау.Бағалау.

Үйге тапсырма;Мазмұндау,мысалға қатысты мақал-мәтел жазып келу.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы

Қарлау бастауыш мектебі

Бастауыш класс мұғалімі,4класс жетекшісі.

Тақырыбы: Бала Тұрар. Шерхан Мұртаза.

Мақсаты: Оқушыларға Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар» атты әңгімесі бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; Отан сүйгіш, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Пән аралық байланыс;тарих

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлікті тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Сұрақ-жауап әдісі.

  1. . Сайыс қай қалада өтеді?
  2. Жапон палуаны Сар-Кек Ки қандай шарт қойды?
  3. Жиб-Жица күресінің тіртібі қандай екен?
  4. Қажымұқан бұл күрестен жеңді ме?
  5. Дядя Иван мектебінен қалыптасып шыққан сұлу әдемі жігіттің келбетіне қандай таңбалар түсті деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қажымұқан сияқты тағы қандай палуандарды білесің? Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?Бүгінгі күн осындай күрес түрі палуандарын білемісің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. 2 – 3 класта Шерхан Мұртазаның қандай әңгімесін оқыдық? Онда не жайлы оқыдық?

Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе.

Шерхан Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалыауданы Талаптыауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттікуниверситетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “ЕгеменҚазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президентіжанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекетсыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Шерхан Мұртаза “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы

1. Тұрар Рысқұлов жайлы не білесің? Оқушылар білімін толықтыру.

1.Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді.

  1. Репрессия деген не? (Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шарасы.)

3. 1937 – 1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22 мыңы атылды.

4. Тұрар Рысқұлов – мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілістің басшысы болған. Белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» романынан келтірілген үзіндінің жалғасын оқу арқылы Тұрардың жарқын бейнесімен танысуды жалғастырамыз.

  1. Романның үзіндісін түсініп, жалғастырып оқу.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Үзіндіде картадан қандай елдерді көрдіңдер? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида,Россия ).

Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе?

«Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?

Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың? Әңгеме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады?

Бұл сөздің астарынан не түсіндің?

ҮІІ. Қорыту.

Әңгімедегіелдердің, көлдердің аттарын дәптеріне жаздыру.

Мәтіннен Тұрардың көңілі жүдеп, мұңайып қалған жерін тауып оқы.

Оның себебін түсіндір.

Бағалау; Сабақ барысындағы белсенділіктеріне қарай бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу.2.Тақырыптық жеке ізденіс.

Оқушының танымдық қызығушылығын дамытудағы мұғалімнің міндеті

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы

Қарлау бастауыш мектебі

Бастауыш класс мұғалімі,4класс жетекшісі.

Бүгінгі күн оқушылардың оқу танымдық жан – қуаттарының аянуына ықпал етіп ізденісін, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқу үрдісі оқушылардың оқу – танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу – танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалану, білуі болып табылады. Оқу – танымдық іс – әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Оқу – танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта – ықыласының құштарлығының ерекше көрінісі. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл – ой қабілеттерінің мынандай элементтерді дамиды:

Зеректік,

Зейінділік,

Байқағыштық,

Ойлау және сөйлеу.

Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып кез келегн проблеманы шешуге үйренеді. Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан:

  • Оқу мақсаттарының қойылуы
  • Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы
  • Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу тұрады.

Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсене жұмыс іситеп қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілетті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса,әр оқушының оқуға деген қызушылығы артады. Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбайтын кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиында жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Бастауыш класс оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжіребиесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім білік дағдыны қабылдайды.

Екіншіден, кез – келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі дағдыны қалыптастырған белгілі бір ережені, меңгеретін жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысана болады. Бастауыш сынып оқушыларының ой – өрісін дамытуда ойын әрекетінің маңызы зор. Ойын – балалардың негізгі іс – әрекеті болып табылады. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады. Сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой – өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Баланың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған, әрі бірнеше ғалымдарпікіріне үндесіп отырады. Сондықтан, қандайда бір пән борлмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, нақтыланған әрі бірнеше шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлеріне сәкестігі мынандай:

  1. Берілген білім мен мазмұнымен оқушының жас ерекшелік ақыл –ой даму деңгейінің сәйкестігі.
  2. Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы.
  3. Оқу әрекеті мотивінің, міндет, мақсатының айқындылығы.
  4. Мұғалімнің кәсіби және мәдени құзырлығының жоғары деңгейлігі.
  5. Оқушылардың мінез – құлық, қабілет ерекшелігінің ескерілуі.
  6. Оқушылардың өз бетінше және шығармашылық жұмысының тиімді ұйымдастырылуы.
  7. Оқутыдың көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.
  8. Проблемалық ситуация тудыра оқыту тиімділігі.
  9. Ерік – жігері, жауапкершілік, борыштық сезімін тәрбиелеу.

Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әртүрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Мектептегі ең тараған оқыту әдіс – мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс оқу процесінде жетекші рөл атқарады, барлық пәндерді оқытуда және сабақтың түрлі кезеңдеріне әсіресе жаңа материалды түсіндіруде кеңінен орын алады. Мұғалім өзінің сөзін көрнекі бейнелермен байланыстырады. Мұғалімнің ауызша баяндауы, сұрақтарын анық және түсінікті етіп қою, проблемалық ситуация тудыратындай етіпқоюы, баяндалатын материалдық ең маңызды жерлерін айырып беруі, хабарлаудың жүйелі және дәлелді болуы керек. Мұғалімнің сөзі әсерлі, сенімді, тартымды, сонымен қатар дауыс ырғағымен мимикасы мәнерлі және бай болғаны жөн.

Жас бала не нәрсеге болса да құмар қызыққыш қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақтан бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру қажет.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, «Қызыл Жебе» кітабын тауып оқу.

33. Тақырыбы: Құрманғазы. Сәуірбек Бақбергенов.

Мақсаты: Оқушыларға Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» атты әңгімесі бойынша қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; Отан сүйгіш, елін қорғайтын, өнерін сыйлайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

  • Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
  • Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Үзіндіде мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида,Россия ). Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе? «Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды? Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың? Әңгеме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады? Бұл сөздің астарынан не түсіндің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Тұрардың көңілі неге жүдеп, мұңайып қалды? Осы әңгімені оқығанда өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы не білесің? Ол кім?

Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың ұлы күйші-композиторы. Құрманғазы Сағырбайұлының өмір сүрген уақыты мейлінше қиын кезең еді. Оған «патшаға қарсы халықты үгіттеді» деген кінә тағылып, екі рет тұтқындап, түрмеге жапқан. Күйшінің қатал тағдырдың талқысына түскен бір сәті жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» деп аталатын әңгімесінде баяндалады. 2. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Түсінгенін әңгімелеу. 3. Сөздік жұмыс. Суыт – асығыс. Кілтипандарын – құпиясын. Жігері құм болды – дәрменсіз күйге түсті. Құқайбұл жерде: қиындық. Шылау – жүгеннің шаужайы, шылбыры.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты? Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің? Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады? Бұл күйді қай кезде шығарған? Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың? 2. Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы. Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы. Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?

ҮІІ. Қорыту. 1. Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтінішін дәптеріңежазып ал.

( – Түрмеде жатып домбыра тартқан не сәнім, оның үстіне ең болмаса домбырама арам қолдары тимесін, алып қал, Кенже, домбыраны! – деді Құрманғазы, – Динаға бер, Динаға! Дина тартсын мен келгенше …)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу 2. Құрманғазы күйлерінің атын дәптеріңе толықтырып жаз. 3. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше