(тәрбие сағаты)

Бекберова Күләш Джумаділдақызы

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия

Атырау қаласы

Тәуелсіз елдің ұланымыз

(тәрбие сағаты)

Мақсаты:

Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары, тәуелсіз елдің болашағы екендігін ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға тәрбиелеу. “Жас қыран” ұйымының қатарына сынып оқушыларын қабылдау.

Көрнекілігі: “Тәуелсіз елдің ұланымыз” стенд, жалаушалар, төс белгі.

Жүру барысы:

1 Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

2 Жүргізуші: Бүгін біз сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1 Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Гимн

1 – оқушы: Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерген

Ертеңімін Егеменді елімнің.

2 – оқушы: Менің елім – Қазақстан Отаным!

Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел

Арта берсің, абыройың, атағың.

Ән “Күн сәулелі Қазақстан”.

3 – оқушы: Қазақ жері, қазақ елі дархан қазақ халық қой

Бүгін, міне, елімізде болып жатыр алып той

Жайнай берсін елім менің Қазақстан бай далам

Татулық пен бейбітшілік орын алған сай, далам.

4- оқушы: Бүгінгі еліміздің ұланымыз

Арайлы болашақтың ұл-қызымыз

Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

Қанатты жарқыраған жұлдызымыз.

5 – оқушы: Міне, осындай егеменді еліміз.

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

6 – оқушы: Көп білуге ұмтыламыз

Өнер, білім, ғылымға

Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға.

“Қазақ биі”.

7 – оқушы: Асыр салған таласып

Біз туған ел баласы

Қандай байтақ Отаным,

Жан-жағыңа қарашы.

8 – оқушы: Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы, тау, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

9 – оқушы: Міне, осындай, егеменді еліміз

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Ән “Бақытты балалық шақ”.

1 Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылдың 6 шілдесінде жастар ұйымдары көшбасшыларынан бастамшыл топ біріңғай «Жас қыран» балалар ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігі құрылды.

2 Жүргізуші: Қазақстан – қазақ елі күннен-күнге өркендеп гүлденуде. Біз осындай елде туып, білім алып жатқанымызға бақыттымыз!

1 Жүргізуші: Бүгінгі күні гимназия ұстаздары, оқушылар, ата-аналар ұлы мереке қарсаңында Республикалық «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.

2 Жүргізуші: «Жас қыран» ұйымының негізгі мақсаты – қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.

1 Жүргізуші: Республикалық «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданушылар ортамызда.

2 Жүргізуші: Енді ант беру рәсіміне кезек берейік.

Жас қырандарға төс белгі тағу рәсімі гимназия ұстаздары мен 11-нші сынып оқушыларына тапсырылады.

Біз:

«Жас қыран»

Біздің ұранымыз:

Парызымыз адалдық

Біз «Жас қыран»адалдықтан жаралдық.

1 Жүргізуші: Жас қырандарды құттықтау әнімен ортада Саленова Шаһадат.

1 Жүргізуші: Жас қырандарды құттықтау үшін сөз гимназия директоры, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің және Құрмет орденінің иегері С Ғ.Алибаеваға беріледі.

1 Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін тәніңді де, қаныңды да, жаныңды да аяма.

2 Жүргізуші: Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола түссін.

1 Жүргізуші: Еліміздің белгісі – көк туымыз әрқашан желбірей берсін.

2 Жүргізуші: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын. Жаса, Қазақстан!

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік шара аяқталды.

Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше